Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бейнебақылаудың заманауи жүйесі енгізілді

2014 оқу жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Кәсіпқой маман – армия негізі» ұранымен өтуде. Осыған байланысты Қарулы Күштерде қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен қайта жарақтандыру үрдісі жалғасуда.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 16443 әскери бөлімінде қазіргі заманғы байланыс құралдарымен жарақтанған бөлім кезекшісінің жаңа бөлмесі ашылды. Бейне бақылау жүйесі, күзеттің заманауи техникалық құралдары жеке құрамның жеделдігін және ұтқырлығын арттырады. Енді бөлім кезекшісі бөлім аумағын арнайы пульттен бақылай алады және дабылды жағдай туралы алғашқы боп ақпарат ала алады. Сондай-ақ, бейнебақылаудың жаңа жүйесі орын алған оқиға туралы ақпараттарды сақтауды қамтамасыз етеді.

Әскери бөлім кезекшісінің қызмет орны да жаңаша жетілдірілді. Онда жауынгерлік қызметті атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіптегі жоғары көрсеткіштерімен ерекшелініп жүрген 16443 әскери бөлімі жеке құрамының пікірінше, аталған жаңартулар жауынгерлік даярлыққа оң ықпал бермек.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
340

Осы тақырып бойынша

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бейнебақылаудың заманауи жүйесі енгізілді - Yvision.kz