Мазмұнға өту

Жаңа

Кадрлар департаменті футзалдан Қорғаныс министрі кубогының иегері

Бүгін Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің арасында мини-футболдан өткізілген жарыс мәреге жетті.

 
Қорғаныс министрінің ауыспалы кубогы екінші жыл қатарынан Кадрлар департаментінің иелігінде қалды. ҚР ҚМ Қадрлар департаментінің командасы финалдық кездесуде Әкімшілік департаментінің командасын 5:1 есебімен ұтты. Бұл командалар тиісінше жүлделі бірінші және екінші орынды бөліссе, Стратегиялық жоспарлау департаментінің командасы он команданың ішінен үшінші орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар үздік ойыншылар марапатталды. Сержант сержант Асан Нығманов чемпионаттың ең үздік ойыншысы деп танылса, подполковник Болат Оспанбаев үздік шабуылшы, лейтенант Еркеболат Аханов үздік қорғаушы, полковник Полатхан Таубаев ең үздік қақпашы атанды.
Марапаттау рәсімін чемпионатты ұйымдастырушы ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің бастығы генерал майор Талғат Мұхтаров өткізді.
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні кұрметіне Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелері командалары арасында мини-футболдан өткізілген кезекті чемпионат аяқталды. Барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтаймын. Спорт пен салауатты өмір салты бұдан әрі де орталық аппарат офицерлерінің серігі бола беруі тиіс, - деді генерал-майор Талгат Мухтаров өз сөзінде.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
648

Сантаның өлімі

"Шарбаққа асыла берме, құласаң оңбайсың!",-деп үлкендер ұрсушы еді бұрын.

Мына Санта сол қариялардың тәрбиесін көрмеген бе, әйтеуір, Астананың қақ ортасында қараша айынан бері жанармай бекетіне керіліп, "бұлар Тәуелсіздік күнін қалай атар екен",-деп ұрланып, сығалап тұрған болатын.

Астана Сантаны жек көреді екен. Бір ашуға мінді де, секундына жиырма метрлік дауылмен соғып, бір сұлатқаны бар-тын. Сөйтіп бұл Санта реанимациядан бір-ақ шықты.

Бір апталық үлкен отадан соң, қайтадан ескі әдетіне басып, сол шарбаққа қайта керілді.

Бұл жолы аязға шыдас бермеді ме, кезекті рет омақаса құлап, парша-паршасы шықты. Осы жолы өліп қалды-ау. Сес қатпай жатыр.

Енді қала сыртына шығарып тастау керек. Ол да жұмыс боп тұр. Жұмыс деп қоям-ау. Ертең жиырма бес метрлік дауыл келе жатыр екен ғой. Еһ, жақсы болды...

0
0
717

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті

2013 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов ҚР ҚОСРМ жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің (Қоғамдық экологиялық кеңестің) кезекті отырысын өткізді.

 
0
0
422

«Жас тұлпар» жастар сыйлығы

Нұр Отан партиясы "Жас тұлпар" жастар сыйлығының марапатын ұйымдастырды.  #жастұлпар

Залда кілең жастар отыр

Жас тұлпар Әнұранмен ашылды.

Бізде патриот жастар өте көп #жастұлпар

#жастұлпар сыйлығының алғашқы иегері - Нұрлан Әлімжанов

#жастұлпар жастар сыйлығын актер Нұрлан Әлімжанға филология ғылымының докторы - М.Жолдасбеков табыстауда.

#жастұлпар жастар сыйлығымен марапаттау салтанатын Нұр Отан партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ашқан болатын.

Өзгені құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен полиция Тұрар Артықбаев марапатталды.

Өзгені құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен полиция Тұрар Артықбаев марапатталды.

Маржан Арапбаева "Иә, солай" әнімен #жастұлпар

2014 жылдың ең үздік боксшысы, Әлем Чемпионы Данияр Елеусінов #жастұлпар сыйлығымен марапатталды.

