Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Қарулы Күштерінің сержанты «Погон таққан арулар — 2014» сұлулық сайысының жеңімпазы атанды

8 наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласында әскери қызметші әйелдердің «Погон таққан арулар - 2014» атты сұлулық және кәсіби шеберлік сайысы өтті.

Атақ үшін ҚР Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар министрлігі және Шекара қызметінің Қарағанды гарнизоны бойынша әскери бөлімдерінің 14 өкілі бақ сынасты.

«Жауынгерлік даярлық» кезеңінде арулар ату қаруынан дәлдеп атудың мергені болып танылды. Содан кейін сайыскерлер кешкі сән үлгісіндегі көйлектермен шықты, өздерінің  шығармашылық және аспаздық қабілеттерін паш етті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «Астана» өңірлік қолбасшылығына бағынысты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Жаңагүл Жарқымбекова «Погон таққан арулар – 2014» сайысының бас жүлдесі – Гран-при жеңіп алды.

Бірінші вице мисс ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің кіші сержанты Бағлан Кәрімова атанды. 55524 әскери бөлімінің кіші сержанты Юлия Степаненко екінші вице мисс атағына лайық болып танылды. «Погон таққан арулар - 2014» сұлулық сайысының қалған қатысушылары 11 номинация бойынша марапатталды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
525

Осы тақырып бойынша

ҚР Қарулы Күштерінің сержанты «Погон таққан арулар — 2014» сұлулық сайысының жеңімпазы атанды - Yvision.kz