Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Қорғаныс министрлігі:«Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері шеңберінде тәжірибе алмасу

Астанада шекаралық аудандарда Қарулы Күштерді қысқарту өзара сенім шараларын нығайту жөніндегі «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдерін жүзеге асыру бойынша өңірлік тәжірибе алмасу семинарлары өтуде.

Аталған халықаралық семинарға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан мен Қытай Халық республикасы, сондай ақ Қарулы Күштер мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысуда.

Семинар Бірлескен Бақылау Тобының  29-шы сессиясында Қытай және Бірлескен Тараптар (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей  және Тәжікстан) делегациялары басшыларының шешіміне сәйкес өткізілуде.

Делегаттар екі Келісімнің инспекциялық және ескерту қызметінің сенім шараларын нығайту және Қарулы Күштер мен ҚХР Бірлескен Тараптардың  Шекара қызметінің шекара маңындағы аудандардағы бөлімдерінің өзара ынтымақтастығы жөніндегі негізгі ережелерінің орындалуын талқылауда.

«Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері бойынша шекараның екі жағында жүз шақырым қашықтықта орналасқан жеке құрамның саны, техника, қару-жарақ жөнінде әскери ақпарат алмасу қарастырылады. Бастапқы кезеңде бұл Келісімдер қазақстан шекара аудандарының Шығыс учаскесінде Ресей Федерациясымен, сондай-ақ Батыс учаскесінде Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында  тұрақтылықты сақтау факторы ролін атқарды. Аталған Келісімдер әскери инспекциялармен алмасу сияқты сенім шараларын қарастырады.

2003 – 2013 жылдар аралығында өзара 60-тан астам инспеция жүргізілді. Семинар аяқталған соң оқу инспекциясы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің бірінде өткізілетін болады.

– Бұл инспекциялар достық рәуіште өтуде. Себебі, біз жыл бойына алмасқан ақпараттар кейін тиімді инспекциялармен бекітіледі. 2000 жылдан бері бірде бір ел аталған Келісімді күтпеген оқу-жаттығулар өткізу, жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы арттыру арқылы бұзған емес, - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрліг жанындағы қару-жарақты қысқарту және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастығы полковник Амаенгелді Әубәкіров.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы «Мәскеу» және «Шанхай» Келісімдерін іске асыру үшін құрылған Бірлескен бақылау тобының төрағасы болып табылатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылғы мамыр айынның ортасында Қазақстан Қорғаныс министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Бірлескен бақылау тобының кезекті мерейтойлық 30 сессиясын өткізеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
371

«Маған негізі сенің к...ің ұнайды»

Анайылау сөз қосып рэп айтатын жастар көбейіп барады. Бұл қазір көпшілікке жаңалық та емес шығар. Бірақ осындай үрдіс белең алып жатқаны дұрыс па деген сауал туындайды. Мұны ақыл таразысына салған көзіқарақты азаматтың оған жауабы дайын. Десек те, рэпер жігіттердің, яғни «KENTTER» тобының бұған қатысты өз уәждері бар. Соны пікір қазанына тастап, қайнатуды жөн санап отырмыз.

Басынан бастап айтайық. Бізге шығармашылығын, рэп жанрына қатысты ойларын әңгімелеп берген рэпер Мади Қадырханов 1990 жылы тамыз айында дүниеге келген. Талғардың тумасы. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы – мұнайшы-механик. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс жасамайды. «Оптимистпін, кез келген нәрсенің, істің аяғы жақсы болатынына сенемін. Бір жағынан, «қуғынбайлығым» мен тентектігім тағы бар. Екінші жағынан, тәртіпке жаным жақын», – деп өзін осылай таныстырды.

mn-U1GVpTkE

Оның айтуынша, үш жігіт Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың қабырғасында оқып жүріп, 2006 жылы «KENTTER» тобын құрады. Соның бірі – Мадидің өзі. Ол рэптің өзіне тартатын «сиқырлы» күші бар дейді.

«Жан-дүниемді жаулап алған ырғақ, көкейдегі шындықты, ойымдағы қиялды жасырмай жеткізуге деген ұмтылыс… көп болды, іште алай-дүлей сезім тулап жатты. Мұндай күйге түсуіме Эминемнің әндерінің де әсері бар», – дейді.

