Жаңа
ҚазҰУ-дың түлектері — еліміздің іргелі ісін атқарып жатқан жандар
ЕСІМОВА ЖҰЛДЫЗ ДӘПЕНҚЫЗЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есімова Жұлдыз Дәпенқызы 1984 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Ынталы ауылында дүниеге келген. Ынталы орта мектебінде 9 жылдық білім алып, Жаркент қаласы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік аяқтап, 2001-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. Филология факультетін үздік аяқтағаннан кейін бірден аспирантураға жолдама алды. Аспирантураны үздік дипломмен аяқтап 2009 жылы «Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, көңіл айту» сөздері атт…
Бала асырап алу туралы заңнамаларды қолдану мәселелеріне қатысты Бас прокуратура алқа мәжілісінің отырысы туралы баспасөз ақпараты
Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісінің отырысы болып өтті. Алқада жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, соның ішінде шет елдік азаматтардың асырап алуының тәртібі туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік уәкілеттік органдардың 2012-2013 жылғы қызметіне жүргізілген тексеру қортындылары талқыланды.

Талдықорғандағы күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь жұмысын бастады
Талдықорған гарнизонында күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь пайдалануға берілді. Медициналық мекемені қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталған болатын. Бұл мекемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Сардарлар мен сарбаздарға сапалы ем жасау үшін госпитальде хирургия, анестезиология және реанимация, терапия және жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді. 1973 жылы ашылған 100 орындық әскери госпитальге күрделі жөндеу жұмыстары кезінде үй-жайларға әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы медициналық құрылғылар сатып алынды. Осының арқасында әскери дәрігерлерге қаралушылар үшін жағдай барынша жақсарып отыр. Білікті және мамандандырылған жәрдем көрсету мақсатында госпиталь «Aloka SSD» ультрадыбысты аппаратымен…
В Астане презентован 100-томный сборник казахского фольклора «Бабалар сөзi»
Казинформ, 20.02.2014 В Национальной академической библиотеке РК состоялась презентация 100-томного сборника казахского фольклора «Бабалар сөзi». «Это богатство, собранное нашим народом на протяжении многих веков», - сказал министр культуры и информации РК Мухтар Кул-Мухаммед на презентации сборника. Министр подчеркнул, что Глава государства в своем Послании народу Казахстана в 2003 году дал поручение Правительству подготовить программу «Культурное наследие», в рамках этой программы было задание выпустить сборник казахского фольклора. Теперь казахстанцы, открыв эти книги, смогут соприкоснуться с устной народной литературой. Как отметили составители сборника, 20 томов издания посвящены героическим эпосам, 13 томов посвящены исторической тематике. В сборник включены религиозные дастаны, нов…
Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық — М.Құл-Мұхаммед
ҚазАқпарат, 20.02.2014 «Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық деп ойлаймын. Бұл туралы бүгін Астанадағы Академиялық кітапханада өткен әлемдік деңгейдегі теңдессіз «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдық топтамасының тұсаукесер рәсімінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты. «Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы 2003 жылы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке орта мерзімге арналған «Мәдени мұра» атты арнайы бағдарлама жасауды тапсырды. Осы бағдарламаның шеңберінде қазақ халқының арғы-бергі тарихында жинақталған бай фольклорлық мұрасын жүйелеп басып шығаруды міндеттеді. Содан бері ең алғашқы томы 2004 жылы жарық көрген 100 томдықтың ең соңғы томы биыл оқырманымен қауышып отыр. Бұл үлкен еңбек!…
Қаржы нарығының проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кеңес
В Агентстве проведено совещание по обсуждению проблемных вопросов финансового рынка.
Агенттікте қаржы нарығының проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті.
Денис Тен: Олимпиаданың алтын медалін олжалауды мақсат етіп отырмын
Денис Теннің есімі Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін алып берген алғашқы спортшы ретінде тарихта қалды. Ол өте қарапайым және ақкөңіл адам. Бізге ол спорттық қарым-қабілетінен бөлек, ой қабілеті де жоғары, өзінше бір пәлсапалық толғамдарға терең бойлай алатын адам ретінде сезілді. Егер қолына қалам алған болса, тамаша жазушы болар ма еді, кім білсін. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген экслюзивті сұхбатында Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің вице-чемпионы өзінің болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, өзге де тақыптардың бетін ашып берді. - Қазақстандықтар бұл медальді көп күтті, олардың ақ үмітін сен толығымен ақтап шықтың. Өзіңнің Сочи Олимпиадасындағы өнеріңді қалай бағалар едің? - Сөз жоқ, мәнерлеп сырғанауда өнеріңді өте тамаша көрсетуге болады. Менің о…
Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің вице-чемпионы Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды. «Олимпиада ойындары — бірегей, ерекше шара. Оны өткізу — үлкен жауапкершілік. 2022 жылғы Олимпиада ойындары менің халқым үшін ұмытылмас мереке болады деп ойлаймын», — деді Д.Тен. Ұлттық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің мүшесі, Алматы өкілі Андрей Крюковтің айтуынша, Қазақстанда 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын жоғары деңгейде өткізетін барлық мүмкіндіктер бар. «2011-2013 жылдары біз халықаралық шаңғы қауымдастығының шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша бірнеше жарыстар мен шаралар өткіздік. Біздің басымдығымыз — Алматыда қысқы спорт түрлеріне қажетті спорт нысандарының басым бөлігі салынған. Жарыс кешендері Олимпиад…
Астанада киокушинкай-кан каратэден VII халықаралық турнир өтеді
Елордада 22 ақпан күні сағат 13.00-де «Алау» мұз сарайында балалар, жастар, ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай-кан каратэден жыл сайынғы «ТМД кубогы» VII халықаралық турнирі өз туын көтереді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында. Турнир Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орайластырылған дейді ҚР киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясының баспасөз қызметінен. Сайыста ТМД мемлекеттерінен келген 400-ге жуық спортшы боз кілемде бақ сынасады. Жеңімпаздар медальдар мен кубоктарды иеленіп, мақтау қағаздары мен бағалы және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Киокушинкай-кан — каратэнің айла-тәсілдерінің қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленетін түрі. Аталған спорт түрі адамның басты алғырлық қасиеттерін дамытады. Айта кетейік, Қазақстанда 5000-нан ас…