Аналар күні құтты болсын!
8 наурыз мерекесімен барлық әйел қауымын құттықтаймыз!
Халқымыз айтқандай, ақын да, батыр да анадан туады.
Сондықтан барлық әйелдерді, бірінші кезекте ана ретінде қадірлеп, мәпелеп, аялауымыз керек!
8 наурыз мерекесімен барлық әйел қауымын құттықтаймыз!
Халқымыз айтқандай, ақын да, батыр да анадан туады.
Сондықтан барлық әйелдерді, бірінші кезекте ана ретінде қадірлеп, мәпелеп, аялауымыз керек!
Шуақты наурыз айы аналар мерекесін алып келді, жұрт опыр топыр сыйлықтар таңдап жүр... Мен де сол мақсатпен шықтым. Ойыма карттар үйінде тұрып жаткан апа әжелердi елестеттім. Жуырда теледидардан қарттар үйін көрсетті. Жайлы да жылы бөлмелер, мекеменің пейілді қызметкерлері... тек немерелерінiн күлкісі жок, "ана" дейтін бала жок. Азған адам ба, жоқ, қоғам ба? Кемпір- шалды жылата тастау неден болады? Амал жоқтан ба, ата - анадан бас тартып, карт адамды күту бейнетінен арылу максатын көздегеннен бе, заман талабы ма?
Әлемнiн жарыгын сыйлағандарды қадірлейікшi, ағайын!
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Сергей Чекалин «Мы любим»
Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Кетті, қыстың ызғары,
Күн сәулесі, ерекше.
Бұл көктемнің, хабары,
Қызыққа, толды бар көше.
Құтты болсын, баршаға,
Аналардың мейрамы.
Көктем келді, далаға,
Мейрімге толды, бар маңы.
Бақыт, күлкі кетпесін,
Ұзақ болсын, өмірі.
Ырыс, молымен жетсін,
Уайымсыз болсын, көңілі.
Әйел, өмірдің көркі,
Бар өмірдің, сәні ол.
Болсын қызық, тек күлкі,
Сәтке толы, болсын жол.
Әйел, өмірдің гүлі,
Сұлулықпен, көркейткен.
Қызық болсын, әр күні,
Бізге, тойлатып жеткен.

Қазақстандағы банкілердің барлығы дерлік елдің экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде.
Біріншіден, әлем мемлекеттерінің ішінде, сыртқы қарызы бойынша біздің елдің екінші деңгейлі банкілері бірінші орында.
Екіншіден, олар экономикалық тұрғыда патриот емес. Мысалға, біздің елге долларды алып келіп, оны елдің өндіріс орындарына емес керісінше шетел экономикасының дамуына өз үлесін тигізуде.
Нақтырақ айтсақ, кез-келген банк тұтынушылық несиелерге ақша береді, ал ол тауар импорттық тауар. Енді айтып көріңіз, біздің банк жүйесі керемет деп.
Шешім:
1. Банктердің импорттық тұтыну тауарларын сатып алуды кредиттеуіне толықтай тыйым салу. Егер де біреу импорттық тауар сатып алғысы келсе, өз ақшасына ғана сатып алатын болады.
Қаржы секторында Ұлттық байлық жасалмайтындықтан, тек қайта бөлініп, ақшалай күйде сақталатындықтан, қаржы жүйесін шетелдік тауар шығарушыны қаржыландыруға емес, өзіміздің жақа жұмыс істетуіміз керек.
Біздің алдымызда әлемдегі барынша консервативті қаржы жүйесін құру мақсаты тұр. Ал оның басты міндеті – «көпіршіктер» ойыны емес, ұлттық байлық жасалатын нақты өндіріс салаларын қаржыландыру.
«Дана жол» экономикалық бағдарламасын жүзеге асыру кезінде нәтижесінде ұлттық өндірушінің есепшотында шоғырланатын нақты секторге өте үлкен көлемдегі теңгелік ағын баратын болады. Біз бұл ақшалардың басқа секторлерге немесе елден мүлдем кетіп қалу тесіктерінің барлығын бекітеміз. Және де мүмкіндігінше банктер үшін пайда табудың бір-ақ жолын қалдырамыз – ұлттық өндірушіні қаржыландыру.
Сәттілік бізбен бірге!

Біз біздің ұлтқа мұнай мен басқа да қорларға бақылауды қайтаруды ұсынамыз.
Себеп: 1991 жылы біз ұлт ретінде 26 млн тонна мұнай өндірдікте оның барлығы Қазақстанға тиесілі болды.Қазір біз 81 млн тонн өндіреміз, бірақ тек 12 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. Яғни Қазір біз мұнайды 3 есе артық өндіру көлемінде бізге ұлт ретінде 1991 жылға қарағанда екі есеге төмен тиесілі.