Мади «менің, ең алдымен, рэпер болуыма себепкер болған Алла» деп ойлайды. Оның сөзінше, рэптен қанша қашса да, еріксіз осы жанрға Жаратқан жетелегендей болады да тұрады.

«Мен рэпті қойсам да, рэп мені қоймайды» деген өзімнің афоризмім де пайда болды», — дейді Мади.

)

«Қазақ тілін дамыту үшін бір тректе жүз рет боқтауға да дайынмын»

- Сіз рэпер ретінде ұлтқа қалай қызмет етесіз?

- Мен ұлтжандымын. Махамбеттей елі үшін еңіреген ерге лайық болғым келеді. Өз басым, қазақ тілін дамыту үшін бір тректе жүз рет боқтау керек болса, оны айтуға дайынмын.

- Боғауызбен тіліміз дамиды деп ойлайсыз ба?

- Ең бастысы нәтиже емес пе?! Тіл өзінің лайықты орнын алмай, мәдениет те, өзгесі де дамымайды.

- «Рэптен кеттім, рэпте қалу үшін» деген едіңіз бір сөзіңізде.  Мұны қалай түсінсек болады?

- Шығармашылыққа жаңа деммен, тың идеямен келу үшін өзіме үзіліс жарияладым. Рэп-каникулым жалғасуда. Оның себебі, қазақ-рэп бірінші кезең бойынша жетер жеріне жетті. Енді оған ақша керек. Әйтпесе, дамымай қаламыз. Ал, әзірге қазақ-рэпке ақша бөлуге дайын тұрған ұлт жанашырларын көрмей тұрмыз. Олар қазақ-рэптің тіл мәселесін реттеуде ықпалы зор құрал екенін байқамайды және байқағысы да келмейді. Сондықтан рэптен уақытша қол үзіп, ақша табуды жөн көрдім. Оған қоса тоқтамай бір жарым жыл студияда жұмыс жасадым, үйім де, көшем де сол студия болып кетті. Содан демалу, жеке өмірді де ретке келтіру керек еді. Яғни осыларды жасай алсам, қазақ-рэпті ары қарай алға суйреудің мүмкіндігі туады.

- Сіз мемлекеттік тіліміздің өрісін кеңейтуге рэптің пайдасы бар деп жатырсыз. Одан бұрын бұл жанрды біздің қоғам аса қолдай қоймайтын сияқты…

- Жаным ашиды оларға… Рэп – құбылыс, қозғалыс, сосын — өнер! Ол дегеніне жетпей тоқтамайды. Мысалға, адамдар жер сілкнісін тоқтата алмайтындығы секілді, рэпке де тосқауыл қоя алмайды. Ол өз орнын алады, өйткені біз сияқты жастар бар және олар көбейе бермек. Рэп – ол пайдалы вирус. Рэп жаман емес. Тек, жаман рэперлер мен рэперсымақтар бар.

VTrBAx-VGIg

VawU2Mxhauo

«Музам ұятсыздау…»

- «Ұнайсың» деген ән айттыңыздар. Сөзі анайылау екен…

- Оның идеясы менікі, идея болғанда да сол кездегі музаның сыйлаған шабыты десек дұрыс болар. Ал мәтін жағына келсек, әркім өзі жазды. Қайырманы мен жаздым музаның сыбырлауымен. Музам ұятсыздау екен. (Күліп алды)

- Әнді орындауда ыңғайсызданып, ұялмадыңыз ба?

- Әрине, болды. Мұқағалидың күнделігінде «өмірде өзің білесің, бірақ өлеңде алдауға болмайды» деген мағынада айтылған сөз бар. Сіздің сұрағыңызға осы жауап болады деп ойлаймын.

- Бұған бейнебаян түсіріпсіздер. «Сенің маған к…ң ұнайды» деп ән салып тұрасыздар. Сонда бейнебаянға түсуге қыздар қалай көнді, қалай келісімін берді?

- Ұсындық, келісті.

