Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы жалған кәсіпорынға қолдаушылық жасаған Салық басқармасының жетекшісін жауапкершілікке тартты

Ағымдағы жылғы 23 қарашада Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқармасының жетекшісіне қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 2012 жылғы сәуірде «Бекнур Есиль» ЖШС нақты орналасқан жерін салықтық зерттеу туралы жалған актіні, осы ЖШС–нің және басқа кәсіпорындарымен қарсы тексеріс актілерін құрастыру туралы бағынышты қызметкерлеріне заңсыз нұсқауларды беру жолымен әрі қарай жалған кәсіпкерлік қызметін жүргізуге жағдай жасаған. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, күдікті өз кінәсін мойындап, жинаған дәлелдерге күмән тудырмағандықтан, оның келісімімен осы факті бойынша іс жеңілдетілген тәртіпте жүргізілді. Сол күні қылмыстық іс сотқа жолданды. Есіл аудандық сотының үкіміме…

0
0
239

«Қазақстан дауысы». Келесі 16 үміткерге дауыс бер!

Ұлттық арнадағы «Қазақстан дауысы» жобасы өткен жексенбіден бастап тікелей эфирде өтуде. Көрермендер жобаға қатысушылар арасынан өзі ұнатқан әншіге SMS арқылы дауыс бере алады. 15 желтоқсанда 16 үміткердің арасынан келесі кезеңге өткендер анықталды. 22 желтоқсанда әр тәлімгердің тобынан 4 әншіден, яғни барлығы 16 үміткер өнер көрсетеді. <strong><br /></strong> Әр топтан екі үміткер ғана келесі кезеңге жолдама алады. Олардың бірі көрермен дауысының қорытындысы бойынша өтсе, екіншісін тәлімгер таңдайды. Осылайша әр топтан екі өнерпаз жобамен қош айтысады. Дауыс беруге Қазақстандағы ұялы байланыс және тіркелген байланыс операторын («Казақтелеком»ААҚ) пайдаланатын кез келген адам қатыса алады.Дауыс беру үшін қатысушының реттік нөмірі: Дауыс беруге Қазақстандағы ұялы…

0
4
1666

Әйелдерге арналған бағдарламаға ерлер қажет...

Тележұлдыз болғыңыз келе ме? Міне, оның ең оңтайлы сәті түсіп тұр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасы кастинг жариялайды. Жаңа жылдан бастап бағдарлама жаңа форматпен шығатын болғандықтан, жүргізушілікке ер-азамат қажет. Жасы 35-тен асқан ер-азаматтардың өз мүмкіндігін сынап көруіне болады. Кастинг 18 желтоқсаннан бастап, сағат 14:00-де Астана қаласы, Д.Қонаев көшесіндегі 4 үйде, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өтеді. Редакция телефоны: 8 (7172) 55-33-86, 55-38-24, 55-32-86. «Әйел бақыты» - дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 14:55-те тікелей эфирде шығатын бағдарлама. Бұл ток-шоуға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Сонымен қатар, бағдарламада бү…

0
0
996

Қарулы Күштерде жас буын ант қабылдады

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады. 2013 жылдың күзінде төл Армиямызға әскери қызметке шақырылған мың жарымға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Отанға адалдыққа серт берді. Әскер қатарына жаңадан алынған жас жігіттер Тараз, Талдықорған, Қапшағай, Приозерск қалаларында, Отар, Боралдай кенттерінде Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің арнайы әскерлер мен байланыс әскерлерінің бөлімдерін толықтырды. ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жаңа қосылған әскери қызметшілердің ант қабылдауы салтанатты жағдайда өтті. Рәсімге командирлер мен қызметтестерден басқа шақырылған қонақтар мен ата-аналар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер қатысты. Мерзімді қызметтің сарбаздары ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарлам…

0
0
453

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі жобасы туралы баспасөз ақпараты

Қылмыстық кодекстің жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралармен көзделген.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-zhana-kylmystyk-kodeksi-zhobasy-turaly-baspasoz-akparaty

0
0
1043

Қаржы полициясы контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған тағы бір кеден қызметкерін анықтады

Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы Департаменті мұнайды ұрлау және контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Қонаевты қамауға алғандығы туралы ертеректе хабарлаған болатын. Ол ағымдағы жылғы мамыр айында, қылмыстық топ мүддесіне жұмыс істей келе, 1200 АҚШ доллары заңсыз сыйақы үшін лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, мұнайдың мазут түрінде контрабандалық жолмен кетуіне септігін тигізген. Ағымдағы жылғы 29 қарашада Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Тлеуовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол да 2013 жылғы маусым айында лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, сол үш…

0
0
372

Қазақстан мен Франция қорғаныс ведомстволары арасындағы 2014 жылғы ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының әскери қызметшілері француздық әріптестерімен екіжақты келіссөздер өткізді. Екіжақты келіссөздер барысында тараптар қазақ-француз әскери ынтымақтастығын дамытудың болашағын талқылады. Қазақстан мен Франция арасындағы қоғаныс саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты қарым-қатынастың басым бағыы болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков шетелдік әріптестерімен кездесу барысында: – Біз қазақ-француз әскери ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Француз тарапына «Ле-Бурже» халықаралық авиациялық өнімдер және ғарыш көрмесіне қатысуға қазақстандық делегацияның сапарын ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Аталған іс-шара бізге авиациялық техника мен…

0
0
341

Қарағанды полицейлері Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды.

Қарағанды полицейлері Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды. «BNews.kz», 18.12.2013ж.Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өткізіліп, онда 102 полиция қызметкері марапатталды. Ішкі істер органдары ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Еліміздің егемендік алған кезінен бастап қарағандылық полицейлер азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін күрестің алғы шебінде болды. Бізге жүктелген міндеттің орындалуы қоғамның дамуына қатысты, ол Қазақстанның қалыптасуы мен экономикалық қуатын арттырып, тәуелсіздікті тұғырландыра түседі»,- деді Қарағанды облыстық ІІД басшысы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров салтанатты шара кезінде. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ішкі істер органдарының қыз…

0
0
428

Виталий Кличко әлем чемпионы титулынан бас тартты

Виталий Кличко
WBC нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулынан бас тартып, ендігі өмірін толығымен украиналық саясатқа арнамақ. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Кличко оппозициялық «Удар» партиясының көшбасшысы және ол 2015 жылы Украинада өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті.

Кәсіби додаларда Виталий Кличко 45 мәрте жеңіске жетіп, екі тартыста жеңіліс тапты.

Дүниежүзілік бокс кеңесі боксшының шешіміне түсіністікпен қарап, Кличконың кез келген уақытта спортқа орала алатындығын, сондай-ақ чемпиондық белдіктің иегері атанған кез келген боксшымен тартысқа түсе алатындығын мәлім етті.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
272

«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» боксшылар клубы Дүниежүзілік бокс сериясында Кубаның «Cuba Domadores» командасынан — 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мирас Жақыпов 52 келі салмақ дәрежесінде Херардо Сервантестен басым түсті — 3:0 (48:47, 48:47, 48:47), Жандос Момынов (60 келі) Хорхе Ласаро Альвареске жол беріп, 0:3 (46:49, 46:50, 45:50) есебімен жеңілді, Бақытжан Қожабеков (69 келі) Ариснойдис Диспейннен техникалық нокаутпен жеңілді, Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крустан айласын асыра алмады, есеп — 0:3 (46:48, 46:48, 47:49), ал Филип Хргович (+91 келі) үшінші раундта Хосе Анхель Лардуетті техникалық нокаутпен жеңді.

10 қаңтарда «Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» командасымен кездеседі.

0
0
252