Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сочидегі Олимпиада, 4-күн: Медальдар саны бойынша озық шыққан елдер

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан 22-ші Қысқы Олимпиада ойындарының төртінші күні аяқталды.

Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының ресми сайтында хабарланғандай, 10 ақпандағы жарыстардың  нәтижелері бойынша бірінші орынға 7 медальмен канадалықтар шықты (3 алтын, 3 күміс, 1 қола). Екінші орыннан голландиялықтар көрінсе (барлығы 7 медаль — 3 алтын, 2 күміс, 2 қола), үшінші тұғырға норвегиялықтар шықты (7 медаль — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола).

Ал келесі орында қанжығасына 5 медаль байлаған АҚШ елі тұр (2 алтын және 3 күміс). Бесінші орын 2 алтын медальды місе тұтқан Германия құрамасына тиесілі.

2014 жылғы айтулы ойындардың иесі Ресей болса, 6 медальмен алтыншы орынды иеленді (1 алтын, 2 күміс, 3 қола). Қазақстан құрамасының қоржынына әзірге бірде-бір медаль түспеді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
0
369

Осы тақырып бойынша

Сочидегі Олимпиада, 4-күн: Медальдар саны бойынша озық шыққан елдер - Yvision.kz