Жап-жас шахматшы қыз - Жансая Әбдімәлік #жастұлпар сыйлығымен марапатталды

Жансая Әбдімәлік Бельгияда жарыста жүргендіктен сыйлықты анасы алды

Рэпер Артур Сулейманов (Эмир Франс) #жастұлпар сыйлығымен марапатталды. Сыйлықты Б.Тілеуханов мырза табыстады.

Эмир Франс Қазақстан әнін орындауда

4 бүлдіршінді өрттен құтқарып қалған Еркін Бейсекенов марапатталды

"Көк тудың желбірегені" әнін орындаған Ибрагим Ескендірді Бауыржан Байбек мырза #жастұлпар сыйлығымен марапаттады.

Жап-жас Жамбыл ақын марапатталды

Ауыл шаруашылығын жандандырған Әсет мырза #жастұлпар сыйлығымен марапатталуда.

Қайрат Нұртас ән шырқауда :)

#жастұлпар аяқталды. Сыйлық иелерін құттықтаймыз!

0
0
1418

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар бойынша БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті.

Мереке қарсаңында ІІМ клубының холында министрліктің  қызметкерлері балаларының өз қолымен дайындаған суреттері мен шығармашылық туындылардан жасалған  «Біз – Қазақстанның болашағы!» атты балалардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Мереке күні ішкі істер органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерді мадақтау мақсатында салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара соңынан ІІМ Мәдени орталығы мен Ішкі әскер комитетінің Ән-би ансамблі бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығы қарсаңында ішкі істер органдарының 569 қызметкерлері мадақталды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 
0
0
408

Алдараспан және Шаншар кеш өткізді

Кеше Астана қаласының циркінде Алдараспан және Шаншар театрларының концерті өтті.

Залда адам өте көп болды.

Сахнада Уәлибек пен Жүсіп және Шаншар театрының актерлары.

Жүсіп мырза сахна сыртында дайындалып отыр.

Алдараспан театрының актеры

Алдараспан мен Шаншар театры сахнада

Уәлибек пен Нартай сахнаға шыққалы тұрған кез

Концерт аяқталды. "Келесі кездескенше" дейді өнер иелері :)

1
1
8231

Әзіл Әлемі шоу-концерті

Астана қаласы, Конгресс Холда Әзіл Әлемі шоу-концерті өтті.

Тұрсынбек Қабатов көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Бұл жолы Әзіл Әлемінің әр актеры би тобымен бірге билейді. Бұл - кештің ерекшелігі.

Залда халық көп. Біз осылай ғана суретке түсіріп алдық :)

Тамара Асар өз кезегін күтіп отырған сәт.

Қанат пен Аманғали бір-біріне ұқсайтын сияқты, иә? :)

Көрінбей кеткен Асылбек Еңсепов керемет композиция орындады.

Бұл кеште Лұқпан Жолдасов ағамыз да ән айтады :)

Твиттердің жұлдызы боп жүрген Бақытжан Қасымов

Әр актер сахнаға шыққанда Тұрсынбек Қабатов шыдамсызданып, уайымдап тұрады екен

Сахнаға шығар актерлардың дайындығын тексеріп алады Қабатов.

Әжеміз образға кіріп кеткен.

Әжеміз пенсия туралы прикол айтады.

Кешті Мейрамбек Бесбаев аяқтады

0
0
5519

Ұлтшылдық дегеніміз не?

Қазіргі өтпелі деп аталатын кезеңдегі мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе азаматтық не ұлттық бірегейлік арақатынасы қандай болмақ? Посткеңестік мемлекеттердің барлығында дерлік бұл жағдай күн тәртібінен шыққан емес. Қазақстанда да аса өзектілердің бірі. Алайда әңгіме, «nationalism» жайлы өрбімек. Кеңес Одағы кезіндегі ендірілген жасанды идеология «ұлтшылдықты» жағымсыз мағынасында түсіндіруге тырысады. Мәселен, С. Ожеговтың түсіндірмелі сөзідігінде «национализм» бір ұлттың екінші бір ұлттық жоғары, ұлттық артықшылық, антагонизм, ұлттық бөлекетену идеясы ретінде көрсетіледі. Бүгінгі уақытта ресейлік масс-медиа өкілдері «ұлтшылдықты» шовинизм, ксенофобия секілді шектен шыққан түрлерімен байланыстырады. Содан Қазақстандағы орыс тілді БАҚ өкілдері де осындай тұрғыда қабылдап, ұлт жағдайына байланысты болған оқиғаларды осы тұрғығда хабардар етеді.

