Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Бүгін, 7 наурызда, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында министр М. Құл-Мұхаммед министрліктің құрылымында жұмыс жасайтын барлық әйелдерді осы айтулы мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» министрліктің бірқатар әйел қызметкерлері марапатталды.
