Мазмұнға өту

Жаңа

Сүймесеңде, сүйемін деп айтасың

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сүймесеңде, сүйемін деп айтасың,

Жан – жағыңа, ұран тұтып жатасың.

Сүйемін деп, өзіңе де мың айттың,

Мына түріңмен, қайда жаным барасың.

 

Сүйемін деп, талайларға сен айттың,

Сүйем, күйем, үйленемін деп жаттың.

Нақ етерін, мен сұрасам, білмейсің,

Мына түріңмен, сен алысқа жетпейсің.

0
1
447

Ақ алтын сыңғыры

Мақтарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының  қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың шаршы км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғындары 300 мыңнан асатын ауданның жалпы халық санының 82,7%-ын қазақтар құрайды. Аудан жеріндегі 182 елді мекен, 1 қалалық, 3 кенттік және 23 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан 232 км қашықта орналасқан.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты — шитті мақта өндіру. Оның үдесіне ауданның ауыл шаруашылық өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. 1997 жылға дейін аудандағы 11 ұжымшар және 19 кеншар мақта өсіріп, өңдеуге маманданып келген, оның негізінде қазір ауданда 5 мақта тазарту, 3 мақта майын, медициналық  мақта жасау зауыты жұмыс істейді. Аудан республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. «Молчанов және К» спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, «Мақтарал тәжірибе станциясы», «Оңтүстік су шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімінің 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Бұлардан басқа ауданда 15871 агроқұрылым, 15846 шаруа қожалығы құрылған. Дегенмен, бұл кәсіпорындардың барлығы халқы өте көп ауданды жұмыссыздықтан сақтай алмай отыр. Ауданда, әсіресе, жастардың басым бөлігі жұмыссыз.

Мақтаарал ауданы  Қазақстанда адам тығыздығы бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші орын алады. Қазақстанның «ақ алтын өндіру заводы» деген атпен Қазақстанға танымал.  Суармалық егіншілікпен айналысатын бұл аудан халқының демографиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайының шын бейнесі бүгінде тым нашарлап кеткен.

Мақтаарал ауданында көп балалы отбасылар саны көбеюде. Ана-бала өлімінің азаюы ақ халатты абзал жандардың арқасы. Табиғи өсуі 2012 жылдың 10 айында 19,6 пайыз болса, биыл 18,6  пайызды құрап отыр. Ауданда 1 – аудандық орталық емхана, 3 – аудандық ауруханасы, 1туб.диспансер , 5 емхана,  36 дәрігерлік амбулатория, 84 медициналық пункт тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде.  Оралман бауырларымыздың Мақтаарал ауданына қоныстануы  легі де айтарлықтай артып отыр. Бұл онсызда тығыз болған аудан халқының демографиялық жағдайын ушықтыруда. Халық санының бала туу және  механикалық қозғалысы арқылы артуы халықтың және де тығыздандырудың негізгі себебі болып отыр. Демографиялық жағдайдың ушығуы халықтың әлеуметтік ахуалына үлкен әсер ететіндігі айдан анық. Бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жұмыс орындарын еселеп көбейту қажеттілігі туындауда.

Президентіміздің шағын-орта кәсіпкерлікті қолдау стратегиясын негізге ала отырып ауданда біршама өзгерістер жасалуда. 2013 жылы қазанда  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО филиалы өкілдері аудан кәсіпкерлеріне «Бизнес-кеңесші» атты семинар тренингтер өткізіп, 30 кәсіпкерге сертификаттар берілді. Ал, халқы 300 мыңнан астатын ауданға 30 ғана шағын кәсіпкерлік жастарды жұмыспен қамтамасыз ете ала ма? Әрине, жоқ. Жұмыссыздар санын кемейту үшін үлкен корпорациялар мен компаниялар құру және оларға қолдау көрсету қажет. Оралман бауырларымыздың легін басқа облыстар мен аудандарға бұру  арқылы Мақтаралдағы демографиялық жағдайды біршама жақсартуға да болады. Дегенмен, мұны елеп-ескеріп жатқан әкім-қаралар жоқ. Аудан кері кетудің үстінде.

