Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда USAID климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі бағдарламаның таныстырылымы болды

Климаттың өзгеруі проблемасы – жаһандық мәселе және оны шешу үшін кешенді шаралар қолдану керек.
Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі қазақстандық бағдарлама осындай шаралардың бірі деп айтуға болады.

Климаттың өзгеруі проблемасы – жаһандық мәселе және оны шешу үшін кешенді шаралар қолдану керек.
Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі қазақстандық бағдарлама осындай шаралардың бірі деп айтуға болады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/3126-229/

0
0
448

Кеден комитетінде Түркиядан контрабандалық тауарлар бойынша қылмыстық топтың қызметінің жолын кесуі туралы брифинг өтті

Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері контрабандалық әкелімдердің ірі схемасының жолын кесті. Операция басталар алдында, Түркияның кеден органдарымен өзара қатынаса отырып, Түркиядан бұдан бұрынғы әкелімдер бойынша терең жедел-талдау жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, талдау барысында Түркия мен Қазақстан Республикасының кедендік декларациялары салыстырылып, нәтижесінде тауарлар туралы көрсетілген мәліметтерде (атауы, саны, құны) айтарлықтай айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Жүргізілген талдау мен қолда бар жедел ақпараттар тауарлар контрабандасымен ұйымдасқан қылмыстық топ айналысқандығын көрсетті. Бұл топ мүшелері тұрақты схемамен әрекет етіп, олардың басты мақсаты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару болып табылды. Жедел мәлімет…

0
0
246

Google Chrome браузерінің ең пайдалы функциялары

Google Chrome браузерінде қарапайым қондырғылар қатарынан табыла бермейтін опциялар өте көп. Олар chrome://flags арнайы қызмет парақшасында жасырын тұр. Әдетте олар экспериментальдық немесе тек шектеулі қолданушыларға ғана функциялар. Бірақ солардың арасында біздің оқырмандарымызға пайдасы тиіп қалатын қызметтер бар. Солармен таныс болыңыздар.

0
0
545

Қазақстан 2017 жылы таэквондодан Әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы төрағасы Тимур Құлыбаев Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті. Конфедерация баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, кездесу барысында тараптар осы спорттың түрін Қазақстанда дамыту және елімізде әлемдік ауқымдағы таэквондо бойынша халықаралық турнирлерді өткізу мүмкіндіктерін талқылады. «Қазақстан биылғы жылы Халықаралық таэквондо федерациясы (WTF) нұсқасы бойынша Гран-при сериясының әлемдік турнирін өткізуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде еліміздің 2017 жылдың Әлем чемпионатын қабылдауға әзір екендігі айтылды», — делінген хабарламада. Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті кездесу соңында Қазақста…

0
0
274

Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді

Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді
22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайықтан» команда капитаны, шабуылшы Ескендір Нұғманов төрт доптың авторы атанды. Сөйтіп ол биылғы маусымда соққан доп санын 28-ге жеткізді.

Бұған дейін «Ақжайық» биылғы жыл басталғалы қатарынан төрт рет жеңіліс тапқан болатын. Соның ішінде кеше «Знамя-Удмуртия» командасына 4:8 есебімен есе жіберіп еді. Ертең аталған командалар тағы бір кездесуін өткізеді.

Қазіргі кезде 33 ұпайы бар «Ақжайық» екінші топта төртінші орында келеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
990

Жанкүйерлердің Олимпиада стадиондарында ұстануы тиіс ережелер тізімі жарияланды

Сочи Олимпиадасының ресми сайтында жанкүйерлердің өздерін дұрыс ұстау ережелері жарияланды. Спорт нысандарына қару-жарақ, ішімдіктер мен тез тұтанатын заттарды әкелуге тыйым салатын дәстүрлі шектеулерден басқа, бұл Ойындарға қатыспайтын елдердің туларын да әкелуге болмайды, деп хабарлайды РБК. Сондай-ақ, арнайы күзет қызметі қолдарында сусындары мен тағамдары бар көрермендерді де трибунаға жібермейді. Сондықтан, қауіпсіздік қызметінің өкілдері келушілерді және олардың заттарын тексеріп біткенше байрақты спорт бәсекесін тамашалауға асығушылар кезекте тұрып қалулары мүмкін. Олимпиада нысандарының аумағында сауда-саттықты тек қолма-қол ақша төлеу арқылы немесе Visa картасымен ғана жүргізуге болды. Әрине, стадионға спорттық жарақтарды, оның ішінде тіпті, велосипедті де әкелуге болмайды. Спорт…

