Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жеткізілімнің жолын кесті
Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жеткізілімнің жолын кесті.«Бекет» жедел-профилактикалық шарасы шеңберінде кеденшілер тексеріп қарау кезінде кедендік тазарту үшін мәлімделген тауарлардың сәйкес келмеу фактін анықтады. Заңсыз жолмен пайда табу мақсатында уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар фирма кедендік ресімдеуге жалпы сомасы 21 мың 461 АҚШ доллар 9 тауардың (иықты киім ілгіш (киім ілгіш), амортизаторлар, жіптер, шұлық және басқа да салық аз түсетін тауарлар) атауы мәлімделген. Кейін, кеден органдарының қызметкерлері тексеріп қарауды жүргізу кезінде 28 атаудан тұратын сомасы алғашқы мәлімделгеннен көп мәрте асатын басқа балаларға, әйелдерге және ерлерге арналған тауарлар т…