Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сантаның өлімі

"Шарбаққа асыла берме, құласаң оңбайсың!",-деп үлкендер ұрсушы еді бұрын.

Мына Санта сол қариялардың тәрбиесін көрмеген бе, әйтеуір, Астананың қақ ортасында қараша айынан бері жанармай бекетіне керіліп, "бұлар Тәуелсіздік күнін қалай атар екен",-деп ұрланып, сығалап тұрған болатын.

Астана Сантаны жек көреді екен. Бір ашуға мінді де, секундына жиырма метрлік дауылмен соғып, бір сұлатқаны бар-тын. Сөйтіп бұл Санта реанимациядан бір-ақ шықты.

Бір апталық үлкен отадан соң, қайтадан ескі әдетіне басып, сол шарбаққа қайта керілді.

Бұл жолы аязға шыдас бермеді ме, кезекті рет омақаса құлап, парша-паршасы шықты. Осы жолы өліп қалды-ау. Сес қатпай жатыр.

Енді қала сыртына шығарып тастау керек. Ол да жұмыс боп тұр. Жұмыс деп қоям-ау. Ертең жиырма бес метрлік дауыл келе жатыр екен ғой. Еһ, жақсы болды...

0
0
666

Осы тақырып бойынша

Сантаның өлімі - Yvision.kz