Астанада жаңартылатын энергетика жөніндегі инвестициялық форум өтті
2013 жылдың 4 желтоқсанында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) Ernst&Young және компанияларымен, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығымен, даниялық Vestas компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инвестициялық форум жұмысына қатысты. Форум жаңартылатын энергия көздерін мемлекет тарапынан қолдау механизмдерінің негізгі элементтерін, жаңартылатын энергетика жобаларын қаржыландыру, сондай-ақ, осы жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру бойынша бірқатар практикалық мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында өткізілді.
Өз сөзінде Н. Қаппаров жаңартылатын энергия көздерін дамыту себептерін, ауқымын, жоспарларын, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын тілге тиек етті.

