Тағы бір отандық телехикая түсірілуде
Корей, түрік сериалдарын сатып алу сап тыйылатыны жөніндегі ақпараттан соң алаңдап қалған көрермендердің уайымдауына негіз жоқ. Қазірдің өзінде "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы бірнеше отандық кинотуындыны ұсынып үлгерді. Келешекте олардың қатары тіпті көбейе түспек. Тағы бір телехикая түсіріліп жатқаны туралы хабарламақпыз бүгін. «Жедел жәрдем» - 24 сериядан тұратын көркем телехикая. Түсірілімнің басталғанына екі ай болды. Жанры жағынан медициналық драмаға жатады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде түсірілуде. Басты кейіпкері - Ермек атты дәрігер. Мақсат - Ермектің рөлі арқылы денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтарды және соны технологиялармен емдеу жайын жұртшылыққа жеткізу. Фильм сюжетінен аздаған ақпарат беріп өтер болсақ. Ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық о…

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас ҚолбасшысыНұрсұлтан Назарбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевті наградтады. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы полковник Қайрат Баймаханов Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі айбын орденін алды.