Мазмұнға өту

Жаңа

Аналар күні

Шуақты наурыз айы аналар мерекесін алып келді,  жұрт опыр топыр сыйлықтар таңдап жүр... Мен де сол мақсатпен шықтым.  Ойыма карттар үйінде тұрып жаткан апа әжелердi елестеттім. Жуырда теледидардан қарттар үйін көрсетті. Жайлы да жылы бөлмелер,  мекеменің пейілді қызметкерлері... тек немерелерінiн күлкісі жок, "ана" дейтін бала жок. Азған адам ба, жоқ, қоғам ба? Кемпір- шалды жылата тастау неден болады? Амал жоқтан ба, ата - анадан бас тартып, карт адамды күту бейнетінен арылу максатын көздегеннен бе, заман талабы ма?

Әлемнiн жарыгын сыйлағандарды қадірлейікшi, ағайын!

1
0
893

Аналардың мейрамы «8 Наурызға арнайы»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Чекалин «Мы любим»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Кетті, қыстың ызғары,

Күн сәулесі, ерекше.

Бұл көктемнің, хабары,

Қызыққа, толды бар көше.

 

Құтты болсын, баршаға,

Аналардың мейрамы.

Көктем келді, далаға,

Мейрімге толды, бар маңы.

 

Бақыт, күлкі кетпесін,

Ұзақ болсын, өмірі.

Ырыс, молымен жетсін,

Уайымсыз болсын, көңілі.

 

Әйел, өмірдің көркі,

Бар өмірдің, сәні ол.

Болсын қызық, тек күлкі,

Сәтке толы, болсын жол.

 

Әйел, өмірдің гүлі,

Сұлулықпен, көркейткен.

Қызық болсын, әр күні,

Бізге, тойлатып жеткен.

0
1
757

Дәріс 6. «Бізге 38 банк керек емес, экономика үшін нақты әрі белсенді түрде жұмыс істейтін 10 банк та жетіп жатыр» Серік Ахметов. ҚР Премьер-министрі

#Банк. Қазақстандағы банкілердің барлығы дерлік елдің экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде. Біріншіден, әлем мемлекеттерінің ішінде, сыртқы қарызы бойынша біздің елдің екінші деңгейлі банкілері бірінші орында. Екіншіден, олар экономикалық тұрғыда патриот емес. Мысалға, біздің елге долларды алып келіп, оны елдің өндіріс орындарына емес керісінше шетел экономикасының дамуына өз үлесін тигізуде. Нақтырақ айтсақ, кез-келген банк тұтынушылық несиелерге ақша береді, ал ол тауар импорттық тауар. Енді айтып көріңіз, біздің банк жүйесі керемет деп. Шешім: 1. Банктердің импорттық тұтыну тауарларын сатып алуды кредиттеуіне толықтай тыйым салу. Егер де біреу импорттық тауар сатып алғысы келсе, өз ақшасына ғана сатып алатын болады. Қаржы секторында Ұлттық байлық жасалмайтындықтан, тек қайта бөл…

0
0
525

Дәріс 5. «Мұнайды мемлекеттендіру объективті үрдіс, себебі мұнай адамның қолымен жасалмады...»

Біз біздің ұлтқа мұнай мен басқа да қорларға бақылауды қайтаруды ұсынамыз. Себеп: 1991 жылы біз ұлт ретінде 26 млн тонна мұнай өндірдікте оның барлығы Қазақстанға тиесілі болды.Қазір біз 81 млн тонн өндіреміз, бірақ тек 12 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. Яғни Қазір біз мұнайды 3 есе артық өндіру көлемінде бізге ұлт ретінде 1991 жылға қарағанда екі есеге төмен тиесілі. Негізгі шешуші қадам: Бірінші біздің жасайтынымыз – шикізатты сатудан түскен пайданы 100 % мемлекеттендіру. Мемлекеттендіру дегенміз не? Бұл мемлекеттің ұлт пайдасы үшін белгілі бір мүлікті егесіне оны қанағаттандыратын ақшалай компенсациясын төлеу арқылы алып алуы. Мемлекеттендіруді АҚШ, Ұлыбритания мен Австралияны қоса алғанда көптеген елдер жүргізді. Бірақ бізге мұнай кен орындарын мемлекеттендіруді 1950-жылдан 1975-жылғ…