«Nationalism» он сегізінші ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде пайда болып өзінің екі дүнижезілік соғыс кезінде гүлденуіне жеткен, қазір ұлттық мемлекеттердің шеңберінен шығып жаңа жаһандық күштерге айналып құлау үстінде деп Э. Смит жазады. Шынайысында бұл идеология құлау үстінде болса, экономикадағы жаһандану түрлі өзгерістерге алып келді деген ойды ескерер болсақ, көбіне батыс мемлекеттеріне тән, олар бұл кезеңнен өтті ұлттық мемлекет кезінде түрлі жетістіктерге жетті, дамыды. Батыс мемлекеттерінің отарында болған елдер өзін-өзі анықтау мен бас көтерудің барысында 1950-1960ж. өздерінің тәуелсіздігіне қол жеткізді, бұл олардың дамуға деген жолы болды. Осы құбылыстар демократияның ажырамас бөлігі болды, яғни ұлттық мемлекет үшін күрес демократиялық оянуға алып келді. Кейінірек, патшалық Ресей, Осман империясы, Жапониядағы «Мэйдзи» кезеңінде ұлттық артықшылық, жеке ұлттық рухқа қатысты либералдық құндылықтардан бөлектенді. Ал 1960ж. кейін кейін «классикалық ұлтшылдық» пен «ұлт құрылысы» концепциялары кең тарады, екіншісі бойынша саяси өмірге қатысу, уррбандалу, коммуникация, бұқаралық білім беру барлығы да ұлттық мемлекет болып қалыптасуға өзінің оң әсерін тигізеді. 1980ж. Азияның тәуелсіздік алған кейбір мемлекеттерінде бұл концепция құлдырағандықтан өзектілігінен айырылды. Осы кезден бастап Б. Андерсонның «елестегі қауымдастық» идеясының кең тарай бастаған шағы, ұлт - қолдан жасалған, шектелген, ойлап табылған қауымдастық ретінде түсіндірілді, содан ондағы ортақ біріктіруші элемент жасанды болғандықтан ыдырап кетуі де ғажап емес. 1990-2000 ж. «жаһандық космполитизм» «транснационализм» басты назарға ие бола бастады, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа өзгерістерге – ұлттан жоғары құрылымдардың құрылып тиісті қызмет атқара бастауына жетеледі.

Байқап отырғанымыздай, қазіргі тенденция ұлттан жоғары аймақтық не жаһандық өзгерістерге әкелеуде. Қазақстан болса таңдау үстінде: азаматтық жаһандық немесе ұлттық мемлекет. Барлығы кезеңмен дамып аттап өту мүмкін емес болғандықтан екінші нұсқа төңірегіндегі дамуы қаншалықты, ол үшін алдымен ұлттық сана-сезім мен өзін-өзі анықтаушылық, бір қауымдастыққа тиестілікті қалыптастыру басты назарда болуы шарт. Ұлт «елестегі қауымдастық» идеясына сүйенер болсақ, жасандыдан ойлап шығару күрделі емес. Алайда барлығы қажеттіліктерден келіп дамиды, ұлт, тиесілік бұлар материалдыққа қарағанда руханилық өлшем. Материалдық қамтамасыз етілмей руханилықты ойлау қалай орындалмақ (А. Маслоу). Сондықтан  да қарапайым адамдардың әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін көтеру аса орынды. Екінші жағынан  бұл идеологияны элита, таңдалған адамдар тобы, интеллегенция өз күшімен қалыптастыруға қауқары жетпейтіндігін көптеген дәлелдермен байқап отырмыз. Ендігі үміт тек қалыптасқан орта тапта, біздің елмізде оның бары не жоғы миф. Орта тап өзінің эконмикалық дамуы арқылы жаңа өзгерістерге алып келе алады.