Мақтаарал халқының диқандары мақта егіншілігенен көңілі қалған. 2005 жылы «Ауыл жылдары»  мақта өнеркәсібінің дамуындағы шарықтау кезеңі болды. Мақта бағасы өзінің жоғарғы көрсеткішін көрсетті, яғни, келісіне 120 теңге болды. Осы көрсеткіш келесі жылдары өзін төмен құлатып, келісіне 45 теңгені құрады. Бұл нарықтың әсері ме? Әлде, Мақтаарал ауданындағы мақта өнеркәсібіндегі  өзара олигаполияның келісімі нәтижесі ме? Әйтеуір, халық мақтадан күдер үзе бастады.

Егіншіліктің халық үшін маңызы жоғала бастаған. Әрине, ешқандай пайда көріп, игілігіне жарамаған жерді кетпен алып қазбалай берудің жөні жоқтығын халық біле бастады. Нәтижесінде, бүгінде жұмыссыз жастардың басым бөлігі Астана мен Алматыға күн көру қамын іздеп кетуде. Қазақстандағы балалар құқығы ең көп тапталатын да дәл осы аудан. Мұнда балаларды қара жұмысқа жегу (шабық шаптыру, мақта тергізу) тым белең алған.  Қария кісілердің зейнетақысына ғана сүйеніп, күн көріп жатқан қаншама отбасылар да бар. Шағын кәсіпкерлік дамуының деңгейі - тасқабаның шыңға шығу жылдамдығында. КСРО-ның кезіндегі топырақ құнарлығынан гектарына 15 тоннаға дейін мақта алып, рекордтық көрсеткіштерге жеткен кездер болған.  Ал, тәуелсіздік алғалы бері жердің құнарлығын арттыруға үкімет тарапынан көңіл бөлінбей, бүгінде гектарына бір тонна алсақ қуанатын жағдайға жеттік.

Мойындау керек, мақта өсіруді қойып, қауын-қарбыз т.б. әртүрлі көкөністер өсірудің тиімділігін көріп, халық осы шаруашылықты өсіруге қарай ығысты.  Бірақ, қаншама көкөніс өсіргенімен, ол -  суға шөккен жанның шыбыққа жабысуы секілді. Өйткені, Қазақстан халқы көкөніс және жеміс жидек нарығының 70 %-ын Қытайдың ширімей ұзаққа жететін ГТО (Гендік-Түрлендірілген Обьектилер) өнімдері алып жатыр. Ал, Мақтарал бау-бақша өнімдерін нарыққа енгізу алып-сатарлар үшін тиімсіз. Ауданның бау-бақша өнімдерін жүк машиналарымен Ресей кәсіпкерлері арзан бағада алып кетуде. Еңкейген жас пен кәрі орыстың жүк машыналарының келуін көргенде қуанып, әйтеуір көкөнісетірінің төмен бағаға болса да сатылуын қанағат тұтады.

Өзбек гострабайтерлерінің жұмыс атқаруына тиым салуы кесірінен, оның үстіне шекараның тарс жабылғанынан ала жаздай еңбек етіп өсірген мақтаны тергізудің өзі ақырзаман. Мұның нәтижесі, қазіргі ауылдағы мектеп жастарындағы балаларды сабақтарынан босатып, жұмысқа тартуға алып келіп отыр. Көрші елдің арзан жұмыс қолдарын қолдану заңдарын жеңілдету, ауданға қажет қара жұмыскерлер санын анықтау арқылы ауданға жұмысшыларын кіру ағымын белгілеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл аудандағы балалардың құқығын сақталуын қамтамасыз етеді.

Абылай хан билігі кезінде қазақ халқын егіншілікке бет бұруын қалады. Ұлы ханның арманын Қызыл империя саясаты  жүзеге асырды.  Алайда, Мақтарал тарихында ондаған ғасырлар бұрын егіншіліктің дамығаны анықталып отыр. Тарих беттерін ақтарсақ, ежелгі Мәуреннаһр (Мақтарал) жерінде суармалық егіншілік өте зор дамыған. Арал теңізі суының тартылуы - осы егіншілік аумағын үлкейту және көркейту үшін жасалған қателік. Мақтарал егіншілігі үшін ең маңызды саналатын Достық каналы Өзбекстан мемлекетінен бастау алатындықтан, су мәселесінде де өте көп проблемалар шығып отыр. Егіншілік суының жаз маусымында жетіспеуі – халықтың баптап жүрген егінін күйретуде.

