Прокуратура қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты
Бүгін прокуратура күніне орай Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті.

Бүгін прокуратура күніне орай Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті.

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде тұңғыш «Лапароскопиялық герниологиядағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Осы іс-шара аясында әскери оташылар Қазақстанның эндоскопиялық оташыларымен бірлесіп, онлайн режимінде көк еттің зақымдануын алып тастау бойынша күрделі операциялар жасады. Еліміздің жетекші оташылары көк ет жарақаттарының әр түрін лапараскопиялық түзету және іш құрылысына герниопластика жасау жөнінде мастер-класс өткізді. - Біз осындай күрделі операцияларды біздің әскери госпиталь да жасап келе жатқанын мақтан етеміз. Бүгінгі таңда әскери хирургия өте жоғары деңгейде, жоғары мамандандырылған операциялар жасалуда. Әскери медицина мұндай ауру түрлерін емдеуде әлемдік стандарттардан қалыспайды, - деп ҚР Қорғаныс ми…
2013 жылдың 30 қарашасында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қорғау шараларын өткізу барысында мекеменің инспекторлары Каспий теңізі жағалайында заңсыз балық аулау фактісін тіркеді.
Ерекше қорғалатын аумақта қара балықты заңсыз аулаумен айналысқаны үшін облыстағы өндірістік кооперативтерінің бірінің 2 балықшысы ұсталды.
Олардан 529 кг қара балық, 2 дана ау, ілмелі моторы бар теңіз қайығы тәркіленді.
Жинақталған материалдар тиісті шара қолдану үшін Атырау облыстық ІІБ жолданды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Латвия Республикасы «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын қолдау жөніндегі Хартияға қосылды. Құжатқа Рига қаласында жұмысын 5 желтоқсанда бастаған «Экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы «жасыл» экономикаға көшу» атты қазақстандық-латвиялық ынтымақтастық жөніндегі практикалық конференциясының бірінші күнінің қорытындылары бойынша қол қойылды.
Бүгін жалғастырылып, жұмысын 7 желтоқсанда аяқтайтын бұл шараның ұйымдастырылу мақсаты – «жасыл» экономика және бизнесті ілгерілету саласында екі елдің ұйымдары мен компанияларының ынтымақтастығы аясын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру.
Оралда ҚР ішкі әскері 5517 әскері бөлімінің жасағы әйелді зорламақ болған мас ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі бөлім басшылығына сілтеме жасап. 5517 әскері бөлімінен хабарлағандай, әйел адамға жәбір көрсету оқиғасы Циолковский көшесінің бойында орналасқан №9 мектеп маңында кешкітұрым уақытта орын алған. Патруль басшысы Нұрбек Нұрбаевтың басқаруымен құрамында қатардағы Дінислам Тілеп пен Елшібек Сатыбалды бар әскери жасақ әдеттегі бағытпен қызметтерін атқаруға кіріскен. «Күзету мерзімі аяқталуға бірер сәт қалған уақытта сағат 22.45 шамасында сарбаздар көмекке шақырған әйелдің даусын естіген. Жасақ әйелді зорламақ болған мас жігітті аңғарады. Заңбұзушы дер кезінде тұтқындалды. Ол істің мән-жайын анықтау үшін Орал қаласы ІІБ-ге жеткізілді», - деп мәлім етті 5517 ә/б майо…
Қазақстанның Сочи олимпиадасына қатысатын құрама командасын спорттың 8 түрінен 17 шетелдік маман дайындайды.Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті. «Спорттың 8 түрі бойынша ұлттық құрама команданы дайындау үшін келісімшарт негізінде 17 жетекші шетелдік маман тартылды. Олардың қатарында біліктілігі жоғары шаңғы майлаушылар мен спорттық медицина саласындағы мамандар бар»,-деді Т. Есентаев. Оның атап өтуінше, олимпиадалық циклге дайындық барысында 2012-2013 жылдардағы спорттық маусымға дайындықтың қорытынды кезеңіне ерекше назар аударылуда. Оның нәтижесі команданың олимпиада ойындарына дайындығында басты критерий болып саналады. «Бұл тұрғыда Ұлттық құрама команда 193 оқу-жаттығу жиындарына және 175 халықаралы…
Талай спортшының сан жылдардағы еңбегінің өтеуі, төккен терінің қайтарымы болар сәт ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да 2 айдан сәл астам уақыт қалды. Ресейдің Сочи қаласында өтетін бұл дүбірлі додаға әлемнің 80-нен астам елінің 5 мың спортшысы қатысып, спорттың 15 түрінен 98 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы десек, ал осы байрақты бәсекенің жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы, мемлекеттің саяси һәм экономикалық жағынан қуатты екендігінің әрі қарқынды дамуының белгісі екендігі сөзсіз. Қазақ елі де осы қысқы ойындарда өзінің қауқарлы ел екендігін әлем жұртшылығына паш ету үшін бар күш-жүгерін жұмсайтындығы анық. Жалпы, бұл Олимпиада ойындары Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бергі 6-шы байра…
Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігінің жеребе тарту рәсіміне қатысудан бас тартты. Ол өзінің «қолы ауыр болғандықтан» Бразилия құрамасына қиын қарсыластарды суырып беремін деп қорқатын көрінеді. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазады. Пелені ел атынан жеребе тарту салтанатына қатысу жөнінде Бразилия президенті Дилма Руссефф ханымның өзі сұраған екен. Футбол королі бұған дейін өткен бірнеше әлем чемпионаттарының жеребе тарту рәсімдеріне қатысқан. Бұл жолы ол тек рәсімнің салтанатты бөлігіне қатысады. Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсан күні Астана уақытымен 22.00-де басталады. Оның барысында Мундиальға қатысушы 32 мемлекет төрт-төрттен 8 топқа бөлінеді. Бірінші себетке Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай, Испания, Германи…
34 жастағы австралиялық Алекс Леапаи Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) титулы үшін ауыр салмақтағы міндетті үміткер атанды, деп хабарлады WBO ресми сайтына сілтеме жасай отырып УНН.
Өзінің осыған дейінгі 23 қарашада Германияда өткен кездесуінде ол жетінші раундта ауыр салмақтағы 27 жасар Ресей боксшысы Денис Бойцовқа бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татырған болатын.
Украиндық Владимир Кличко мен австралиялық Алекс Леапаи арасындағы кездесуді өткізу орны мен мерзімі бір айдың ішінде анықталатын болады.
Ойынның бірінші кезеңінде Константин Романов жеке өзі қарсыластар қорғанысын бұзып, матчтың жалғыз шайбасын салды. Одан кейінгі екі кезеңде «Нефтехимикте» таразы басын теңестіріп кетуге тамаша мүмкіндіктер болды. Алайда «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен барлық соққыларды шебер тойтара білді. Қорытынды есеп — 0:1.
Осы ойыннан кейін «Барыс» 70 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілсе, өз тобында, яғни Шығыс конференциясында «Ақ барсты» артқа тастап, бірінші орынға шықты.