Мазмұнға өту

Жаңа

Головкин Чавеспен жұдырықтасуға үміткерлердің тізіміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикандық спортшы кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы мүмкін үміткерлер тізімен енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чавестің жекпе-жегін өткізетін келесі қарсыласын анықтау бойынша дауыс берулерді Американың танымал спорттық телеарнасы ESPN жүргізеді. Аталмыш тізімге Головкиннен өзге аргентиналық Серхио Мартинес, британдық Карл Фроч пен американдық Андре Уорд енгізілген.

Чавестің өзі болса, ендігі додада Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлім етті.

Басты сөздер: Спорт
0
0
352

Ресей Федерациясының «Тополь-Э» баллистикалық зымыранын жіберуі туралы

1992 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сынақ полигондарын қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісімді іске асыру шеңберінде 2013 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрліктері арасында 2014 жылы сынақ жұмыстарын жүргізу Жоспарына қол қойылды. Жоспарға сәйкес наурыз айында үш сынақ зымыранын жіберуді жүргізу жоспарланған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2014 жылғы 19 ақпанда сынақ жүргізу туралы өтінім алды. Өтінімге а.ж. 28 ақпанда келісім берілді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік және жергілікті органдарды хабардар етті. «Тополь-Э» баллистикалық зымыранын сынау 5 наурыз Астана уақытымен сағат 00.10-де жүргізілді. Сынақ штатты…

0
0
421

«Астана» баскетболшылары ел кубогын еншіледі

Елордада баскетболдан Қазақстан кубогының биылғы маусымдағы жеңімпазы анықталып, биыл да «Астана» баскетбол клубы теңдессіз шықты, деп хабарлайдыTengrinews.kz. Биылғы ел кубогын «Ұлттық лигадағы» алты команда сарапқа салды. Олар әуелі екі топқа бөлініп, сынға түсті. Жартылай финалда «А» тобында топ жарған «Астана» «В» тобында екінші орынға ие болған «Барсы» (Атырау) баскетболшыларын тізе бүктірді. Есеп – 80:70. Жартылай финалдық екінші жұпта «В» тобында үздік шыққан «Каспий» (Ақтау) «А» тобында екінші орынды иеленген «Қапшағай» (Алматы облысы) командасынан 57:65 есебімен ұтылып қалды. Бұдан кейін ақтық ойындар өтті. 5-орын үшін өткен матча екі топта соңғы орынды қанағат тұтқан «Тигры» (Астана) және «Тобыл» (Қостанай) клубтары кездесіп, елордалықтар 84:82 есебімен басым түсті. Содан соң қо…

0
0
338

Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімін ұстады

Павлодар облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бұрын қозғалған қылмыстық істердің шеңберінде Павлодар қаласын абаттандыру үшін спонсорлық көмек ретінде алынған ақша қаражаттарын ұрлаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алған деген күдікпен Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын ұсталды.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
279

Кесапат өркендеуге қауіп төндіреді

Александр ТАСБОЛАТОВ

«Егемен Қазақстан» 05.03.2014ж.

Бүгінде елді елеңдететін бір-ақ нәрсе бар: ол – мемлекеттің өркендеуіне төнетін қауіп. Ал бұл қауіп қайдан шығады? Әрине, сырттан келмейтіні анық. Демек, іштен шыққан жау жаман дегендей, елдің өркендеуіне қатер төндіретін жалғыз аса қауіпті кедергі – сыбайлас жемқорлық. Мұны, яғни мемлекетті жайлаған асқынған дертті құртудың жолы туралы біз әңгімелескен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат ШАБАҚБАЕВ та жасырмай айтады.

Шабакбаев М.Н.– Құрметті Марат Несіпбекұлы, Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселесіне ерекше назар аударды. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес қандай игі жұмыстар атқарылмақ?

1
0
1307

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды.

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды. «BNews.kz», 05.04.2014ж. Ақтөбе облысына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша барған Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов те болды, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Криминалдық полиция комитетінің төрағасы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында 12 ақтөбеліктің шағымына құлақ түрді. Сұрақ қоюшылар жақындарына қатысты қылмыстық істердің тергелуін, жеке куәлік алу, көші-қон және азаматтық алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына қайта қызметке алу, зейнетақы төлемдерін өсіру және т.б. мәселелерін көтерді», делінген хабарламада. Кейбір мәселелер бойынша нақты түсіндірілді. Қалғандары бақылау…

0
0
445

«Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті.

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 8 Наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті. Дөңгелек үстел отырысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР Парламентінің депутаттары, Л.Н.Гумилев атындағы университеттің оқытушылары, дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. Келелі кездесуде қатысушылар ислам дінінің құндылықтары, өмірлік тәжірибелері, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, діндар және зайырлы әйелдердің арасындағы ерекшеліктері, байланыстары, қоршаған ортада болып жатқан жантүршігерлік ж…

0
0
788

Путин: Украинаның заңды президенті — Янукович!

Ресей президенті В.Путин журналистерге берген сұбхатында, "Егер мен Украинаға қарсы қарулы күш қолданатын болсам, ол халықаралық заңға сәйкес болады. Мысалы, Украинаның заңды президентінің ұсынысы бар", дейді.

Ресейдің Жириновский сияқты "саясаткерлерінің" естері түзу емес пе деп жүрсек, Ресей басшысының да есі күмән келтіре бастады.

Себебі, қандай мемлекет басшысы өзінің отанын сатып, елінен қашып жүрген қашқынды, "Украинаның заңды президенті" деп атайды?!

Читать полностью:http://top.rbc.ru/politics/04/03/2014/909011.shtml?utm_source=newsmail&utm_medium=news&utm_campaign=news_mail1

0
0
353

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Мәскеуде өтеді

МӘСКЕУ4 наурыз 2014, 16:34. BNews.kz 5 наурызда Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

«Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдерінің президенттері интеграциялық өзара әрекеттің негізгі бағыттарын – Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмысын талқыға салады», - делінген хабарламада. 

Бұған қоса, тараптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарттың жұмыс барысын талқылайды.


BNews.kz

 
0
0
352