Мақтарал ауданы географиялық тұрғыдан қолайсыз орналасуы - көлік дәліздерінің қарқынды дамуын тежеп тастады. Ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 716,7 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 108 шақырымы республикалық, 450,3 шақырымы облыстық, 158,4 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықаралық маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік «Тәуелсіздік» көпірі салынды. Сенсеңіздер, ауданды басқа аудандармен, жалпы елмен байланыстырып тұрған жалғыз көпір осы.

КСРО-ның уақытында  темір жолдар ауданында айтарлықтай  қызмет атқарды. Қызыл империя тарқауынан-ақ, а темір жол қатынастарының баршасы құлдырап, бірнеше жылда өз қызметін тоқтатты. Көптеген адамдар темір жол рельстерін үй құрылысына пайдаланып, кейбіреулері темірлер өткізу нүктелеріне тапсырып, мемлекет мүлкін талан-таражға салды. Ал, мұны қадағаламаған басшылыққа не айтасыз?!.. Осы оқиғалардан кейін темір жолдар халық үшін бұлыңғыр елес болып, оралмасқа кетті.

Өз уақытында темір жолдар ауданды көрші аудандармен байланыстырып, Қазақстанның көптеген бөліктерін жалғастырып қана қойғаны жоқ, көршіміз өзбек халқымен де экономикалық байланысын ұстап тұрды. 2017 жылы Астана қаласындағы Экспо дүниежүзілік көрмесінің негізгі тақырыбы «болашақтың энергиясы немесе энергияны үнемдеп табиғи альтернативті энергия көздеріне өту және экологиялық тазалықты сақтау» болды. Темір жолдар әлемдегі ең экологиялық таза транспорт құралы болып табылады. Энергияны үнемдеу жағынан да әлдеқайда тиімді. Ендеше, неге ауданда бұл транспортты дамытпасқа?! Оның үстіне, демографиясы жоғары аудан болса.

Халықтың ең көп қолданатын автокөлік жолдары болып табылады. Көлік автомагистальдары ауданды басқа аудандармен байланысуын қамтамасыз етуші жалғыз көлік комуникациясы болып тұр. Бұрындары Ташкент-Самарқанд автомагисталь жолы Мақтаарал ауданы арқылы өтетін болған. А2 автомагистраль жолымен бірігіп Алматы, Тараз, Шымкент қаларымен Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қалаларын байланыстырып тұратын болған. Ташкент- Самарқанд автомагистарль жолы Мақтаарал ауданы арқылы 2004 жылға дейін ғана өтті. Қазақ-Өзбек шекарасы тарс жабылып, күшейтілуі соңынан жабылуы нәтіжесінде Мақтаарал ауданы оқшауланып қалды. Шекара жабылуынан алдын аудан  жұртшылығы өзбек елімен сауда-саттық арқылы және егіншілік арқылы өз тіршілігін істеген болса, қазірде бұл жүйенің бәрі күйреді. Ауданда жалғыз Атакент шекара бекеті жұмыс атқарып отыр. Бұл шекара бекетін кесіп өту қалтаның қалындығын қажет ететіндіктен, халық Өзбекстан жеріндегі туыс-бауырларына өту үшін Сарыағаш ауданындағы Қапланбек және Черняевка шекара бекетін пайдаланады. Ал, бұл жолдың ұзақтығын еселендіре түседі.

Шекара жабылуы кезеңінде жер мәселесіндегі өте көп дау-дамайлар больды. Бұл даулар қаншама азаматтар өліміне әкеліп соқтырғаны жасырын емес. Шекара бекеттерінің ашылуы екі ел үшінде пайдалы болып табылады. Мақтарал ауданы Ташкент-Самарқанд автомагистраль жолы іске қайта қосылса , аудан бойына қан жүгіріп, дамудың жоғарғы көрсеткішін қайта көрсетуі анық. Бұл ойды жүзеге асыру үлкен дау-дамайға алып келуі әбден мүмкін, бірақ бұл халықтың ортақ мүддесі үшін ашылатын болса, бірнеше жылдан кейін-ақғ аудан бюджеті артып, шағын және орта кәсіпкерлік қарқанды даму көрсеткішін көрсетеді. Темір жолдарының қалпына келуі жүк тасымалын жеңілдетіп қана қоймай, аудан халқының жолын қысқартады. Темір жолдары арқылы көрші Өзбек елімен сауда-саттық байлынысы күшеюі және әлеуметтің жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне үлкен ықпал етеді.

