Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада 32 500 шаршы метрлік мұз айдыны салынады

мұз айдыны

Астанада қыста қала тұрғындары үшін жалпы ауданы 32 500 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны салынады. Бұл туралыastana.kz сайты Алматы ауданы әкімі аппаратына сілтеме жасап хабарлады.«Үстіміздегі жылы Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінде жалпы ауданы 32 500 шаршы м мұз айдынын салу көзделген. Астаналықтарға ыңғайлы болуы үшін айдында конькиді жалға алу және тамақтану орындары ашылады», — деп хабарлады әкімдіктен.  

Аумақ биіктігі 250 см шыны-талшықтан жасалған 13 фигурамен безендіріледі, сонымен қатар, LED экран орнатылады, ал айдынның жұмысын ұйымдастыру үшін әкімшілік жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, Алматы ауданында мектептердің аумағында 9 корт: №5 мектеп гимназияда 2 корт, №27 ОМ 2 корт, №28, №30, №31, №32 және №53 орта мектептерде бір-бір корттан салынады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыру үшін «Жерұйық» паркінде конькиді жалға алу орындарымен мұз айдынын салу көзделген.

 
 
0
0
354

Осы тақырып бойынша

Астанада 32 500 шаршы метрлік мұз айдыны салынады - Yvision.kz