0
0
1987

Жырауға ілтипат

Егемен Қазақстан, 07.03.2014 Елімізде уақыт ағымымен қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар. Ол жыр алыбы Жамбылдың туған күнін жыл сайын атап өту. Биыл да Жетісу жерінде бұл үрдіс өз мәресінен көрінді. Салтанатты жиында дүйім жұрттың алдына шыққан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Жамбыл менің өз атым, Халық менің шын атым» деп артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған бабаның жауһар жырлары уақыт өткен сайын саф алтындай жарқырай түсуде», деп атап көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы жыршы Жамбыл – қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды, асқақ жаратылған алып өкілі» деген еді. Жамбылдың ешкімге дес бермеген суырып салма ақын­­дығымен қоса, жыраулығы, күйшілігі, қазақ халқын күллі әлем­ге танытқан үстіне таныта түскені ақиқат. Сөйтіп, талайларды тамсантып қана қоймай бас идіріп, Жам…

0
0
506

Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін, 7 наурызда, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында министр М. Құл-Мұхаммед министрліктің құрылымында жұмыс жасайтын барлық әйелдерді осы айтулы мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» министрліктің бірқатар әйел қызметкерлері марапатталды.

0
0
397

Қазақстан Қорғаныс министрі әскери қызметші әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қорғаныс саласында еңбек етіп жүрген әскери қызметші әйелдерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Қорғаныс ведомствосының басшысы өздерінің еңбегімен Қарулы Күштерімізді нығайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді. Қорғаныс министрінің бұйрығымен еңбегімен ерекше көзге түсіп жүрген әскери қызметші әйелдерге кезектен тыс әскери атақтар беріліп, грамоталармен марапатталды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында 8 мыңнан астам әскери қызметші қыз-келіншек бар. Олардың 821-і офицер шенінде болса, 54-і Қазақстан Қарулы Күштері қатарында басшылық лауазымдарды атқарып келеді. Төл армиямыз сапында қызмет атқарып келе жатқан әйелдер арас…

0
0
795

Головкин ақпан айының үздік боксшысы

WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин «Спорт-Экспресс» басылымының нұсқасы бойынша ақпан айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2 ақпан күні Геннадий Головкин Монакода өткен Осуману Адамаға қарсы кездесуінде өзінің чемпиондық атағын сәтті қорғап қалған болатын. Бұл — қазақстандық боксшының шаршы алаңда өткізген 29 кездесудегі 29-ыншы жеңісі еді. Головкин оның 16 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Айта кетейік, «Спорт-Экспресс» басылымының нұсқасы бойынша Головкин — Адама кездесуі ақпан айының үздік жекпе-жегі деп те танылған. Ал, ертеректе Головкинге Бүкіл әлемдік бокс ассоциясы (WBA) қаңтар айының үздік боксшысы атағын берген. Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26 сәуір күні өткізуі керек еді. Бірақ, әкесінің қа…

0
0
284

«Ертіс» командасының тізгінін эстониялық маман ұстады

Павлодарлық «Ертіс» футбол командасын алдағы маусымда Эстония құрамасының бұрынғы бапкері Тармо Рюютли жаттықтыратын болды. Бұл туралы эстониялық БАҚ өкілдері хабарлайды. «Келісім-шарттың көбі шешіліп қойды. Енді тек билет және виза мәселесі қалды. Қазақстанға дәл қай күні баратынымды айта алмаймын. Өйткені, Эстонияда футбол маусымы басталып қойды. Ал, ол жақта наурыздың ортасында ғана бірінші тур ойындары өтеді. Қарап отырсаңыздар, осыдан он жыл бұрын эстониялық бапкерлерге ешкім мұқтаж емес еді. Енді жағдай өзгерді. Біздің бапкерлердің көбі шет елдерде жұмыс істеп жатыр. Демек, бұл біздің деңгейіміздің өскенінің көрсеткіші. Командамен мен әлі толық таныс емеспін. Бірақ, командамен бірден танысып, қызу жұмысқа кірісу керектігін жақсы түсінемін», — дейді Рюютли DELFI басылымына берген сұх…

0
0
295

«Қайсар» командасына тағы екі ойыншы қосылды

Футболдан Премьер-лигаға қайта оралған қызылордалық «Қайсар» өз қатарын тағы екі ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қызылордалық команданың сапына македониялық шабуылшы Душан Савич пен қазақстандық қорғаушы Алдан Балтеав қосылды. «Қайсар» басшылары екі ойыншымен де бір жылдық келісім-шартқа қол қойған. Душан Савич Югославияда дүниеге келген. Сербиялық «Црвена Звезда» командасының тәлімгері болып табылады. Осы уақытқа дейін румыниялық «Брашов», кореялық «Инчхон Юнайтед», өзбекстандық «Пахтакор», македониялық «Работнички» сынды командалардың сапында ойнаған. 2013 жылы футболшы «Волынь» командасының қатарында доп теуіп, 32 кездесуде 6 нәтижелі соққымен көзге түскен. Македония ұлттық құрамасының сапында тоғыз кездесуге қатысқан. Ал, Алдан Балтаев болса қызылордалықтарға жіті…

0
0
416