Президент биылғы ОҚО сапарында 5 гектар ғана жері бар шаруаларға бұдан кейін субсидя т.б. қаржылық жағынан мемлекет көмектесе алмайтынын айтқан болатын.  Бұл дегеніміз, суда шөгіп жатқан адамның үстінен тас тастағанмен бірдей. Онсыз да азып-тозып жатқан аудан халқының әлеуметтік жағдайын көтерудің орнына, биліктің істеп отырған бұл әрекеттері әділетсіздік. Ауданның демографиялық ахуалын, халқының көптігін ескеріп, жағдай жасаудың орнына, осылайша ақ алтын қолдан құрдымға жіберіліп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, мақта өсіру Қазақстанда құрып кетеді. Неге ақ алтынның сыңғырын ешкім естімейді?..

   

Нұрбек Оразбайұлы

Cтудент

 
1
0
4314

Н. Қаппаров В. Лоссерталеспен кездесу өткізді

2014 жылдың 12 наурызында Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қаппаров Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-25/

0
0
327

Қаржы полициясы Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық істің тергеуін жалғастыруда

Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін жалғастыруда.
Ол облыстық әкімшілік пен «ENRC Kazakhstan» ЖШС арасында жасалған 2013 жылға өзара әрекеттестік меморандумы шеңберінде Павлодар қаласын абаттандыруға демеушілік көмек ретінде бөлінген 23 млн.теңгені заңсыз иеленді деп айыпталуда.
Сонымен қатар, оған құрылыс фирмаларының өкілдерінен мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жету үшін пара алу фактілері бойынша айып тағылуда.   
2014 жылғы 6 наурызда Арын сот санкциясымен қамауға алынды.
Бүгінгі күні оның басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде.
Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
269

Қаржы полициясы Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық істің тергеуін жалғастыруда

Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін жалғастыруда.
Ол облыстық әкімшілік пен «ENRC Kazakhstan» ЖШС арасында жасалған 2013 жылға өзара әрекеттестік меморандумы шеңберінде Павлодар қаласын абаттандыруға демеушілік көмек ретінде бөлінген 23 млн.теңгені заңсыз иеленді деп айыпталуда.
Сонымен қатар, оған құрылыс фирмаларының өкілдерінен мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жету үшін пара алу фактілері бойынша айып тағылуда.   
2014 жылғы 6 наурызда Арын сот санкциясымен қамауға алынды.
Бүгінгі күні оның басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде.
Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

.

0
0
363

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов ҚР Мәдениет министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов ҚР Мәдениет министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР мәдениет министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын таныстырды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы сізге, осынау жұмыстың маңызды саласын сеніп тапсырды. Президент көп ұлтты Қазақстанның мәдениетіне, төзімділікті нығайтуға, ұлтаралық келісімге айрықша көңіл бөледі»,-деген Үкімет басшысы Мәдениет министрлігінің жаңа басшысына жұмыста табыстар тіледі.

ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ ведомствоның бұрынғы басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

М.Құл-Мұхаммедтің басшылығымен мәдениет және ақпарат саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді,-деген С.Ахметов «Сіз отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қостыңыз»,-деп оның еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысының Өкімімен М.Құл-Мұхаммед ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалғанын еске саламыз.

0
0
397

Қазақ КВН-і ойын ба, әзіл ме, саясат па?

