Жаңа
Үй + мобильді интернет жиынтығы = тиімді шешім!
Достар! «Қазақтелеком» мен «АЛТЕЛ» бірлесіп, үй (iD Net/Megaline) және мобильді (ALTEL 4G) интернет қызметтерінің жиынтығын ұсынады.
Абоненттерге таңдау бойынша Интернет желісіне тіркелген және мобильді қатынау арқылы пакеттік шешімдердің әртүрлі түрлері ұсынылады, сондай-ақ пакетке басқа да қызметтер енгізілуі мүмкін: интерактивті сандық теледидар (iD TV), қазіргі заманғы SIP телефония (iD Phone нөмірі) және Қазақстан Республикасы бойынша лимитсіз сөйлесулер.
Бірыңғай қызметтер пакеті компания абоненттерін үйде «ауыр» контентке (бейнересурстар) сапалы жоғары жылдамдықты қатынаумен, жолда және қоғамдық орындарда (кафе, мейрамхана, СОСО) жедел серфингпен қамтамасыз етеді.

«Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша,Интернетжелісіне тіркелген және ұтқыр қатынау қызметтерінің бірыңғай пакеті абонентке бағасы, сапасы, бірыңғай шотты алу және бірыңғай төлем нүктесімен тиімді болып табылады, яғни барлық отбасына қажетті қызметтерді бір провайдер «Қазақтелеком» АҚ алу болып табылады.
«Пакетке кіретін барлық қызметтерге төлем біздің абоненттерге әдеттегі post-paid схемасы бойынша жүргізіледі», - деп атап өтті Б.Маханбетәжиев.
Техникалық қолдау үйдегі Интернет, сондай-ақ ұтқыр Интернет үшін 165 телефоны бойынша бірыңғай болып табылады.
Қазіргі уақытта қызметтердің бірыңғай пакеттерін ұсыну Алматы қ. және қала маңындағы (Есік, Қасқелен, Талғар қалаларына, Бесағаш, Кеңдала, Қызыл Қайрат, Шымбұлақ, Бірінші май, Өтеген батыр, Айтей кенттерінде және Шамалған станциясында) және Астана қаласы және қала маңы (Қощы, Ильинка кенттерінде) жүзеге асырылады.
2014 жылғы қаңтар айынан бастап Интернет желісіне тіркелген және ұтқыр қатынау бірыңғай пакеттері Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында қол жетімді болып табылады.
Жаңа қызметке «Қазақтелеком» АҚ кез келген сервистік пунктінде (жоғарыда көрсетілген елді мекендерде) қосылуға болады.
Браконьерді ұстау тұралы ақпарат
2014 жылдың 12 ақпанында Қызылорда облысының Сырдария ауданы аумағындағы газ құбырының бойында киіктерді қорғау іс-шараларын жүргізіп жатқан жедел топтың инспекторлары «УАЗ» маркалы автокөлікті мінген облыс орталығының 2 тұрғынын тексерді.
Тексеру нәтижесінде 12 калибрлі «МР-153» маркалы мылтық, 7 оқ-дәрі, 4 атылған киік (3 аталық, 1 аналық) табылып, тәркіленді.
Башқұртстан мен Солтүстік Осетияда Ақтаудың мәдениет күндері өтеді
ҚазАқпарат, 13.02.2014
«Бір шаңырақ астында» атты этномәдени жобасы өз географиясын кеңейтуде, дейді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жанбыршин.
«Өткен жылы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде 15 шара өтті. Оған Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Украина және Армения елдерінің Қазақстандағы елшілері мен өкілдері қатысты. Ағымдағы жылы жобаның географиялық ауқымын кеңейтіп, Башқұртстанның Ишимбай ауданы мен Солтүстік Осетияда Ақтау қаласының мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр», - деді қала әкімі.
Ең үлкен қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар «Оқыс оқиға» жобасында
Олимпиаданың медальдік есебінің көшбасшылары, 6-күн
Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындардың ресми сайтында хабарланғанындай, 13 ақпандағы жарыстардың қорытындысымен: бірінші орынға 10 медальмен (7 алтын, 2 күміс, 1 қола) Германия жайғасты, екінші орында — 10 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 2 қола) канадалықтар, үшінші орынға — 13 медальмен (4 алтын, 3 күміс, 6 қола марапат) норвегиялықтар, төртінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 3 күміс және 5 қола марапат) голландтықтар, бесінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола марапат) АҚШ құрамасы ие болды. Ақ Олимпиада-2014 қожайындары — Ресей 11 медальмен (2 алтын, 5 күміс марапат, 4 қола) жетінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасында — әзірге медальдар жоқ.
