Балықов Манарбек туралы «Өткен жоқ өмір бекерге...» өмірбаян-эссе
Хасен Зәкәрия Өткен жоқ өмір бекерге... (өмірбаян-эссе) Еңбегі мен атағы облыс көлемінде, тіпті республикалық деңгейде жақсы мәлім азамат, Ішкі істер министрлігінің Үздік қызметкері Балықов Манарбек 1998 жылдың 12-желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының №706 бұйрығымен құрметті еңбек демалысына шықты. Ол кім еді?.. Осы уақытқа дейін кім болып келді, алдағы өмірде кім болып өтпек?.. Қолыңызға алған кітаптағы жазбалар осы сауалдарға нақты да тиянақты жауап қайтаруға септесетін болады. Осы бір орта ғана бойы бар, қарапайым жігіт ағасын бір көрген адамның оған көңіл қойып, елпілдей жөнелмесі анық. Бірақ, сәл де болса пікір алысып, тілдесе қалған жанның оның бойында кімді болмасын ырқынан тыс бағындырып, ығына көндіріп алатын өзгеше бір қасиет бар екенін аңғар…