Қаржы полициясы жалған кәсіпорынға қолдаушылық жасаған Салық басқармасының жетекшісін жауапкершілікке тартты
Ағымдағы жылғы 23 қарашада Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқармасының жетекшісіне қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануы факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ол 2012 жылғы сәуірде «Бекнур Есиль» ЖШС нақты орналасқан жерін салықтық зерттеу туралы жалған актіні, осы ЖШС–нің және басқа кәсіпорындарымен қарсы тексеріс актілерін құрастыру туралы бағынышты қызметкерлеріне заңсыз нұсқауларды беру жолымен әрі қарай жалған кәсіпкерлік қызметін жүргізуге жағдай жасаған.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, күдікті өз кінәсін мойындап, жинаған дәлелдерге күмән тудырмағандықтан, оның келісімімен осы факті бойынша іс жеңілдетілген тәртіпте жүргізілді.
Сол күні қылмыстық іс сотқа жолданды.
Есіл аудандық сотының үкімімен ол қызметтік өкiлеттiгiн теріс пайдалануға кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік лауазымдарда болу құқығынан айырылды.
