Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экологтар қызметіне талап күшейді

Соңғы жылдары Алматы қаласының аумағында қарқынды түрде салынған түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлердің, өндіріс кешендерінің тығыз орналасуы ауа ағысының баяулауына және ластануына әкеліп соқты.

Көшелердегі қаптаған автокөліктерден бөлінген зиянды заттар, тұрғын үйлерден, халыққа қызмет көрсететін нысандардан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.

Осыны ескерген Алматы қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері табиғатқа, оның ішінде ауаға, суға көп мөлшерде кері әсерін тигізетін өндірістер мен кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік ережелерді қатаң сақтауын талап етуді күнделікті қызметінде берік назарда ұстайды. Қоршаған ортаның сапасын үздіксіз електен өткізіп тұру қажет. Мұның да өзінің әртүрліәдістері бар.

Нарықтық экономика дамуының бүгінгі қарқыны мен үрдісінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау –  тіршілік нәрін ғана емес, мемлекет қауіпсіздігін сақтаудың қуатты тұтқасына айналуда. Халықаралық «EXPO – 2017» көрмесінің тақырыбын энер­гияның баламалы көздері мен «жасыл» экономика­ ­мә­се­лелеріне арналуы да осы

 
0
0
272

Осы тақырып бойынша

Экологтар қызметіне талап күшейді - Yvision.kz