“Сөзге кеп барлық нәрсе тіріледі,
Сөз жүдесе - өмірдің жүдегені.”
Біздің дәуірімізге дейінгі заман ұраны осындай еді. Бірі астарлап  сөз майын тамызса, енді бірі  мысқылдай жеткізген. Сол заманның қалталы байын да, адал ақсақалын да тек сөзбен сынап сөзбен жерлеген. Бүінде көпшілік қауым жүрегіне жол тапқан салиқалы ақын өлеңімен қатар ирония мен сарказмға толы КВН. Халықаралық дәрежеде КВН Қазақстанда Жайдарман деген атқа ие көңілді тапқырлар көпшілік назарында.
Жайдарлы жас буынды әрқашан алға сүйрелеген өз сүйікті ісінің маманы Қазақстан КВН одағының президенті – Есен Баймұхамедұлы Елеукен бізбен сыр бөлісті. Есен мырза қазіргі КВН-ның әзілдері туралы айта келіп:
«Әр адам өз тереңінен су ішеді» дейді. Егер қаптаған әзіл-қалжыңның арасынан тек
таязы мен арзанын ғана байқаса, ол адамның деңгейінен хабар беретін сияқты.
«Жайдарман» тек салмақты әзілмен сойып салады деген пікір білдіруден аулақпын,
дегенмен көрермен аудиториясы әртүрлі екенін есепке алсақ, әр жастағы, әр
көзқарастағы адамның жанына жақын тақырыптары болады. Біз барлығын қамтуға
тырысамыз
» дейді.
-Жалпы бұл ат қайдан келген? Халықаралық форматтағы атауды өзгерту құқығы кімде екен?
Қазақстан КВН одағының президенті
- Жайдарман  әзілқойлар мен тапқырлар сайысы бағдарламасы
"Қазақстан" ұлттық телеарнасынан көрерменге ұсынылады. Өздеріңіз
білесіздер, 2012жылы  1 қыркүйектен бастап, арна мемлекеттік тілде тарала бастағаннан кейін бағдарламаның атын ауыстыруды ұйғардық. Негізі «Жайдарман» атауы 2000 жылдардан бері қолданыста бар. Идеяны қолдаған сол кездегі ОҚО әкімінің орынбасары, қазіргі ҚР Мәдениет министрі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай болатын. Ал Ресейлік әріптестеріміздің қандай ойда екенін білмеймін. Олар біз туралы білмейтінде шығар.
- Қазақ қалжыңының болашағын қалай елестетесіз?
Саусақты шошайтса да күле беретін кезге қарай кетіп бара жатқан жоқпыз ба? КВН қазақы тұлғамызды бұзуға септігін тигізбей ме?
- «Әр адам өз тереңінен су ішеді» дейді. Егер қаптаған әзіл-қалжыңның арасынан тек таязы мен арзанын ғана байқаса, ол адамның деңгейінен хабар беретін сияқты. «Жайдарман» тек салмақты әзілмен сойып салады деген пікір білдіруден аулақпын, дегенмен көрермен аудиториясы әртүрлі екенін есепке алсақ, әр жастағы, әр көзқарастағы адамның жанына жақын тақырыптары болады. Біз барлығын қамтуға тырысамыз. Меніңше, осы сайыс арқылы тұлғаларды қалыптастырып жатқан сияқтымыз. Көше кезіп төбелес іздеген немесе ана тілінен адасып қалған талай бала «Жайдарманға» деген махаббатының арқасында дұрыс жолға түсіп, мақалдап сөйлегенде кез келгенді жаңылдыратын деңгейге дейін көтерілгендер бар.
Есен Елеукен мырза, осы жайдарманды көшірме деп айта аласыз
ба дегенге : «Талантты жастардың барлық жағынан ашылып, халыққа танымал болуына жағдай жасап жатқан «Жайдарманға» көшірме дегеннен басқа қандай кінә артуға болады. Көшірме болғанда да бас жоқ, көз жоқ тіке аударып алған емес, ұлттық мүддеге сай, қазақи қалжыңға ыңғайластырып өңделген» - деп қазағын тағыда асқақтата сойледі.
-Мейлі қандай атпен танылсада осы жайдарман ойын ба, әзіл ме, саясат па?
- Бағдарлама Саяси емес. Алайда саяси әзіл бар. Көре білген
адамға, тыңдай білген адамға. Жайдарманды әр буын өкілдері тыңдайды.
Сондықтанда әрқайсысының түсінуі әрқалай. Десек те саясатқа тікелей қатысы бар
деп айта алмаймын. Қазақ жастарының бастарын жайдарлы жерде қосылуы дер едім.
Тіл тазалығы жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Бұл тек республикалық деңгейдегі емес, аймақтық, облыстық, қалалық масштабтағы ойындарда да қолға алынды. Дегенмен кішігірім лигаларда «қыстырма» сөздер әлі қолданыста. Бірақ телевизиялық нұсқада қатаң тиым салынған. Астарлы сөзбен сыр шерткен қазақ үшін КВН әлі де жат болып жатуыда мүмкін. Бірақ 5 жыл бұрынғы КВН мен қазіргі Жайдарман жер мен көктей. Таяқтың да екі ұшы боады бірі жақсы бірі жаман Жайдарманның жайдарлы өмірі әлі алда, -деп Есен ағамыз өз сөзін аяқтады.
“Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.”
0
0
1648

«Кәсіпқой маман – Армия негізі»: Аэроұтқыр әскерлерінде командирлердің жиыны өтуде

Бүгін Іле полигонында (Алматы облысы) ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің батальон командирлері мен штаб бастықтарының онкүндік жиыны басталды.

