Мазмұнға өту

Жаңа

ІІМ мен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңеңсінің бірінші отырысы туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ү.ж. қараша айында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қоғамдастығы басшыларының қатысуымен өткен VI Азаматтық Форумда берген тапсырмасына орай Ішкі істер министрлігінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңесі құрылған болатын. Ү.ж. 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаевтың, министрліктің комитет, департамент басшылары мен жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. ІІМ арнайы шақыруымен Кеңес жұмысына «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов қатысты. Кеңес төрағасы Е. Тургумбаев ішкі істер…

0
0
393

Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2013 жылғы 12 желтоқсан)

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің осы жылдағы қорытынды отырысы болып өтті, онда прокуратура органдарындағы өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі қаралды және Кеңестің 2013 жылғы жұмысына қорытынды жасалды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhanyndagy-zandylykty-kamtamasyz-etu-zhonindegi-kogamdyk-kenesti-0

0
0
217

Сағынамын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Күндіз, түнде, неге сені, сағынамын?

Жүрегімнің, дүрсіліне бағынамын.

Сені ойласам, ұйқым қашып, қиналамын,

Бірге болған, күндерімді, еске аламын.

 

Әлде қалай, махаббатың заңы, солма?

Шын сүйгендер, бола алмайды-ау, мәңгі жолда.

Тең келмейді-ау, енді жаным, саған басқа,

Махаббатты, бағалайық, қолда барда.

 

Неге сезім, қалды енді, аңыз болып?

Тек сергелдең, сары уайым, қалды басып.

Ұмытылмас, есіміңді, кеттің жазып,

Жүрегімнің, ақ төрінен, орын алып.

 

Сағынамын, сол бақытты, күндерімді,

Мөлт-мөлт еткен, сұлу қара көздеріңді.

Түсінсемде, түсінбеспін, бұл өмірді,

Қайтып басам, аласұрған көңілімді?

0
1
982

Тәртіп сақшылары жастарға бағыт-бағдар беруде... (ФОТО)

СҚО ІІД кадрлар жұмысы басқармасының қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және ҚР ІІМ ішкі әскерінің 6637 әскери бөлімшесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізді. Барлық кездесулердің көздегені – әскери қызметке шақыру болып табылады. Полиция басқармасы кадрлық аппаратының қызметкерлері, оқу орындарының түлектері және мндетті әскери қызметтегі сарбаздармен кездесулер ұйымдастырып, оларға полиция қызметінің негізгі ұғымдары туралы әңгімелеп, жұмысқа орналасу тәртібі туралы мағлұмат берді. «Құқық қорғау органдарына қабылданатын азаматтарға міндетті түрде медициналық куәландыру, әскери-дәрігерлік комиссия алдынан өту талабы қойылады. Ал заңмен еңбекке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі тұлға құқық қорғау органдарына қызметке орналаса алмайды»-…

0
0
1341

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Үйдегі тыныштықтан Жер бетіндегі бейбітшілікке - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын жүргізді. Акцияның негізгі мақсаты көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №1325 Қарарының халықаралық құжаттарын зерделеу болып табылады. Акцияны жүргізуге 25 мыңнан астам адам, оның ішінде 17 мың полиция…

0
0
3094

Денис Тен Универсиадаға қатыспайды

Денис Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Италияда байрағын желбірететін бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға қатыспайтын болды.

20 жастағы жерлесіміз Трентино қаласында өтетін Универсиаданың алтынынан басты үміткерлердің бірі саналған еді. Енді ел намысын мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жалғыз Абзал Рақымғалиевқана қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Денисті соңғы уақытта арқасынан алған жарақаты мазалап жүрген болатын. Дегенмен Италиядағы 11-21 желтоқсан аралығында өтетін Қысқы Универсиадаға қатыса алмауының себебі белгісіз болып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
411

Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең аяқталды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары аяқталды. Плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды. «Н» тобы «Милан» (Италия) 0 – 0 «Аякс» (Голландия) Өз алаңында Кака бастаған жігіттер «Аяксты» жеңе алмады. Қос команда арасындағы кездесуде есеп ашылмады. «Барселона» (Испания) 6 – 1 «Селтик» (Шотландия) Каталондық «Барселона» Мессисіз де керемет өнер көрсете алатынын бір дәлелдеді. Ойында Неймар хет-трик авторы атанса, Пике, Тельо және Педро еншілеріне бір-бір доптан жазды. Ал «Селтик» сапынан жалғыз допты Самарас соқты. Шотландиялық ұжым осылайша еурокубок жолындағы тартысты аяқтады. «H» тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1. Барселона 6 4 1 1 16:5 13 2. Милан 6 2 3 1 8:5 9 3. Аякс 6 2 2 2 5:8 8 4. Селтик 6 1 0 5 3:14 3 «G» тобы «Атлетико» (Испания) 2– 0 «Порту» (Португалия)…

0
0
370

Сочи Олимпиадасын «Хабар» арнасы көрсетеді

2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы көрсететін болды. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев хабарлады. Қазіргі таңда осы сұрақтар төңірегінде келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Алдағы уақытта толық ақпарат жарияланбақ. Осыған дейін «KazSport» телеарнасы да Қысқы ойындарды толық көлемді жүргізуге келіссөздер жүргізіп жатқаны мәлім болған еді. Естеріңізге сала кетсек, Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларымыздыңспорттық киім үлгісі туралы хабарлаған да болатынбыз. Ал алтын жүлдеге қол жеткізіп, чемпион болған спортшыға мемлекет жазғы спорт түрлеріндегідей 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Сонымен қатар, 20 үздік ұлттық құраманың қатарына енуге талап қо…

0
0
372

Сочи Олимпиадасынан 40-тан астам қазақстандық журналист ақпарат таратады – Спорт агенттігі

2014 жылы Сочиде өтетін Олимпиада ойындары туралы 40-тан астам қазақстандық журналист ақпарат таратады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.«Ресми түрде Ұлттық Олимпиада комитеті 4 тілшіні аккредитациядан өткізді, бірақ осыған қоса, біз тағы қырыққа жуық журналист жіберуді көздеп отырмыз. Сочиде арнайы медиа-орталықтар жасақталған. Біз келісім жасадық», — деді ол. Оның айтуынша, Сочиде Олимпиада барысына қатысты ақпарат таратуға барлық жағдай жасалған. «Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, журналистерді іріктеп аламыз, олар Сочиге жеткенде тіркеледі. Онда барлық жағдай жасалған. Бір…

0
0
300