Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2013 жылғы 5–7 желтоқсанда Рига қаласында «Экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы „жасыл“ экономикаға көшу» тақырыбына Green Bridge Forum Riga 2013 ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

Форум  Латвия мен Қазақстанның  «жасыл» экономика,  энергия тиімді технологияларды енгізу, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған орта инфрақұрылымын жасау мен басқа бағыттар саласындағы ынтымақтасу  жолдарын талқылау мақсатында  өткізіледі.

Латвияның тарапынан  форумға Латвия Республикасының  Қоршаған ортаны қорғау  және өңірлік даму министрлігінің мемлекеттік хатшысы А. Антонов, Рига Думасының атқарушы директоры  Ю. Радзевич,  халықаралық, ғылыми, білім, бизнес ортасының өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Т.А. Ахсамбиев басқарады. Делегация құрамында форум жұмысына  Қазақстан Республикасының  Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.А. Мұхамеджанов, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина, Астана қ. әкімдігінің, бизнес компания мен ҮЕҰ  өкілдері қатысады.

 
0
0
262

Осы тақырып бойынша

2013 жылғы 5–7 желтоқсанда Рига қаласында «Экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы „жасыл“ экономикаға көшу» тақырыбына Green Bridge Forum Riga 2013 ғылыми-практикалық конференциясы өтеді - Yvision.kz