Ұлттық құраманың XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы
Сочиде өтетін қысқы олимпиадаға дейін уақыт күн санап азаю үстінде. Жанкүйерлер спорт шайқасын зер салып бақылауға дайындалса, спортшылар соңғы жаттығуларды өткізіп жарыстардың басталуын күтуде. Көптеген елдерде олимпиада ойындарына құрамаларды дайындау мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатыр. Соңғы кезде ірі халықаралық сайыстарға шығу және жеңістерге қол жеткізу елдің беделін, оның экономикалық және әлеуметтік қолайлығын көрсететін өзінше бір индикаторға айналғандай. Мемлекеттің спортқа және спортшылардың табысына көңіл бөлуі елдің өмір сүру деңгейі мен дамуының көрінісі сияқты. Өз уақытында, Кеңес Одағы өз командасының спорттағы жетістіктерін социалистік жүйенің артықшылығын дәріптейтін эталон ретінде таңдап алған болатын. Одан бері көп жыл өтті, Кеңес Одағы ыдырап кетті, ал социалистік…