Бүгінгі жағдайдағы ұлттық идеяларды көтеріп оларды ояту әрине маңызды, осы төңіректе ұлтшылдық деген тек жағымсыз мағынада қабылданбауы шарт немесе ұлтшылдық тек қазақ ұлтының басқаларынан басым, бұл мемлекеттке тек олардың өмір сүруге ғана артықшылықтары ғана бар деген ойлар соңында еш жағымды жетістіктерге алып келе алмайды, яғни радикалдылықтан барынша аулақтануы тиіс. Кейбіреулері өзінің білімнің таяздығына байланысты жекелеген идеялар мен ойларды интерпретациялауда қателіктерге бой алдыруы түбінде бұрыс қадамарға әкеп соғады. Э. Геллнер позитивті ұлтшылдықтың кең қанат жаюы үшін бұқаралық білім маңызды көрсеткіш ретінде анықтаған. Сондықтан да әсіресе, жастар бұл өзгерістер мен серпілістерге еліктей алып соңында бармағын тістеуі ғажам емес. Бұл бұл идеядан мүлдем бас тарту деген емес, іске кірісер алдында алдымен сауатты рационалды шешім қабылдау қажеттілігі жайында.

Екіншіден қазіргі ұлтшылдық идеялары тек халық көп шоғырлнанған жерлерде, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын топтар арасында кең қолданысқа ие, басқаша айтқанда тек жабық топтар арасында. Сондықтан да бұқаралық сипатта емес, кейде олардың шынайылығына қатысты түрлі пікірлер туындайды. Сол себептен осындай идеялар ең алдымен қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер көтерсе, сол тарапта саяси шешім қабылдауға жетелесе экономикалық дамудағы орта таптың қалыптасуынан бұқаралық сипатқа ие болушы еді.

Ұлтшылдықтың  Кеңес Одағы кезінде қалыптастырылған идеологиясынан айырылып, мемлекеттің даму мақсатындағы идеолгиясына бағытталған назар аудару орынды Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму мен бұқаралық білім ғана ұлттық сана-сезім мен оянуға алып келетіндігін естен шығармау маңызды.

 
2
0
5440

Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының 2013 жылғы Спартакиаданың аяқталуы туралы

Ішкі істер министрлігінде жеке құрамның денсаулығын нығайтуға, қызметкерлерді спорттық-бұқаралық шараларға қатысуға тартуға және спортпен шұғылдануға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізілуде, бұл ішкі істер органдарының алдына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда, тергеуде қойылған міндеттерінің орындалу табысының кепілі болып табылады. ІІМ орталық аппаратының жылдағы дәстүрлі Спартакиадасының өткізілуіне ерекше көңіл аударылады.  

13 желтоқсанда «Алатау» спорт сарайының жеңіл атлетикалық манежінде ІІМ орталық аппаратының Спартакиадасының  салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Аталған шараға министрліктің барлық комитеттері, департаменттері және қызметтері, жарыстарда белсенді қатысқан қызметкерлер, Спартакиада жеңіпаздары мен жүлдегерлері, министрлік және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының Орталық ұйым басшылығы қатысты.

2013 жылғы Спартакиада ағымдағы жылдың ақпан айынан желтоқсан аралығында спорттың 6 түрі бойынша: «Қазақша күреспен», жүзуден, волейболдан, жеңіл атлетикадан, үстел теннисінен, Макаров тапаншасынан және Калашников автоматынан атудан өтті.

Министрдің бұйрығымен жарыстарға министрлік бөлімшелерінің бұрынғы ардагер-қызметкерлеріне қатысуға рұқсат етілді. Үстіміздегі жылы ІІМ алғаш рет Спартакиаданы өткізу үшін «Алатау» спорт кешенінің спорт залдары, тирі, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің полигоны қолданылды.

