«Сендерде қалыңмал қанша?» немесе оңтүстіктің тойлары туралы аңыз
Жол үстінде немесе кез-келген уақыт өтпейтін басқа жерде кездесіп қалған таныс емес адамдардың әңгімесі бір: "сендерде шалбарды не дейді?", "әпше деген кім?", "қоңыраттың қыздары жақсы/жаман", тағысын тағы. Осылармен қатар, талай купе мен вагонның қабырғасын дірілдеткен қахарлы тақырып - оңтүстіктегі үйлену үрдісі. Өзге өңірді адамдары таңқалған көздерін жыпылықтатып қойып, қалыңмал бар ма, алып қашу деген қалай, келін таңғы 6-да тұра ма деп тергеп сұрай бастайды. Ал батылдары тіпті өзі көзімен көріп, қолымен қойғандай етіп, жаңа түскен келіннің ерте тұрып, есіктің алдын сыпырып жүргенін, күн сайын атасы мен күйеуінің аяғын жуатынын немесе танымайтын қызды ақсақ жігіттің басып алып қашып кеткенін сипаттап отырады. Әңгіме негізінен ОҚО тұрғындары жайлы болғанымен, Қызылорда облысының өкілі…