Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің назарына!

Бүгін, 2014 жылғы 10 ақпанда ағымдағы жылғы 22-25 мамырда Астанада өтетін «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрмесін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді ресми тіркеу жарияланды.

«KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі – бұл қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қол жеткізген соңғы жетістіктерді көрсету және мамандардың пікір алмасу алаңы.

«KADEX-2014» келесі бес бағыт бойынша өткізіледі:

  • Құрлық әскерлері және Әскери-теңіз күштерінің қару-жарғы мен әскери техникасы;
  • Авиация және авиациялық қару-жарақ, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және құралдары;
  • Арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер;
  • ІТ-технологиялар, байланыс жүйесі мен құралдары;
  • Әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету;

Тығыз іскерлік, көрмелік, көрсетілімдік «KADEX-2014» бағдарламасы жетекші шетелдік және отандық өнім өндірушілердің инновациялық өнімдерімен толық танысуға барынша мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде Халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция және ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жанындағы Іскерлік кеңестің, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілетті органдары үйлестіру кеңесінің жарнамалық-көрмелік қызмет мәселелері бойынша отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, көрмені ұйымдастырушылар іс-шара шеңберінде әскери үрмелі оркестрлердің халықаралық ІІ фестивалін өткізуді жоспарлауда. Таяу және алыс шетелдерден келген жоғары кәсіби әскери оркестрлер астаналықтар мен көрме қонақтарына tattoo show (дефиле) көрсететін болады.

Тіркелуге өтінім беру мерзімі:2014 жылғы 14 мамырға дейін

Өтінімдерді mod.gov.kz сайтының «Баспасөз қызметі» бөлімінде көрсетілген үлгіде ресімдеу қажет

E-mail: [email protected]

Телефондар: +7(7172) 72-15-59, 72-16-31

0
0
448

Осы тақырып бойынша