Атырау Велошеруі — 2013
Еліміздің мұнайлы астанасында өткен "Атырау Велошеруі-2013" шарасына қысқаша шолу жасап көрейік. Шараның егжей-тегжейі: Өткен орны: Атырау қ., Күні мен уақыты: Қазан айының 5-і, Сенбі, таңғы 11.00 Қашықтығы: 7,64 км Бастауы: Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік Оты» Мәре: Облыстық әкімшілігінің бет жағындағы алаңы. Шараны ұйымдастырған бір топ қалалық активисттері болатын. Ұйымның фейсбуктегі онлайн-қоғамында 150-ден астам оқырманы бар. Құрамы жағынан басым көпшілігі - Атырау қаласының тұрғындары болса, қалған үлесі - Астана, Алматы, Ақтау, Орал, Қарағанды қалаларынан. Ұйымның ресми атауы Kazakhstani Urban Planners: Қазақстан қала құрастырушылары мен урбанисттері. Велошерудің мақсаты - велосипедті пайдалы әрі экологиялық таза қала транспорты ретінде кеңінен насихаттау, экологиялық сана-сезімді қа…