Жарыстарға жалпы саны 500 қызметкерден тұратын комитеттердің, департаменттердің және дербес бөліністер ІІМ құрама командасының 20 командасы қатысты.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша топтық біріншілікте ІІІ орын иеленген ІІМ орталық аппараты Ішкі істер органдарының Ардагерлер құрама командасы; ІІ орын – «Р» департаментінің құрама командасы,  І орын – Жетінші департамент құрама командасы иеленді.

Жеке және топтық біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 
0
0
591

Серік Жұлтанов – арманы орындалған сақшы

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік таңына бүгінде 22 жыл толып отыр. Жылдар ағады, Тәуелсіздік Күнін тойлау маңыздылығы артады. Әдетте, 16 желтоқсанда ұйымдастырылатын түрлі мерекелік шаралар, кездесулер, кештерді Ел болып бірге тойлау дәстүрде бар. Ал ішкі істер органдарының қызметкерлері керісінше, қоғамдық тәртіпті қадағалаумен болады. Сондай жандардың бірі – М. Жұмабаев ауданы ІІБ учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Серік Жұлтанов.

16 желтоқсан Серіктің шаңырағында маңызды аталып өтіледі. Біріншіден, Тәуелсіздік Күні болса, екіншіден, өзінің туған күні. Тағдырдың жазғаны болар, бала кезінен полицияда қызмет етуді армандаған кейіпкеріміз, өмірінің соңғы жылдары бұл күндерді қызмет бабында өткеріп жүр.

Екі жоғары білімі бар Серік Жұлтанов, ішкі істер органдарындағы еңбек жолын СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының полицейі, сержанты ретінде бастаған. Мұнда екі жыл қызмет еткесін, осы жылғы Конституция Күні салтанатты түрде полиция лейтенанты шеніне қол жеткізеді. Бұған қоса, лауазымы да артып М. Жұмабаев ауданының ішкі істер бөліміне, аталмыш ауданның Авангард ауылдық округінің учаскелік инспекторы лауазымына тағайындалды.

Арманына ілесіп, полициядағы еңбек жолын одан әрі жетілдіру үшін бала-шағасын ауылда қалдырған. Айта кетейік, Серік Қызылжар ауданы Байсал ауданының тумасы. Дегенмен, отбасы отағасының қызметіне түсіністікпен қарайды және кейіпкеріміздің айтуы бойынша барлық бастамаларын қолдайды. Бұл оның өміріндегі басты жетістігі – сүйікті жанжары Динара және қызы Нұрсұлу мен ұлы Батырхан.

Учаскелік полиция инспекторының мақсаты – қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әкімшілік аймақта қылмыстарды болдырмау және азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Серік, өзіне қарасты аумағында қылмыс жиі жасалмайды деп тәубесіне келіп отыр. Бұл әрине қуантарлық жайт. Дегенмен келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, әсіресе мереке күндері күшейтілген түрде жұмыс істейміз дейді. 16 желтоқсан да сол күндердің бірі. Еш өкінетіні жоқ, себебі бұл тағдырды өзі таңдаған ол, қызметіне адал және асқан жауапкершілікпен қарайды.

Мұндағы айтқым келгені – тәртіп сақшыларының өмірінен сыр шерту. Біріміз кәдімгідей, жанұямыз не болмаса құрбыларымызбен мерекелерді тиісінше тойласақ, екіншіміз осы мейрамдардың жайлы өтуін қадағалайды. Бұл ретте полиция қызметкерлерінің үлесі зор. Серік Жұлтанов та солардың қатарында. Ендеше барлығы да ойдағыдай.

Айтулы мереке күні Серіктің 30 жасқа толу мерейтойы. Сондықтан оған мықты денсаулық, жанұялық береке, адал қызмет, қоғамдық тәртіпті орнатуда жетістіктерге жетуін тілейміз! Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбірей берсін!

Жан Айтмағанбетов,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

0
0
452