Жиын мақсаты - офицерлердің теориялық дайындығын жүргізу және негізгі оқу пәндері бойынша қатысушыларды басшылық құжаттардың талаптарымен таныстыру.

- Бұл сабақтар ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің ұдайы жауынгерлік әзірлігін қолдауға көмектеседі. Осындай жиындардың арқасында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін білікті және сенімді орындау үшін кәсіби даярлықтарын жетілдіретінін ерекше атап өткен жөн, - дейді жиын басшысы полковник Владимир Мариич.

Іс-шараның қорытындысы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтары жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз ету қамтамасыз ету бойынша сынақтар тапсырып, олардың арасындағы жиынды табысты аяқтаған әскери қызметшілердің үздіктері айқындалатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
354

Біз LTE технологиясы негізіндегі iDNet Wireless қызметін іске қостық

Достар, iDNet және Megaline абоненттері үшін iDNet Wireless қызметін және тіркелген-мобильді КЖҚЖ жиынтығын іске қостық. Аталған сервисте LTE технологиясын қолдана отырып, біз абоненттеріміздің ұялы желідегі конвергенция деңгейін арттыруды көздедік.

iDNet Wireless өнімі, iDNet қызметін пайдаланғысы келетін, бірақ оған қосылу мүмкіндігі жоқ абоненттерге арналып жасалған. Біз абонентке жоғары сапалық сипаттамасы бар кең жолақты Интернетке қоллжетімділік мүмкіндігін беру үшін LTE технологиямын қолданамыз. Бұл әлі iDNet қызметі аясында ұсынылатын толыққанды жылдамдығы жоғары Интернет емес, бірақ абоненттің Қазақтелекомның FTTH инфрақұрылымы әлі жүргізіле қоймаған үй шаруашылығына қызметті қосу туралы өтінімін қанағаттандыратын қызмет түрі.

iDNet Wireless қызметінің параметрлері: трафик көлеміне шек қойылмайды, қосылу жылдамдығы 20 Мбит/с дейін, ақысы айдың соңында төленеді. Қызмет Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарының бірқатар елді мекендерінде қолданылады. Алдағы айларда қызмет көрсету аясы кеңейе түспек.

Тіркелген-мобильді КЖҚЖ қызметі жиынтығы Megaline немесе iDNet қызметін пайдаланатын абоненттерге үйде ғана емес, LTE желісімен қамтылған барлық аумақта бізбен бірге болуға мүмкіндік береді. Жиынтықты сатып ала отырып, абонент жоғары сапалық сипаттамасы бар LTE технологиясы бойынша ұялы кеңжолақты интернетке қолжетімділікті және 2 ГБ көлеміндегі трафикті пайдаланудың қосымша мүмкіндіген ие болады. Қызметті жиынтық бойынша сатып атлған абонент оны жеке-жеке сатып алғанна гөрі қаржылық жеңілдікке қол жеткізеді. Әрі абонент жиынтық құнын «Қазақтелеком» АҚ бірыңғай есебі бойынша ай соңында төлейді. Жиынтықты Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарының бірқатар елді мекендерінде сатып алуға болады. Алдағы айларда қызмет көрсету аясы кеңейе түспек.

Сонымен қатар, біз 3 ай ішінде iDPhone қызметін «Алтел» АҚ-ның ұялы КЖҚЖ желісі арқылы қосу мен қызмет көрсетудің қосымша мүмкіндіктерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Altel4G желісі арқылы берілетін iDPhone қызметі кепілдендірілген сапамен ұсынылады және оны «Алтел» АҚ-ның кеңселерінен сатып алуға болады.

1
2
636

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 7 наурызында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігіне қарасты Батыс өңірлік филиалының инспекторлары жедел іс-шаралар жүргізу барысында Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында киіктерді итпен аулап, төрт киікті ұстаған облыстың екі тұрғынын құрықтады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-24/

0
0
260