Браконьерлікпен күрес шараларын жүргізу жөнінде
2014 жылдың 11 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің батыс өңірлік филиалының инспекторлары топтары киікті қорғауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізу барысында Қызылорда облысы Арал ауданы Мастат елді мекені тұсында осы ауданға қарасты Ақбай (Бекбауыл) ауылының тұрғынын заңсыз аңшылықпен айналысып жатқан жерінен ұстады.
