Сүйікті жар, мейірімді ана
Офицерге тұрмысқа шығу оңай, ал оның әйелі болу – қиынның қиыны. Жиі көшіп-қону, тұрмыстық қиындықтар, жолдасының бітпес іссапарлары, әйелінің мойнына жүктелген балаларының тәрбиесін қадағалау сынды барлық қиындықтарға төзу үшін офицерді шынайы сүйе білу керек. Қуанышқа орай, мұндай әйелдер жетерлік! Сондай әйелдердің бірі – гвардия капитаны Гүлбану Тұрсынқызы Исмаилова. Гүлбану әскери азаматқа тұрмысқа шықты. Өзге әскери қызметшілердің отбасы сияқты Кеңес өкіметін аралап көшіп-қонып жүрген. Бүгінде ол Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының басқармасында қаржы бөлімінің аға офицері қызметін өткеруде. Оның біресе басқа қалаларда қызметі бойынша іссапарда есеп тапсырып, не әйелдер кеңесінің төрайымы болғаннан кейін мәдени демалыс іс-шараларын ұйымдастырып жүргенінің куәсі боласыз. Үй шаруасының…