- Құдайға шүкір, қазақтың тілі – бай тіл. Әннің қайырмасын басқа сөздермен ауыстыруға болмады ма? Қазақ қыздарының ұнамды мінезі, қасиеті, сұлу келбеті…

- Иә, қыздардың ұнамды жерлері өте көп және бұл солардың бірі. Одан трагедия жасаудың қажеті жоқ, себебі, бәрі де оны біледі, қарайды, айтады. Және «көт» пен «көтеннің» айырмашылығы жер мен көктей, қазақ тілін өте жақсы білетіндерге. Орыстың «жопа» мен «попасы» секілді ғой. Ұлы сөзде ұят жоқ. Поэзияда жасыруға, алдауға болмайды.

- Бұл ән жөнінде үлкендер, туыстарыңыз не деді?

- Елу де елу пікірді ұстанды.

mwAk-IuntdE

«Оның маған көтені ұнайтын…»

- Қазақ қыздары әртүрлі, ұқсас болса да көз қаралары. Араладым да, солардың араларынан, Таптым сені, тіпті ешкімге де ұқсамайтын, — деп әндетесіз. Сүйгеніңізді таптыңыз ба? Тапсаңыз, ол сізге несімен әсер қалдырды?

- Негізі жалпыға түсінікті жалпақ тілмен айтсам, «однолюбпын», бірақ көп қыздарды ұнатып қала берем. Себебі, сұлулықты жаным жақсы көреді, мейлі сыртқы, мейлі ішкі дүние сұлулығы болсын. «Ұнайсың» трегіндегі мәтін сүйіктімнің қандай болғанын қалайтындығым образды түрде жазылған. Бірақ ол қыз бар, мен оған сырттай ғашық едім, сол себепті тректегі мәтін осы шақта жазылды. Жалпы музам солай қалады. Шынымен де маған оның көтені ұнайтын. (Күлді) Оның күлкісі маған шабыт беретін. Ол кезде шаруа көп болып, оның да, өзімнің де басымды қатырғым келмей, жақын қарым-қатынаста болмадым. Соның салдарынан бақыт құсын өз қолымнан ұшырдым десем де болады. Бұл жайлы ешкім білмейтін, сіз бірінші болып біліп отырсыз, эксклюзив! Жалпы көбі «басың бос па» деп сұраса, «жоқ» деп, біраз пауза ұстап «ол жерде ми бар ғой» деп күліп, жауап беретінмін. Қысқасы, бойдақпын... (сұхбаттың жалғасы мына жерде)

Продолжение - пройдите по ссылке - http://qaznews.kz/madi-kadyrxanov-reper-kazak-damytu-ushin-bir-repte-zhuz-ret-boktau-kerek-bolsa-ogan-dajynmyn.html

0
0
1811

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды.

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж.
Орал полицейлері 350-ден астам қару-жарақты жойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция «КазАрмаӨнеркәсіп» АҚ-та өтті. Қару-жарақ бұрынғысынша арматура зауытының балқыту пештеріне салынады. Онда полицейлер полиэтилен мөшектерге салып аңшылық қарулар, шолақ мылтықтар және газ тапаншалар әкеледі.   

Пешке 328 тегіс оқпанды мылтық, 7 шолақ мылтық, 17 газ тапанша мен револьвер және 2 электрошокер салынды.

2013 жылы ерікті түрде қару тапсырған облыс азаматтарына 12 млн теңге бөлінді. Халықтан қару-жарақты сатып алу акциясы биыл да жалғасын табады. Бұл мақсатқа 13 млн теңге қарастырылған.

0
0
249

Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде.

69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер жалпы көлемі 298 келі (132+166) салмақты бағындырып, жастар арасында үздік атанды. Тағы бір отандасымыз 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Әділбек Балхаев 269 келі (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да Қазақстан құрамасының балғын спортшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Селімхан Әбубәкіров 350 келі (160+190) көрсеткішімен 94 келіден жоғары салмақ спортшылары арасында чемпион атағын жеңіп алды. 69 келі салмақта күш сынасқан Михаил Макеев болса, ирандық Киануш Багерикордасуябидан сәл ғана қалыс қалып, 2-орынға табан тіреді. Қазақстандық 271 келіні (122+149) бағындырса, ирандық спортшы 274 келіні (121+153) басынан асыра көтерді. Тимур Хасаров (56 келі) бұл чемпионатта жетінші (98+120=218 келі) орынды қанағат тұтты.

 
Басты сөздер: Спорт
 
0
0
426

ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.

Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.

Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
264

«Қайраттың» қарсыласы анықталды

Шағын футболдан УЕФА Кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы «Hilton» қонақ үйінде болған жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» УЕФА Кубогының жартылай финалында Мәскеудің «Динамо» командасымен кездеседі. Ал, екінші жұпта әзірбайжандық «Араз» клубы мен испандық «Барселона» командалары ойнайтын болады.

«Қайрат» пен «Динамо» арасындағы жартылай финалдық кездесу 24 сәуір күні 15:30-да өтетін болса, алаң иесі «Араз» бен «Барселона» арасындағы ойын дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады.

Ал, үшінші орын үшін өтетін кездесулер 25 сәуір күні болса, финалдық кездесу 26 сәуір күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл ойындардың нақты уақыты әлі белгіленбеген.

Айта кетейік, шағын футболдан кәрі құрлықтың ең беделді турнирі болып саналатын УЕФА Кубогын былтыр алматылық «Қайрат» жеңіп алған болатын. Сондықтан да, жанкүйерлер бұл жолы да «Қайрат» Кубокты Қазақстанға алып келеді деп сенуде.

Тағы бір ескере кететін жайт, былтыр «Қайрат» бұл Кубокты жеңіп алғаннан бастап осы уақытқа дейін ресми кездесулерде де жолдастық кездесулерде де жеңілмеген.

 
0
0
243

Үш балуанымыз үздік ондықтың қатарында

Халықаралық күрес ассоциациясы (ФИЛА) еркін күрес балуандарының жаңа рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстанның үш балуаны үздік ондықтың қатарына енген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа тізімді ФИЛА балуандардың ақпан айында көрсеткен өнерлеріне байланысты жасаған. Тізімде қазақстандық балуандардың ішінде ең жоғары көрсеткішті 57 келіде белдесетін Руслан Қалиев көрсетіп тұр. Жыл сайын Иран жерінде өтетін «Тахти Кубогі» деп аталатын турнирде екінші орын алған Руслан тізімнің алтыншы сатысына орналасқан. Бұл салмақта ирандық балуан Хасан Рахими бірінші орында тұр. Екінші орында үндістандық Амит Кумар болса, үздік үштікті ресейлік Нариман Исрапилов түйіндеп тұр.

61 келі салмақта отандасымыз, «Тахти Кубогінде» топ жарған Дәулет Ниязбеков тізімнің жетінші сатысанан орын алыпты. Бұл салмақта бірінші және екінші орынды ресейлік балуандар Бекхан Гойгереев пен Джамал Отарсұлтан бөлісіп тұрса, үшінші орынға әзірбайжандық спортшы Гаджи Әлиев тұрақтапты.

Сол «Тахти Кубогінде» 65 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды қанжығасына байлаған Дәурен Жұмағазиев тізімнің он төртінші сатысында. Түркиялық Якуп Гор бұл салмақта тізімнің бірінші сатысына жайғасыпты. Ал, ирандық Реймен Иарахмади мен ресейлік Израиль Касумов екінші және үшінші орында.

Лондон Олимпиадасында 74 келі салмақта қола медальді еншілеген Ақжүрек Таңатаров та бұл тізімге енген екен. Олимпиада ойындарынан кейін біршама уақыт үзіліс жасап, спортқа қайта келген Ақжүрек рейтингтің он бесінші сатысына жайғасыпты. Ақжүректің салмағында бірінші орын АҚШ балуаны Иордания Берроуздың еншісінде. Екінші орында ирандық Ессадоллах Акбари. Үшінші орынға өзбекстандық Рашид Құрбанов табан тіреп тұр.

97 келіде белдесетін Алихан Жұмаев тізімде жиырмасыншы орнына іліккен. Бұл салмақтың көшін ирандық Реза Яздани, әзірбайжандық Хетаг Газумов, украиналық Павел Олейник бастап тұр.

Ал, аса ауыр салмақта (125 келі) «Тахти Кубогінде» екінші орын алған Дәулет Шабанбай 9 орында. «Түйе» балуандардың арасындағы мықтылардың тізімінде ресейлік Хаджмурад Гацалов, украин Ален Засеев, түрік Таха Акгуль бар.

 
0
0
504

«Еуразия барысы» Еуропада өтуі мүмкін

Былтыр қараша айында қазақ күресінен Жамбыл облысында мәресіне халықаралық «Еуразия барысы» турнирін өткізуге сұраныс білдіріп отырған елдер көп деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевқа сілтеме жасап.

