«Дәретханаға жедел жәрдеммен барғыңыз келе ме?» немесе Алматы аудандық сотындағы жайт
"Сізге сотқа шақыру келді" деген телефон қоңырауы басында қорқынышты естілгенімен, өзімнің жәбірленуші ретінде баратыным еске түсіп, кеше ұйқыға ертерек жаттым. Үш жарым ай бұрын тоналған офисімнің тағдыры бүгін шешілгелі тұр, оның үстіне жоғалған бағалы заттарымды қайтарып алуға үмітім де бар. Әдеттегіден ертерек тұрып, қанша дегенмен заң үйіне баратынымды ескеріп, 9-ға он минут қалғанда Жеңіс даңғылындағы Алматы ауданының №2 аудандық сотының алдына келіп жеттім. Кеше телефонда мені шақырған хатшы уақыт пен сот үйінің нөмірінен басқа ештеме айтпай, барлық ақпарат ауыртпалығын кіре берісте отыратын адамдарға ысырып тастаған еді. Енді сол пластик қоршаудағы жас жігіттің қолынан бәрі келетініне күмәнім болмай, адымдап барып, өзіме керек сот залын сұрадым. Білмейді екен. Қайда қоңырау шалуға…













