Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау Велошеруі — 2013

Еліміздің мұнайлы астанасында өткен "Атырау Велошеруі-2013" шарасына қысқаша шолу жасап көрейік.

Шараның егжей-тегжейі:

  1. Өткен орны: Атырау қ.,
  2. Күні мен уақыты: Қазан айының 5-і, Сенбі, таңғы 11.00
  3. Қашықтығы: 7,64 км
  4. Бастауы: Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік Оты»
  5. Мәре: Облыстық әкімшілігінің бет жағындағы алаңы.

Шараны ұйымдастырған бір топ қалалық активисттері болатын. Ұйымның фейсбуктегі онлайн-қоғамында 150-ден астам оқырманы бар. Құрамы жағынан басым көпшілігі - Атырау қаласының тұрғындары болса, қалған үлесі - Астана, Алматы, Ақтау, Орал, Қарағанды қалаларынан. Ұйымның ресми атауы Kazakhstani Urban Planners: Қазақстан қала құрастырушылары мен урбанисттері.

Велошерудің мақсаты - велосипедті пайдалы әрі экологиялық таза қала транспорты ретінде кеңінен насихаттау, экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, велосипедшілерді жүруге қауіпсіз және қолайлы жол бағдарымен таныстыру деп жоспарланды.

"Атыраудың 300 велосипедшіcінің басын қосайық!" - шерудің ресми слоганы тағайындалған болса, хэштэгі - "velosheru"-ден "atyraucycling"-ге дейін түрленіп отырды.

Шараның фейсбуктегі парақшасын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.facebook.com/atyraucycling

Атырау Велошеруі

0
0
1108

Осы тақырып бойынша

Атырау Велошеруі — 2013 - Yvision.kz