Негізгі шешуші қадам:
Бірінші біздің жасайтынымыз – шикізатты сатудан түскен пайданы 100 % мемлекеттендіру.
Мемлекеттендіру дегенміз не? Бұл мемлекеттің ұлт пайдасы үшін белгілі бір мүлікті егесіне оны қанағаттандыратын ақшалай компенсациясын төлеу арқылы алып алуы.
Мемлекеттендіруді АҚШ, Ұлыбритания мен Австралияны қоса алғанда көптеген елдер жүргізді. Бірақ бізге мұнай кен орындарын мемлекеттендіруді 1950-жылдан 1975-жылға дейін өткізген Сауд Аравиясы, Катар, Кувейттердің тәжірибесі жақынырақ.
Шикізатты мемлекеттендіру – объективті үрдіс. Себебі Мұнайды адам өз еңбегімен жасаған жоқ. Өздері жасамаған нәрседен бір топ жеке инвесторлардың үлкен пайда табуы экономикалық тұрғыдан дұрыс емес.
Біз нені меңзеп отырмыз? Мысалы, Қазақстанда бір баррель мұнайды өндіру, тасымалдау, салық, геологозерттеу, еңбекақы мен басқа да шығындар төлемін қоса алғандағы өндірудің өзіндік құны 25 $ - ды құрайды. Бұған бір баррель үшін 20% немесе 5 доллар көлеміндегі кәсіпкер пайдасын қосамыз. Нәтижесінде барлық шығындар мен пайданы ескере отырғандағы бір баррель мұнайдың толық өзіндік құны 30 долларды құрайды. Ал әлемдік нарықтағы бір баррель 100 долларды құрайды. Арадағы айырмашылық 70 долларды құрайды. Бұл 70 доллар шикізат беретін қосымша пайда болып табылады және де ол белгілі бір жеке инвесторлардың ғана емес бүкіл қоғам игілігіне жұмсалуы тиіс.
Бір маңызды нәрсені баса айтсақ, біз мұнай өндірудегі геологиялық зерттеу жүргізетін бұрғылау компанияларын мемлекеттендіру туралы айтып жатқан жоқпыз. Мысалы, «Шлумбергер», «Хали бёртн», пен «Беккер хьюз», (Schlumberger, Halliburton, Baker Hughes) компаниялары өз акционерлерін байыта отыра геологиялық зерттеумен және мұнай өндірумен айналысады. Бірақ олар өндіріп жатқан мұнай оларға тиесілі емес.
Екінші маңызды нәрсені айта кетейік. Мемлекеттендіру өзі жеке бір де бір проблеманы шешпейді. Оған мысалы – Боливия, Венесуэлла, Иран мен Ирак.
Cәттілік бізбен бірге!
"Дана Жол" қолданбалы экономикалық орталығының Қазақстанды дамытуға арналған экономикалық бағдарламасынан.
Егемен Қазақстан, 07.03.2014
Елімізде уақыт ағымымен қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар. Ол жыр алыбы Жамбылдың туған күнін жыл сайын атап өту. Биыл да Жетісу жерінде бұл үрдіс өз мәресінен көрінді. Салтанатты жиында дүйім жұрттың алдына шыққан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Жамбыл менің өз атым, Халық менің шын атым» деп артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған бабаның жауһар жырлары уақыт өткен сайын саф алтындай жарқырай түсуде», деп атап көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы жыршы Жамбыл – қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды, асқақ жаратылған алып өкілі» деген еді. Жамбылдың ешкімге дес бермеген суырып салма ақындығымен қоса, жыраулығы, күйшілігі, қазақ халқын күллі әлемге танытқан үстіне таныта түскені ақиқат. Сөйтіп, талайларды тамсантып қана қоймай бас идіріп, Жамбыл ХХ ғасырдың Гомері атануы тегін емес. Бір ғасыр ғұмыр кешіп, ұрпағына өлшеусіз мұра қалдырған жыр алыбы кейінгі толқынның қызығушылығын туғызып һәм қазақ тілінің қайнарына қандырып, сөз құдіретін ұғындыруда.
Сонымен қатар, айтыс өнері арқылы жастардың асқақ адамгершілік сезімі шыңдалып, елге, жерге, туған тілге деген сүйіспеншілігі артуда. Бүгінгідей әр ұлт өзінің табиғи болмысын сақтау арқылы өркениет өріне ұмтылып жатқан тұста, жас өскіндерді Жамбыл жырлары арқылы ұлттық құндылықты қастерлеуге бейімдеу біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін. Жыл сайын дәстүрлі түрде Жамбыл күні мерекесін өткізу «жамбылтану атты үлкен арнаның басталғанын, оның мәңгілік тақырып екенін аңғартады. Жамбыл тойы – қазақ мәдениетінің, қазақ өнерінің тойы, ортақ қазынамыз деді.