«Еуразия барысы» турнирін бірінші рет өткізгеннен кейін біз үшін таңсық болды. Осыдан кейін қазақ күресіне қызығушылық білдірген басқа мемлекеттер өте көп болды. Мысалы, Ресей, Польша секілді елдерде қазақ күресінің федерациясы ашылып жатыр. Осы тәжірибені жалғастыра отырып, біраз шараны қолға алсақ дейміз», — деді Арман Шораев.

Қазақ күресін дамытуға қатысты көптеген жұмыстар жасалып жатқандығынан Арман Шораев мысал келтірді. Мәселен, биыл Түркияда өтетін халықаралық сайыс бағдарламасына қазақ күресі еніп отыр екен.

«Халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған турнирді өткізуге ықылыс білдірген елдер бар. Мысалы, Венгрия астанасы Будапешт қаласында «Еуразия барысын» өткізу туралы ұсыныс түсті. Біз оларды толығымен қолдаймыз», — деді Арман Шораев.

 
0
0
706

Отандық телехикаялардың бүгіңі

Осы кезге дейін отандық телеарналарда түрік пен кәріс телехикаялары көрермендерге ұсынылып келген болатын. Әлдеқашан олардың пайдасы мен зияны толық зерттелді.Өткен жылдың қараша айында: «Қазақстан аумағында шетел сериалдарын мемлекеттік телеарналар эфирлерінде көрсету тоқтатылды» - деп Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді. Алдағы уақытта шетелдік телехикаяларды отандық өнім баса ала ма?

Бұл хабарға біреу қуанса,біреу қарсы пікір білдірді. Соңғы он жыл ішінде қазақстандықтардың жүрегін бразилия, мексика, түрік, кәріс сериалдары жаулап үлгерген.Олардың  ішінде: “Сүлейман сұлтан”, “Келін”,“Күзгі жапырақтар”,“Жігіттің сарбаздары F4”, “Менің сүйікті ханшайымым” және т.б. Бұл телехикаялар негізінен үй шаруасындағы келіншектермен және зейнеттегі апалардың уақыт өткізуіне арналған. Алайда біздің елімізде аталмыш картиналар тұтас елді өзіне қаратты десек артық емес. Сонымен қатар, шетелдік телехикаялар халықтың санасын улатуды жалғастыруда. Психология ғылымының кандидаты Анар Алиақпаровнаның ойынша:

- Шынайы өмірде үйде отырған апалардың, келіншектердің ішкі әңгімелесетін адамы жоқ. Барлығы жұмысқа асығып кетеді, ал зейнеттегі апа біреумен сөйлесу керек,сол себептен де уақыт өткізу үшін телехикаялар көруге мәжбүр.Бұл бір психикалық ауытқушулық. Мүмкін, бұл телехикаялар болмаса, бір жаман қылықтарға баратын еді. Сондай-ақ, бұл үлкен психикалық терапия. Адамдар телехикаялар көргенде, тіпті еркектер де көзіне жас алып, эмоция мен әсер алады.Осындай психикалық терапия өте пайдалы.

Десек те, телехикая көрудің тиімді жақтары да бар.Дегенмен, бұл психатерапияны қазақ кейіпкерлері жасаған дұрыс. Рейтингтың артынан қуған телеарналар, шет елден шыққан сериялдарды аударып, халыққа ұсынуда. Ол әрине қиын емес. Бірақ, оларды сатып алуға және трансляциялауға көп шығын шығарылады. Егер уәде етілген реформа қабылданып, отандық телехикаялардың саны мен сапасы көбейсе, бір оқпен бірнеше қоян атамыз.

Сценарист, әрі тележүргізуші Марат Оралғазинның пікірінше:

- Отандық телехикаялардың саны көбейсе, біраз уақыт өте келе сапасы да артар. Бізде шыны керек, режиссер мен сценаристерге үлкен дефицит. Егер қазір Қазақстанда телехикаялар түсіріле берсе, бәсекелестік пен таңдау пайда болады. Мейлі, біреуі жақсы болар, біреуі нашар болар. Дегенмен, біраз уақыттан кейін олар жақсы деңгейге жетеді деген сенімдемін.

