Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кадрлар департаменті футзалдан Қорғаныс министрі кубогының иегері

Бүгін Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің арасында мини-футболдан өткізілген жарыс мәреге жетті.

 
Қорғаныс министрінің ауыспалы кубогы екінші жыл қатарынан Кадрлар департаментінің иелігінде қалды. ҚР ҚМ Қадрлар департаментінің командасы финалдық кездесуде Әкімшілік департаментінің командасын 5:1 есебімен ұтты. Бұл командалар тиісінше жүлделі бірінші және екінші орынды бөліссе, Стратегиялық жоспарлау департаментінің командасы он команданың ішінен үшінші орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар үздік ойыншылар марапатталды. Сержант сержант Асан Нығманов чемпионаттың ең үздік ойыншысы деп танылса, подполковник Болат Оспанбаев үздік шабуылшы, лейтенант Еркеболат Аханов үздік қорғаушы, полковник Полатхан Таубаев ең үздік қақпашы атанды.
Марапаттау рәсімін чемпионатты ұйымдастырушы ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің бастығы генерал майор Талғат Мұхтаров өткізді.
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні кұрметіне Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелері командалары арасында мини-футболдан өткізілген кезекті чемпионат аяқталды. Барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтаймын. Спорт пен салауатты өмір салты бұдан әрі де орталық аппарат офицерлерінің серігі бола беруі тиіс, - деді генерал-майор Талгат Мухтаров өз сөзінде.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
562

Осы тақырып бойынша

Кадрлар департаменті футзалдан Қорғаныс министрі кубогының иегері - Yvision.kz