«Дін және азаматтық қоғам»
2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Астана – Зерттеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференция жұмысына ғалымдар, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік орган, азаматтық қоғам және талдау жүргізу құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Конференция мақсаты: Дін саласындағы мелекеттік саясатты жүзеге асыру үрдісінде азаматтық қоғам өкілдерімен конструктивті байланыс орнату.
Өткізу уақыты: Басталуы – 10.00.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 – «Достық үйі».
