Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысын өткізді

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Қаржы полициясы агенттігінде аумақтық қаржы полициясы департаменттерімен бейнеконференция байланысын пайдалана отырып, Агенттіктің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) отырысы өтті.
Отырыста екі сұрақ қарастырылды.
Алкоголь өнімінің, оның ішінде пивоның заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар туралы Қаржы полициясы агенттігінің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Ж.Еламанов мәлімдеді.
Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы Д.Шакенов «Қолма-қол ақша қаражаттардың айналымын шектеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Кеңес отырысына Қоғамдық кеңестің мүшелері: «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдікәрімов А.Ә., «Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторингілеу» ҚҚ өкілі Әйтенова Ш., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Баймаханова Г.А., А.С.Соловьева және Никитинская Е.С., Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директорының орынбасары  Қуанғанова Г.Ш., «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысы» ҚҰ-ның көшбасшысы Нұрғазин А.А., «Атамекен» Одағы» ҰЭП Астана қаласы бойынша филиалының директоры, Астана қаласының кәсіпкерлер құқығын қорғау ассоциациясының директоры Тюгина И.В., «Астана» телеарнасының бас директоры Танысбай Л., «КТК» телеарнасының Астана қаласындағы бюросының директоры Красиенко Я. қатысты.
Жанат Элимановтың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://finpol.gov.kz/rus/info/vist/?cid=0&rid=13983
Денис Шакеновтың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://finpol.gov.kz/rus/info/vist/?cid=0&rid=13984

 

http://finpol.gov.kz/kaz/info/new/?cid=0&rid=10135

 
0
0
391

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысын өткізді - Yvision.kz