Қазақстан паралимпиадашылары Сочиде
Ертең Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Оған біздің елден тұңғыш рет бес спортшы қатысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ел спорты тарихына көз жүгіртсек, қысқы Паралимпиада ойындарына алғаш рет 1994 жылы бір спортшымыз қатысқан. Содан бері біздің елге бір лицензия бөлініп жүрді. Ал Сочиде өтетін Паралимпиада ойындарына бес спортшымыз бірнеше лицензия жеңіп алды. Мұны соңғы жылдары кембағал спортшыларымызға қолдау көрсетіліп отырғандығының нәтижесі деп түсінеміз. Әрі Қазақстан ұлттық паралимпиадалық комитетінің де қажырлы еңбегін атап өтуге тиіспіз. Бір жылдан асты Қазақстан паралимпиадашыларын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігі де жан-жақты демеп-жебеп келеді. Қазақстан паралимпиадашылары Сочиге 1 наурызда барған. Содан бері жерсінуде…




