Мазмұнға өту

Жаңа

Жанкүйерлердің Олимпиада стадиондарында ұстануы тиіс ережелер тізімі жарияланды

Сочи Олимпиадасының ресми сайтында жанкүйерлердің өздерін дұрыс ұстау ережелері жарияланды. Спорт нысандарына қару-жарақ, ішімдіктер мен тез тұтанатын заттарды әкелуге тыйым салатын дәстүрлі шектеулерден басқа, бұл Ойындарға қатыспайтын елдердің туларын да әкелуге болмайды, деп хабарлайды РБК. Сондай-ақ, арнайы күзет қызметі қолдарында сусындары мен тағамдары бар көрермендерді де трибунаға жібермейді. Сондықтан, қауіпсіздік қызметінің өкілдері келушілерді және олардың заттарын тексеріп біткенше байрақты спорт бәсекесін тамашалауға асығушылар кезекте тұрып қалулары мүмкін. Олимпиада нысандарының аумағында сауда-саттықты тек қолма-қол ақша төлеу арқылы немесе Visa картасымен ғана жүргізуге болды. Әрине, стадионға спорттық жарақтарды, оның ішінде тіпті, велосипедті де әкелуге болмайды. Спорт…

0
0
284

«Сарыарқа» хоккей клубы Ресей чемпионатында алдына жан салар емес

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясында «Кубань» командасын буллит сериясы бойынша жеңдi.

Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен аяқталған болатын. Қарағандыда өткен матчта бiрiншi болып айдын иелерi есеп ашты. Олег Ломако бiрiншi айналымда «Сарыарқаны» алға шығарды. Екiншi жиырма минуттықта Сергей Пайора «Кубаньдi» жеңiлiстен сақтап қалды. Буллиттер сериясында Ломако қарағандылықтардың мерейiн үстем еттi.

Осы жеңiсiнiң арқасында «Сарыарқа» 77 ұпай жинап, чемпионаттың бiрiншi орнына көтерiлдi.

0
0
426

Сочи Олимпиадасына баратын қазақстандық спортшылардың тізімі анықталды

Сочиде өтетін ХХII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы спорттың 11 түрінен қатысып, 58 спортшымыз бақ сынайды. Олар — шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, биатлон, шана спорты, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру. Шаңғы жарысынан 14 спортшы сынға түседі. Жанкүйерлер ерлер бәсекесінде Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Александр Малышев және Денис Волоткадан жүлде күтеді. Ал әйелдерден Марина Матросова, Елена Коломина, Анна Шевченко, Татьяна Осипова, Виктория Ланчакова және Анна Стоян. Конькимен жүгіруден 6 спортшы қатысады. Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев ерлер арасынан сынға түссе, әйелдерден Екатерин…

0
0
538

Алматыда Қытай мен Моңғолия қазақтары кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚазАқпарат , 22.01.2014 Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2013 жылы «Атажұрт» баспа орталығынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік мәні зор әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Аталмыш ұйым биылғы жылы қазақстандықтар үшін тұңғыш рет «Шетелдегі қазақтар» топтамасы бойынша Қытай мен Моңғолиядағы отандастарымыздың туындыларын, сондай-ақ Моңғолия мен Ресейдегі қазақтар туралы жаңа кітаптарды жұртшылық назарына ұсынбақ. Бұл шығармалардың авторлары еңбектері шет елдердегі өкілетті органдармен мақұлданып, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға енгізуге ұсынылған қаламгерлер болып табылады. Мұндағы авторлардың бірі Қаусылхан Қозыбайұлының «Ісләмнің құрдасы» атты әңгімесі мен «Шағылған төсек» пьесасы Қытайдағы қаза…

0
0
326

«Астана Опера» театры опералық және балеттік студияға балалар қабылдайды

ҚазАқпарат , 22.01.2014 «Астана Опера» театрының әкімшілігі опералық және балеттік студияға балаларды қабылдайды, деп хабарлады мәдениет ошағының баспасөз қызметінен. «Балетті меңгеруге ниет білдіретіндер 8 бен 10 жас, опералық студияның үміткерлері 6 мен 15 жас, балалар хоры, оркестр, аспаптар ансамбліне келем деушілер 10 мен 16 жас аралығында болуы керек. Бірінші кезекте музыкалық қабілетке және музыкалық білімге мән беріледі», - делінген хабарламада. «Астана Опера» академиясы балалар студиясының менеджері Майя Бекназардың атап өтуінше, театрдың опералық студиясы балалар хоры мен камералық оркестрдің әртістерін дайындайды. «Дәріс балаларға сахна әлемінің қыр-сырын толық таныстырып, өнерлерін қобалжымай-ақ көрсетуді, актерлік және шешендік өнерді, пластиканы меңгеруді және өз әріптестері…

0
0
319

10 жылдан соң қуат көзін тұтынушылар саны 30%-ға артады деген болжам бар

20 жылдан соң жер бетіндегі табиғи ресурстар сарқыла бастайды. Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте сарапшылар осылай деп дабыл қақты. Мамандардың пайымдауынша, қуат көзін өндірудің балама жолына қазірден бастап көшу керек. Өйткені жер шарына тарап жатқан электр қуатының 80%-ы осы табиғи ресурстардан алынады. Екі күнге созылған саммит өз жұмысын аяқтады. Бүгін – соның аясында өтіп жатқан көрменің соңғы күні. Көрмеде осы тақырыпқа тікелей қатысы бар «Астана-ЕХРО» павильоны да тұр. 20 жылдан соң жер бетіндегі табиғи ресурстар сарқыла бастайды. Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте сарапшылар осылай деп дабыл қақты. Мамандардың пайымдауынша, қуат көзін өндірудің балама жолына қазірден б…

0
0
464

Дін істері агенттігі төрағасы М.Әзілхановтың Қазақстан Республикасының бас раввині Ешая Когенмен кездесті

2014 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасы М.Әзілхановтың Қазақстан Республикасының бас раввині Ешая Когенмен және Астана қаласы мен Ақмола облысының бас раввині Шмуэль Карнаухпен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында екі жақтың өкілдері Қазақстандағы діни ахуал туралы пікір алмасып, Қазақстандағы еврей қауымдары қызметтерінің кейбір аспектілерін талқылады.

Сұхбат барысында еврей қауымдарына Қазақстанда қызмет етуіне қажетті жағдай қамтамасыз етілгендігі туралы аталып өтті.

0
0
271

ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің отырысына қатысты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Брюссель қаласында НАТО әскери комитетінің жыл сайынғы отырысына қатысты. Кездесу Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі елдері форматында НАТО-ға мүше елдер мен әріптес елдер бас штаб бастықтарының деңгейінде өтті. Тараптар өткен жыл ішіндегі ынтымақтастық нәтижесін және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылдың перспективаларын, сондай ақ өңірлік және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. - Қазақстан біздің көпвекторлы саясатымыздың маңызды құраушысының бірі және ұлттық және өңірлік қауіпсіздік жүйесіне үлес қосатын НАТО-мен ынтымақтастыққа үлкен мән береді, - деп Сәкен Жасұзақов НАТО әскери кеңесінің төрағасы генерал Кнуд Б…

0
0
299

2014 жылдың 23 қаңтарында Астана қаласында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Америкалық Халықаралық даму жөніндегі Агенттігі (USAID) климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі Қазақстандық бағдарламасының тұсаукесерін өткізеді.

2014 жылдың 23 қаңтарында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Америкалық Халықаралық даму жөніндегі Агенттігі (USAID) климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі Қазақстандық бағдарламасының тұсаукесерін өткізеді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/3126-223/

0
0
351