Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Қарулы Күштерінде қол күресі мен кір қоссайысынан үздіктер анықталды

Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің базасында екі жүзден астам әскери қызметшінің қатысуымен қол күрестіру мен кір қоссайысынан жарыс өткізілді.

Жарыс армиялық спортшылардың ортасында салауатты өмір салтын насихттау мен спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте кір спортынан Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының спортшылары иеленсе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилеріне бұйырды.

Қол күрестіруден алтын үшін болған сайыста «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының спортшылары иеленді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
270

Осы тақырып бойынша

ҚР Қарулы Күштерінде қол күресі мен кір қоссайысынан үздіктер анықталды - Yvision.kz