«Астана» алдағы маусымдағы Әлемдік турға қатысатын командалар қатарына енді
Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2014 жылы Әлемдік тур жарыстарына қатысатын 18 кәсіби команданы атады, деп хабарлайды sports.kz.Жаңа маусымдағы Әлемдік турға «Europcar» француз командасы қатысады. Ол былтырғы жылы құрлықтық деңгейдегі жарысқа қатысқан болатын. Ал «Trek» командасы «RadioShack-Leopard» лицензиясын алды, деп хабарлайды «VeloNews».
Әлемдік турға қатысатын командалардың толық тізімі: «Ag2r La Mondiale» (Франция), «Belkin«(Голландия), «BMC Racing» (АҚШ), «Cannondale» (Италия), «FDJ. FR» (Франция), «Garmin-Sharp» (АҚШ), «Omega Pharma-Quick Step» (Бельгия), «Катюша» (Ресей), «Tinkoff-Saxo» (Дания), «Lotto-Belisol» (Бельгия), «Астана» (Қазақстан), «Lampre-Merida» (Италия), «Movistar» (Испания), «Orica-GreenEdge» (Австралия), «Sky» (Ұлыбритания), «Europcar» (Франция), «Argos-Shimano» (Голландия), «Trek Factory Racing» (АҚШ).

