Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңаөзен қаласында ІІБ Жедел басқару орталығының ашылуы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Аталған ЖБО моноқалалар ішіндегі бірінші соғылған және іске қосылған. Аталған орталықтың ашылу рәсіміне Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов арнайы келді.

Жедел басқару орталығының жұмысы  көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықпен күресуді, қылмыстарға қатысты полиция тарапынан кешенді түрде, сондай-ақ азаматтардан түскен хабарламаларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖБО жедел түрде қылмыстарға ден қоятын қаладағы азаматтардың көптеп шоғарланған жерлері мен криминогенді аймақтары сынды жерлерге, жалпы алғанда 20 бейнебақылау камераларына қосылған.
Жалпы алғанда, ЖБО штатында 37 қызметкер, олардың ішінде тәуліктік кезекшілікте 8 қызметкер болады, сондай-ақ ЖБО-ның қарамағында бір арнайы және екі кезекті автокөліктер бар. 
Марат Демеуов атап өткендей, қазіргі таңда барлық облыс орталықтарында Жедел басқару орталықтары жұмыс атқарады және олар ішкі істер органдарының үйлестіру күші екендігін және қоғамдық тәртіпті қорғауда өзінің тиімділігін дәлелдей білді. 
Бүгінгі күні ІІМ мұндай Жедел басқару орталықтарының құрылысын тағы 26 моноқалалар мен криминалды жағдайы қиын 8 қалада соғу мәселесін қарастыруда. 
Сонымен қатар Марат Демеуов Жаңаөзендегі бірнеше ішкі істер органдарының объектілерін аралады, учаскелік пунктер мен полицияның стационардық бекетінде болып,  қаладағы полицияның әкімшілік қызмет жұмыстарымен танысты.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 
0
0
599

Осы тақырып бойынша

Жаңаөзен қаласында ІІБ Жедел басқару орталығының ашылуы - Yvision.kz