Мазмұнға өту

Жаңа

Әзіл Әлемі шоу-концерті

Астана қаласы, Конгресс Холда Әзіл Әлемі шоу-концерті өтті.

Тұрсынбек Қабатов көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Бұл жолы Әзіл Әлемінің әр актеры би тобымен бірге билейді. Бұл - кештің ерекшелігі.

Залда халық көп. Біз осылай ғана суретке түсіріп алдық :)

Тамара Асар өз кезегін күтіп отырған сәт.

Қанат пен Аманғали бір-біріне ұқсайтын сияқты, иә? :)

Көрінбей кеткен Асылбек Еңсепов керемет композиция орындады.

Бұл кеште Лұқпан Жолдасов ағамыз да ән айтады :)

Твиттердің жұлдызы боп жүрген Бақытжан Қасымов

Әр актер сахнаға шыққанда Тұрсынбек Қабатов шыдамсызданып, уайымдап тұрады екен

Сахнаға шығар актерлардың дайындығын тексеріп алады Қабатов.

Әжеміз образға кіріп кеткен.

Әжеміз пенсия туралы прикол айтады.

Кешті Мейрамбек Бесбаев аяқтады

0
0
5471

Ұлтшылдық дегеніміз не?

Қазіргі өтпелі деп аталатын кезеңдегі мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе азаматтық не ұлттық бірегейлік арақатынасы қандай болмақ? Посткеңестік мемлекеттердің барлығында дерлік бұл жағдай күн тәртібінен шыққан емес. Қазақстанда да аса өзектілердің бірі. Алайда әңгіме, «nationalism» жайлы өрбімек. Кеңес Одағы кезіндегі ендірілген жасанды идеология «ұлтшылдықты» жағымсыз мағынасында түсіндіруге тырысады. Мәселен, С. Ожеговтың түсіндірмелі сөзідігінде «национализм» бір ұлттың екінші бір ұлттық жоғары, ұлттық артықшылық, антагонизм, ұлттық бөлекетену идеясы ретінде көрсетіледі. Бүгінгі уақытта ресейлік масс-медиа өкілдері «ұлтшылдықты» шовинизм, ксенофобия секілді шектен шыққан түрлерімен байланыстырады. Содан Қазақстандағы орыс тілді БАҚ өкілдері де осындай тұрғыда қабылдап, ұлт жағдайына б…

2
0
5408

Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының 2013 жылғы Спартакиаданың аяқталуы туралы

Ішкі істер министрлігінде жеке құрамның денсаулығын нығайтуға, қызметкерлерді спорттық-бұқаралық шараларға қатысуға тартуға және спортпен шұғылдануға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізілуде, бұл ішкі істер органдарының алдына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда, тергеуде қойылған міндеттерінің орындалу табысының кепілі болып табылады. ІІМ орталық аппаратының жылдағы дәстүрлі Спартакиадасының өткізілуіне ерекше көңіл аударылады. 13 желтоқсанда «Алатау» спорт сарайының жеңіл атлетикалық манежінде ІІМ орталық аппаратының Спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Аталған шараға министрліктің барлық комитеттері, департаменттері және қызметтері, жарыстарда белсенді қатысқан қызметкерлер, Спартакиада жеңіпаздары мен жүлдегерлері,…

0
0
558

Серік Жұлтанов – арманы орындалған сақшы

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік таңына бүгінде 22 жыл толып отыр. Жылдар ағады, Тәуелсіздік Күнін тойлау маңыздылығы артады. Әдетте, 16 желтоқсанда ұйымдастырылатын түрлі мерекелік шаралар, кездесулер, кештерді Ел болып бірге тойлау дәстүрде бар. Ал ішкі істер органдарының қызметкерлері керісінше, қоғамдық тәртіпті қадағалаумен болады. Сондай жандардың бірі – М. Жұмабаев ауданы ІІБ учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Серік Жұлтанов. 16 желтоқсан Серіктің шаңырағында маңызды аталып өтіледі. Біріншіден, Тәуелсіздік Күні болса, екіншіден, өзінің туған күні. Тағдырдың жазғаны болар, бала кезінен полицияда қызмет етуді армандаған кейіпкеріміз, өмірінің соңғы жылдары бұл күндерді қызмет бабында өткеріп жүр. Екі жоғары білімі бар Серік Жұлтанов, ішкі істер органдарындағы еңбек жолын СҚО мам…

0
0
415

Қызылордалық таеквондошылар Тайпейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

Павлодар қаласында жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық таеквондошылар 10 жүлде иеленді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтынан хабарланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 16 команда, 250 спортшы қатысқан. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ел біріншілігінде қызылордалықтар жақсы нәтиже көрсетіп, 10 жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. 42 келі салмақ дәрежесінде Динара Әбдіржан, 52 келіде Айнұр Есбергенова (екеуі де №1 ОМБЖОРМ), 59 келіде Гүлжайна Мұхтарова (спорт интернат) мен Нұрғиса Жолдас (№1 ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды. 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ), 52 келіде Перизат Жұбанова (Қазалы қалалық БЖСМ), 59 келіде Аружан Әбдіқадыр (Көкшоқы БЖСМ) күміс жүлдені иеленді. Ал 44 кел…