Казіргі таңда жақсы отандық телехикаялар мүлде жоқ деп айтуға болмас, бірақ олардың әлі де деңгейін көтеру қажет. Соңғы шыққандардың ішінен  отбасылық көрсетілімге арналған “Базарбаевтар”, “Домашние войны”, “Бажалар”, студенттік ғұмырды бейнелейтін “Вузеры” немесе романтика мен күлкіге толы “Тракторшының махабаты” көптеген көрермендердің көңілінен шықты. Алайда, біреуінде актерлік шеберлік жетіспесе, екіншісінің жарнамасы көп.

31-ші телеарнаның журналисті Мақсат Толықбайдың ойынша:

- Телеарналар сетканы толтыру үшін, отандық сериялды қоюға мәжбүр болды. Түрік пен кәріс сериялардың алып тастағаны дұрыс, бірақ біздің телехикаяларды ойнайтын сол 4-5 актер бәрі бір типаж немесе әнші актерлер қаптап кетті. Оларды рейтинг үшін шақырады. Басқа да талантты актер мен актрисаларды іздеу керек. Бұрында көркемдік кеңес деген болатын, кәзір бар шығар, бірақ керемет деңгейде емес. Сол жағын қарастыру керек деп ойлаймын.

Қорытындылай келе, отандық телеөнім бәсекелестік танытып, деңгейін көтеру үшін келесі проблемаларды жою қажет.Біріншіден, көркемдік кеңес қажет. Екіншіден, бәсекеге қабілетті сценаристер мен режиссерлер көп болу қажет. Үшіншіден, продюссерлер актерлерді жан-жақтан іздеген дұрыс.Ал, актерлердің өзі өз мамандықтарына немқұрайды қарап, актерлік білімі болған жөн. Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың актері Еркебұлан Дайыровтың пікірінше:
-Профессионалды театрдың актері, ол әрқашан актер болып қалады.“Театрдың актері, ол киноға жарамайды”- деген ұғым, ол өте теріс, мен онымен келіспеймін.Себебі, нағыз актер ол кез келген рөлді сомдай алады.

Аталмыш себептер жойылған кезде, проблема шешіледі. Әр ұлт мейлінше, өз салт-дәстүрін, өз мемлекетінде дәріптегені жөн. Ал біз, көрермен ретінде отбасымен кешкі ас үстінде көретін туынды көрсек деген тілек білдіреміз.

 
1
0
1107

ҚР Қорғаныс министрлігі:Талдықорған гарнизонында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысымен танысу мақсатында Талдықорған гарнизонындағы жұмысын бастады.

Талдықорған гарнизонында Аэроұтқыр әскерлерінің десантшылар бөлімі мен авиациялық әскери бөлім шоғырланған. Жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен ерекшеленген десантшылар бөлімінің жеке құрамы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамына кіреді. Бригаданың жеке құрамы толықтай келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған. Жеке құрам заманауи қару жарақ және әскери техникамен жарақтанған және ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының кез келген тапсырмасын орындауға әзір. Әскери ұшқыштар еліміздің әуе кеңістігін қорғауда жауынгерлік кезекшілікті лайықты атқарып келеді.

Топ жетекшісі – Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов бастаған ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері әскери бөлімдерде болып, тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыс жағдайымен танысты.

Полковник Мухамеджан Таласов Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқановпен кездесіп, әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлерімен, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен кездесті. Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері қаладағы әскери-техникалық мектепте болып, курсанттарға Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Гарнизонның жеке құрамы алдында сөз сөйлеген полковник Мухамеджан Таласов:
– Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Мәңгілік ел» Жаңа Қазақстандық Патриотизмінің идеялық негізін нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Президент Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұрудың әлдеқайда қиын екенін, өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергені әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық екенін атап өтті. Біз осылардан сабақ ала отырып, Тәуелсіздіктің негізі – бірлік пен патриотизм екенін түсінуіміз керек, – деді.

ҚР ҚК Орталық әскери оркестрі облыс орталығындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қала тұрғындарына арнап концерт берді.

ҚР Қорғаныс министрлігі ақпараттық-насихаттау тобының келесі жұмысы Сарыөзек, Қапшағай гарнизондарында жалғасады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
488