Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бейбіт миссия – 2014»: келіссөздер басталды

Бейжіңде «Бейбіт миссия – 2014» террорға қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларының алғашқы штабтық келіссөздері өткізілуде. Келіссөздерде ҚР Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев бастаған қазақстандық әскери делегация оқу-жаттығудың жоспарын, мақсаты мен тапсырмаларын, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерін талқылауда.

Генерал-майор Мұқан Дүйсекеев өз сөзінде:
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстанның көп векторлы саясатының маңызды элементі болып табылады және ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлкен үлес қосады. Қазақстан ШЫҰ-ның өзара сенімді нығайту, достық пен тату көршілік, көпсалалы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ бой көрсеткен террорлық, сепаратистік және экстремистік әрекеттерге бірлесіп қарсы тұра білу мақсаттарына жақын, – деп атап өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы форматындағы командалық-штабтық оқу-жаттығулары дәстүрлі түрде ШЫҰ-на мүше мемлекеттер аумағында екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Аталған іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының әскери контингенттері қатысады.

Биыл «Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығулары Қытай Халық Республикасының аумағында өтеді. 2010 жылы «Бейбіт миссия» оқу-жаттығулары Қазақстанның Мәтібұлақ полигонында өткен болатын.

ҚР ҚК Баспасөз қызметі

0
0
350

Осы тақырып бойынша

«Бейбіт миссия – 2014»: келіссөздер басталды - Yvision.kz