0
0
522

Татьяна Осипова Трентинода өткен Универсиадада 10 шақырымға шаңғымен сырғанау бойынша жеңіске жетті

Трентинода (Италия) XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиаданың шаңғы жарысы бойынша турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz. Әйелдер арасындағы 10 шақырымға шаңғымен сырғанауда қазақстандық Татьяна Осипова жеңіске жетті, екінші орынды украиналық Катерина Григоренко, үшінші орынды фин спортшысы Марьяна Питкенен иеленді. Қазақстанның басқа өкілдері арасынан, сәйкесінше, 4-ші және 5-орындарда мәреге жеткен Марина Матросова және Виктория Ланчакова жеңіс тұғырына бәрінен жақын болды. Анна Шевченко 19, Ольга Мандрика — 25, Наталья Соковнина — 41 болды. XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиада. Трентино (Италия), Шаңғы жарысы. Әйелдер. Шаңғымен сырғанау. 10 шақырым. 1. Татьяна Осипова (Қазақстан) — 29:34.7 2. Катерина Григоренко (Украина) — +1.0 3. Марьяна Питкенен (Финляндия) — + 1.4 4. Марина Матрос…

0
0
362

Қанат Ислам Олимпиадаға барып қалуы ықтимал

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам олимпиада шаршы алаңында бокстасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. «Біз жақында ғана онымен бірге сөйлестік. Ол кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Бірақ өзінің жарқын жеңістеріне қарамастан, әлі көп таныла қоймаған. Мен оған «Астана» президенттік кәсіби спорт клубымен әріптестік орнатуға, Astana Arlans қатарына қайта қосылуға шақырдым. Болашақта Қ.Ислам кәсіпқойлар мен әуесқойлардың аралас APB жобасына келуі ықтимал. Сол арқылы ол Олимпиада жолдамасын алуы бек мүмкін. Егер келісімін берсе, біз онымен дереу келісімшартқа қол қоямыз. Оған бірінші дивизионның боксшысына лайық жалақы мен әлеуметтік пакеттер тағайындаймыз», — деді «Астана» президентік клубының басшысы Бақтияр Артаев. «Мен үшін Қанат — өте жақын адам. Біз бұрын он…

0
0
441

Ертең «Қазақстан бокс федерациясы Кубогы» сарапқа салынады

Желтоқсанның 14-15 күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалы және финалы өтеді. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған дода ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналады. Желтоқсанның 14-не сағат 15.00-де Астана қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал, бұл күннің екінші кездесуінде Қарағанды облысы және Маңғыстау облысының боксшылары рингке шығады. Жартылай финалға қатысатын төрт команданың үшеуі бұған дейін Қазақстандық бокс федерациясының жүлделерін ұтып алған. Астана қаласының құрамасы — 2010 жылы, Қарағанды облысының командасы — 2011 жылы, Маңғыстау облысының өкілдері — 2012 жылы Кубогқа ие болды. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екі рет (2010…

0
0
472

Расул Мирзаев пен Ержан Естанов қайта күш сынасады

19 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Ұлы майдан» деп аталатын аса ірі халықаралық жарыс өтеді. Биылғы жылдың көктемінде атал­мыш жарыстың тұсауы кесілген болатын. Басты жекпе-жекте атышулы Ресей спортшы­сы Расул Мирзаев пен қан­дасымыз Ержан Естанов шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, бұл бәсеке ұпай саны­мен Мирзаевтің пайдасына шешілді. Осы жеңістің ар­қасында Расул өзіне тиесілі әлем чемпио­ны атағын сақтап қалды. Кейіннен екі жақ өзара келіссөздер жүр­гізді. Соның нә­тижесінде Расул мен Ержан қайта күш сынасатын болды. Бұл жолы Естанов ел сенімін ақ­тайды деп үміттенеміз. Өйткені Алматыда өтетін бұл жарыс Қазақстан Респуб­ликасының Тәуелсіздік күніне орайлас­тырылып отыр. Ал осындай мереке кезін­де қазақ жігіті­нің жеңілуге еш хақы жоқ. «Ұлы майдан» жарысы б…

0
0
442

ІІМ мен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңеңсінің бірінші отырысы туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ү.ж. қараша айында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қоғамдастығы басшыларының қатысуымен өткен VI Азаматтық Форумда берген тапсырмасына орай Ішкі істер министрлігінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңесі құрылған болатын. Ү.ж. 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаевтың, министрліктің комитет, департамент басшылары мен жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. ІІМ арнайы шақыруымен Кеңес жұмысына «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов қатысты. Кеңес төрағасы Е. Тургумбаев ішкі істер…

0
0
392