0
0
283

«Сарыарқа» хоккей клубы Ресей чемпионатында алдына жан салар емес

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясында «Кубань» командасын буллит сериясы бойынша жеңдi.

Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен аяқталған болатын. Қарағандыда өткен матчта бiрiншi болып айдын иелерi есеп ашты. Олег Ломако бiрiншi айналымда «Сарыарқаны» алға шығарды. Екiншi жиырма минуттықта Сергей Пайора «Кубаньдi» жеңiлiстен сақтап қалды. Буллиттер сериясында Ломако қарағандылықтардың мерейiн үстем еттi.

Осы жеңiсiнiң арқасында «Сарыарқа» 77 ұпай жинап, чемпионаттың бiрiншi орнына көтерiлдi.

0
0
425

Сочи Олимпиадасына баратын қазақстандық спортшылардың тізімі анықталды

Сочиде өтетін ХХII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы спорттың 11 түрінен қатысып, 58 спортшымыз бақ сынайды. Олар — шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, биатлон, шана спорты, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру. Шаңғы жарысынан 14 спортшы сынға түседі. Жанкүйерлер ерлер бәсекесінде Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Александр Малышев және Денис Волоткадан жүлде күтеді. Ал әйелдерден Марина Матросова, Елена Коломина, Анна Шевченко, Татьяна Осипова, Виктория Ланчакова және Анна Стоян. Конькимен жүгіруден 6 спортшы қатысады. Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев ерлер арасынан сынға түссе, әйелдерден Екатерин…

0
0
536

Алматыда Қытай мен Моңғолия қазақтары кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚазАқпарат , 22.01.2014 Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2013 жылы «Атажұрт» баспа орталығынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік мәні зор әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Аталмыш ұйым биылғы жылы қазақстандықтар үшін тұңғыш рет «Шетелдегі қазақтар» топтамасы бойынша Қытай мен Моңғолиядағы отандастарымыздың туындыларын, сондай-ақ Моңғолия мен Ресейдегі қазақтар туралы жаңа кітаптарды жұртшылық назарына ұсынбақ. Бұл шығармалардың авторлары еңбектері шет елдердегі өкілетті органдармен мақұлданып, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға енгізуге ұсынылған қаламгерлер болып табылады. Мұндағы авторлардың бірі Қаусылхан Қозыбайұлының «Ісләмнің құрдасы» атты әңгімесі мен «Шағылған төсек» пьесасы Қытайдағы қаза…

0
0
325

«Астана Опера» театры опералық және балеттік студияға балалар қабылдайды

ҚазАқпарат , 22.01.2014 «Астана Опера» театрының әкімшілігі опералық және балеттік студияға балаларды қабылдайды, деп хабарлады мәдениет ошағының баспасөз қызметінен. «Балетті меңгеруге ниет білдіретіндер 8 бен 10 жас, опералық студияның үміткерлері 6 мен 15 жас, балалар хоры, оркестр, аспаптар ансамбліне келем деушілер 10 мен 16 жас аралығында болуы керек. Бірінші кезекте музыкалық қабілетке және музыкалық білімге мән беріледі», - делінген хабарламада. «Астана Опера» академиясы балалар студиясының менеджері Майя Бекназардың атап өтуінше, театрдың опералық студиясы балалар хоры мен камералық оркестрдің әртістерін дайындайды. «Дәріс балаларға сахна әлемінің қыр-сырын толық таныстырып, өнерлерін қобалжымай-ақ көрсетуді, актерлік және шешендік өнерді, пластиканы меңгеруді және өз әріптестері…

0
0
319