Қазақстандықтардың 13 ақпандағы Олимпиададағы ойындарының қорытындылары
Сөреге алғашқы болып 10 шақырымдық қашықтыққа шаңғышылар шықты. Қазақстаннан оған Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасья Слонова қатысты. Ең жақсы нәтиже — 36-шы орынға табан тіреген Коломина ие болды, Слонова — 46-шы, Осипова 52-ші орынды қанағат тұтты.
Шорт-тректен құрамында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев бар Қазақстан командасы АҚШ, Оңтүстік Корея және Голландия өкілдерімен бірге 5000 метрлік эстафетаның жартылай финалына қатысты. Жарыс қорытындысымен біздің шорт-трекшілер төрттікте голландиялықтарға ғана жол беріп, екінші орынды иеленіп, финалға шықты.
Конькимен жүгіру спортында 1000 метрлік қашықтыққа әйелдер жарысы болып, оған Екатерина Айдова қатысты. Қазақстандық спортшы бір шақырымдық қашықтықты 1:17:25 нәтижесімен еңсеріп, 19-шы орынға табан тіреді.
Биатлоннан 20 шақырымдық жекелей жарысқа төрт қазақстандық қатысты. Мәреге 20-шы болып келген Ян Савицкий жақсы нәтиже көрсетті,. Антон Пантов жарыс қорытындысымен 27-ші орынға тұрақтады, Сергей Наумик — 76-ші, Александр Трифонов — 85-ші болып келді.
Олимпиадалық күнді қазақстандықтар мәнерлеп сырғанаумен аяқтады, онда жанкүйерлер қысқа бағдарламада Денис Тен мен Абзал Рақымғалиевтің ойынын бақылады. Денис бағдарламаны 84.06 баллмен аяқтап, тоғызыншы орынға ие болды. Абзал жарыс қорытындысымен 64.18 балл жинап, 20-шы болып келді.
Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында
olympic.khabar.kz ақпаратына қарағанда, Денис Теннің атақты қарсыластарының арасында — әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған, 2013-2014 маусымдағы Гран при финалының жеңімпазы Юдзуру Ханю, үш мәрте әлем чемпионы Патрик Чан, Еуропа-2013 чемпионы, Әлем чемпионаты-2013 қола жүлдегері Хавьер Фернандес, Олимпиада-2010 қола жүлдегері Дайсукэ Такахаси, Тацуки Матида және Михал Бржезина бар.
1. Юдзуру Ханю (Жапония) — 4558 ұпай
2. Патрик Чан (Канада) — 4368
3. Хавьер Фернандес (Испания) -3903 ұпай
4. Дайсукэ Такахаси (Жапония) — 3529
5. Денис Тен (қазақстан) — 3511
6. Тацуки Матида (Жапония) — 3067
7. Михал Бржезина (Чехия) — 3065
8. Такахико Козука (Жапония) — 2800
9. Такахито Мура (Жапония) — 2768
10. Константин Меньшов (Ресей) — 2622
43. Абзал Рақымғалиев (Қазақстан) — 1151.
Евгений Плющенко спорттық мансабын аяқтағанын ресми жариялады
Сонымен қатар ол мәнерлеп сырғанауда қалатынын, шоуда өнер көрсететінін айтты, қазір спортшы жаңа бағдарламасын әзірлеуде.
Сочидегі Олимпиада: Қазақстандық биатлоншы Ян Савиций 20 шақырымдық жекелей жарыста 20-шы болып келді
Ян Савицкий біздің спортшылар арасында басқалардан жақсырақ уақыт көрсетті — ол көшбасшыдан 2 минут 24,1 секунд кейін қалып, 52 минут нәтижемен 20-шы орынға шықты. Одан кейін Антон Пантов қашықтықты 52 минут 51,5 секундта еңсеріп, 27 орынға тұрақтады. Сергей Наумик 58 минут 03,2 секундтық нәтижемен 76-шы болып келді.
20 шақырымдық қашықтықта «алтынды» француз Мартен Фуркад, «күмісті» — Эрик Лессер, «қоланы» — Евгений Гараничев қоржынға салды.




