Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммед біздің елде аккредиттелген Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковски мырзамен кездесу өткізді
Сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін және әлеуетін жоғары бағалады. Поляк тарапы екі ел арасындағы мәдениет саласындағы байланыстардың маңызын атап өтті және осы саладағы келісімге қол қоюды ұсынды. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты, оның ішінде кино күндері, мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруде тәжірибе алмасу, жас шығармашыл топтарды бірлескен іс-шараларға белсенді тарту бойынша одан әрі дамытуға келісті.
