Мазмұнға өту

Жаңа

БАҚ үшін мәлімет (2014 жылдың 7 ақпаны)

Бүгін Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесе отырып Ақтөбе облысы мен Астана қаласы бойынша ЭСЖҚКД органдары іздеу салған қазақстандық азаматтар М.Раимов және Е.Шушкованы Баку қаласынан Астана қаласына экстрадициялауды жүзеге асырды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bak-ushin-mlimet-2014-zhyldyn-7-akpany

0
0
383

«Іскерлік журналистика курсының» алғашқы қадамы

Кеше ғана тұсауы кесілген «Іскерлік журналистика курсының» алғашқы отырысы ойдағыдай өтті. Интернеттегі блогтардың мұхиттай әлемін бізге таныстырмаққа келген Бақтжан Бұхарбайұлының лекциясы қызықты болды. Yvision-нің өмірге келген сәтінен бастап, аяқ басып, азамат болғандығын, өзінің алғашқы еңбегін екшелеп айтқанда, солай болмаққа ұмтылмаған көңіл қалмаған шығар. Әрқайсымыздың басымызға тың идея салып, болашаққа деген үлкен сенімнің алғашқы кірпішін қалап берді. Сызбасы сызылып, макеті дайындалып жатқан «курс-ғимаратымыздың» бір-бір қабатын құрап, өзіміздің ректоратымыздай (ҚазҰУ) әлеуеті бар болашақ жасамақпыз. Алдағы уақытта біз көретін теңдессіз тәжірибе мен еңбек, кедергілер мен келелі кеңестер «шыны» жүректі шынықтырады деп ойлаймын. Алғашқы бастамаға айтар алғысымыз шексіз, келешек…

3
0
466

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясы табыс етілді

ҚазАқпарат, 07.02.2014 Мемлекет басшысының көмегімен отандық мәдениет дамуда. Мен өзге елдердегі әріптестеріммен араласамын, сондықтан Қазақстанда мәдениетке көп көңіл бөлінетінін айта аламын. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясын, сондай-ақ өткен жылға салалық мемлекеттік стипендиясын табыстау рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты. Стипендия иегерлеріне арнап Елбасы құттықтау сөз жолдады. Оны ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев оқыды. «Қазақстан халқына арналған бұл жолғы Жолдауда мәдениет саласын дамытуға баса назар аударылды. Қазақстандық мәдениет дамуының көпжылдық Тұжырымдамасын дайындауды тапсырамын», - деп жазылған ел Президентінің құттықтау сөзінде. Отандық мәдениетті өркен…

0
0
480

Аманкелді Өтешов (Жақау): «Мен эротикалық клип шығарған Шыңғысты ит тірлігін тастамаған пенде деп білемін»

Тыңдармандарға «Жақау» деген атпен танылған рэп-әнші Аманкелді Өтешовпен интернет арқылы сұхбат жүргізіп көрдік. - Аманкелді, бұрынғы сұхбаттарыңызда да айтып жүрсіз. Дегенмен оқырмандарымыздың бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан «Жақау» аталуыңыздың себебін айтып өтсеңіз. - Жақау – менің руым. Бұл ру өз бастауын Адай руынан, соның ішінде Бәйімбеттен, Мұңалдан алады. Текей аталып кеткен атамыздың кенже ұлы Жақау атамыз болған екен. «Жақау» деп қоюдағы себеп – өзгелер қате түсініп жүргендей, өз руымды жарнамалау немесе мақтану емес. Мақсатым – руластарымды табу болды. Себебі, біздің руымыз өте аз таралған рулардың қатарына жатады. Оның үстіне әрқайсысы әр жақта шашылып жүр. Солардың басын біріктіргім келді. Бірінші себебі осы. Екінші жағынан, тентектікті қойып, лирикалық бағытқа бет…

2
1
2152

Сочидегі Олимпиада Ойындарының ашылуында Қазақстанның туын ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Ердос Ахмадиев ұстап шығады

Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі Ердос Ахмадиев Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиадалық Ойындардың ашылуында Қазақстанның туын ұстап шығады. Ол ұлттық құрама құрамында шаңғы тебуден ел намысын қорғайды. Бұл Ердостың өміріндегі алғашқы Олимпиада бола тұра оған маңызды міндет жүктеліп отыр. – Олимпиадалық Ойындарда өз еліңнің туын ұстап шығу үлкен жауапкершілік әрі мен үшін құрмет. Қазақстан қоржынына кезекті медальді салатыныма сенімдімін, – дейді Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы. ХХІІ қысқы Олимпиада Ойындары бүгін басталып, 23 ақпанға дейін жалғасатын болады. Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Мемлекет басшысы Сочиде қазақстандық спортшылармен кездеседі. Бұл байрақты бәсекеге Қазақ…

0
0
533

Федерация Кубогында Юлия Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысын тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация Кубогы аясындағы матчта Индонезия өкілі Лавинии Танантені айқын басымдылықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан намысын алғаш рет қорғап отырған Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысына мүмкіндік бермеді. Ойын 6:2, 6:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Осылайша, әзірге Қазақстан 1:0 есебімен Индонезияны ұтып келеді. Келесі кездесу Ярослава Шведова мен Вита Тахер арасында өтпек. Федерация Кубогының Азия/Мұхит аумағындағы матчтары Астанада 8 ақпанға дейін өтеді. Келесі кезеңге берілер жалғыз жолдамаға 7 мемлекеттің құрамалары таласады. Қазақстан Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен кездеспек. Қазақстан намысын Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева қорғайды. Федераци…

0
0
225

Сочи Олимпиадасында Ту ұстаушы Ердос Ахмадиев: Маған осындай сенім білдірілгеніне алғысым шексіз

АСТАНА. ҚазАқпарат — Санаулы сағаттан кейін төрткүл дүние көз тіккен Сочи олимпиадасының алауы тұтанады. Бұл дүбірлі додада ел намысын 52 отандасымыз қорғайды. Ал Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның Көк Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады. Соған орай, өзгелерден артық жауапкершілік жүктелген, бүгінде ұлттық құрамамен бірге Италияда жаттығып жүрген шаңғышымен тілдесудің сәті түсті, деп жазады alaman.kz. «Әрине, еліңнің байрағын ұстап, топ бастап шығу — үлкен бақыт. Шынымды айтсам, бұл жаңалық мен үшін күтпеген жайт болды. Алғашында бапкерім «Туды сен ұстап шығуың мүмкін» деді. Сол кезде үміткерлердің қатарына қосылғанымның өзіне қатты қуанып едім. Кейін Ұлттық шттатық командалар дирекциясынан арнайы хабарласып, менің Ту ұстайтынымды айтты. Ал, ол кездегі ішкі сезімді сөзбен ж…

0
0
402

Дэвид Бекхэм футбол клубын құруды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм АҚШ-та футбол клубын құратынын мәлім етті, деп хабарлайды Би-Би-Си. Бекхэм өткен аптада Майами мэрімен кездесіп, жаңа клубтың стадионын салу мәселесін талқылады. Ағылшын футболшысының әзірге атауы жоқ клубы 2017 жылы Американың басты соккер лигасында (MLS) ойнайтын болады. «Мен өзім үшін жеке команданы құрғым келеді. Бұл қала футболға дайын және біз үлкен жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенемін. Біз миллиондаған халықтың көзайымына айналатын футбол клубын құрудамыз», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда, мұнда әлемдік атаққа ие футболшылар ойнайтын болады. Сонымен қатар мұнда легионерлерді ғана емес, өз футболшыларын жаттықтыратын академия құрылмақ. Айта кетейік, Д.Бекхэм 2007-2012 жылдар аралығында MLS чемпионатында о…

0
0
281

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының қатысуымен брифинг өтеді

Бүгін сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтеді. Төраға агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындысымен және Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында жүктеліп отырған 2014 жылғы міндеттермен таныстырады.

0
0
221

Бүгін Сочиде байрақты бәсеке басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Ресейдің Сочи қаласында  ХХІІ Қысқы олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі додаға әлемнің 90 мемлекетінен 3000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спорт әлемі үшін үлкен мерекеге айналатын Сочи-2014 Олимпиадасында спорттың 15 түрінен 98 медаль ойнатылады. Төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеде ел намысын 52 отандасымыз қорғайды.

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын қазақстандықтар «Хабар» және «Қазспорт» телеарналары арқылы тамашалай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында ел құрамасының туын алып жүру құрметіне шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев ие болып отыр.

0
0
405