Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар бойынша БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті.
Мереке қарсаңында ІІМ клубының холында министрліктің қызметкерлері балаларының өз қолымен дайындаған суреттері мен шығармашылық туындылардан жасалған «Біз – Қазақстанның болашағы!» атты балалардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Мереке күні ішкі істер органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерді мадақтау мақсатында салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара соңынан ІІМ Мәдени орталығы мен Ішкі әскер комитетінің Ән-би ансамблі бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығы қарсаңында ішкі істер органдарының 569 қызметкерлері мадақталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі
