Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кәсіпқой маман – Армия негізі»: Аэроұтқыр әскерлерінде командирлердің жиыны өтуде

Бүгін Іле полигонында (Алматы облысы) ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің батальон командирлері мен штаб бастықтарының онкүндік жиыны басталды.

Жиын мақсаты - офицерлердің теориялық дайындығын жүргізу және негізгі оқу пәндері бойынша қатысушыларды басшылық құжаттардың талаптарымен таныстыру.

- Бұл сабақтар ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің ұдайы жауынгерлік әзірлігін қолдауға көмектеседі. Осындай жиындардың арқасында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін білікті және сенімді орындау үшін кәсіби даярлықтарын жетілдіретінін ерекше атап өткен жөн, - дейді жиын басшысы полковник Владимир Мариич.

Іс-шараның қорытындысы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтары жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз ету қамтамасыз ету бойынша сынақтар тапсырып, олардың арасындағы жиынды табысты аяқтаған әскери қызметшілердің үздіктері айқындалатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
313

Осы тақырып бойынша

«Кәсіпқой маман – Армия негізі»: Аэроұтқыр әскерлерінде командирлердің жиыны өтуде - Yvision.kz