ҚР ҚК Әскери теңіз күштері: жаңа кемеде әскери-теңіз жалауы желбіреді
Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді. Бұл сынақтардың аяқталып, аталған кеменің Қазақстан Қарулы Күштері Әскери теңіз күштерінің құрамына қабылданғанын айғақтайды. Салтанатты іс-шарада кеме капитанына жауынгерлік туды ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, отандық «Зенит» кеме жасау зауытында құрастырылған су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық «Орал» жауынгерлік кемесі сәуір айында суға түсірілген болатын. Кеме ракета-артиллериялық қару-жарақпен, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақпен жарақтандырылған. Кеме экипажы оны құрылысы басталғаннан бері зерделеуге кірісті. Қазіргі уақ…