Әкім одан кейін Жамбылдың шөбересі Әлімқұл Жамбыловтың иығына құндыз жағалы шекпен жауып, басына бөрік кигізді. Мұны азаматтың білгендігі, асылдың сынығын бағалағандығы, деп ұқты жиылған қауым. Салтанат соңы өңір өнерпаздарының әуелете салған әсем әндері мен күмбірлете төккен күйіне ұласты.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл ауданы,
Алматы облысы.
Бүгін, 7 наурызда, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында министр М. Құл-Мұхаммед министрліктің құрылымында жұмыс жасайтын барлық әйелдерді осы айтулы мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» министрліктің бірқатар әйел қызметкерлері марапатталды.
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қорғаныс саласында еңбек етіп жүрген әскери қызметші әйелдерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы өздерінің еңбегімен Қарулы Күштерімізді нығайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен еңбегімен ерекше көзге түсіп жүрген әскери қызметші әйелдерге кезектен тыс әскери атақтар беріліп, грамоталармен марапатталды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында 8 мыңнан астам әскери қызметші қыз-келіншек бар. Олардың 821-і офицер шенінде болса, 54-і Қазақстан Қарулы Күштері қатарында
басшылық лауазымдарды атқарып келеді.
Төл армиямыз сапында қызмет атқарып келе жатқан әйелдер арасында -184 лейтенант, 258 аға лейтенант, 211 капитан, 134 майор, 27 подполковник, 8 полковник бар. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардың азаматтық персоналы арасында да көптеген адамзаттың нәзік жанды бөлігі еңбек етуде.
Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет атқарып жүрген әйелдер өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерімен әрдайым сенім үдесінен шығып келеді. Көптеген аяулы жандар ер азаматтармен бірдей Отан қорғау ісіне атсалысып, жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин «Спорт-Экспресс» басылымының нұсқасы бойынша ақпан айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2 ақпан күні Геннадий Головкин Монакода өткен Осуману Адамаға қарсы кездесуінде өзінің чемпиондық атағын сәтті қорғап қалған болатын. Бұл — қазақстандық боксшының шаршы алаңда өткізген 29 кездесудегі 29-ыншы жеңісі еді. Головкин оның 16 кездесуін нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, «Спорт-Экспресс» басылымының нұсқасы бойынша Головкин — Адама кездесуі ақпан айының үздік жекпе-жегі деп те танылған. Ал, ертеректе Головкинге Бүкіл әлемдік бокс ассоциясы (WBA) қаңтар айының үздік боксшысы атағын берген.
Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26 сәуір күні өткізуі керек еді. Бірақ, әкесінің қайтыс болуына байланысты бұл кездесуді кейінге шегерген. Шет елдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол енді келесі кездесуін жазда өткізеді. Оның қарсыласы Хулио Сезар Чавес болуы мүмкін.
Павлодарлық «Ертіс» футбол командасын алдағы маусымда Эстония құрамасының бұрынғы бапкері Тармо Рюютли жаттықтыратын болды. Бұл туралы эстониялық БАҚ өкілдері хабарлайды.
«Келісім-шарттың көбі шешіліп қойды. Енді тек билет және виза мәселесі қалды. Қазақстанға дәл қай күні баратынымды айта алмаймын. Өйткені, Эстонияда футбол маусымы басталып қойды. Ал, ол жақта наурыздың ортасында ғана бірінші тур ойындары өтеді. Қарап отырсаңыздар, осыдан он жыл бұрын эстониялық бапкерлерге ешкім мұқтаж емес еді. Енді жағдай өзгерді. Біздің бапкерлердің көбі шет елдерде жұмыс істеп жатыр. Демек, бұл біздің деңгейіміздің өскенінің көрсеткіші. Командамен мен әлі толық таныс емеспін. Бірақ, командамен бірден танысып, қызу жұмысқа кірісу керектігін жақсы түсінемін», — дейді Рюютли DELFI басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Тармо Рюютли 2008-2013 жылдар аралығында Эстония құрамасын жаттықтырған. Бұл бапкердің бастамасымен Эстония құрамасы ФИФА рейтингінде 47-ші орынға дейін көтерілген. Сондай-ақ, Еуро-2012 іріктеу додасының плей-офф кезеңіне шыққан. Оның соңғы жұмыс орны Таллин қаласының «Калев» командасында болған.