Жаңа
Астанада Наурызды мерекелеу күндері көлік қозғалысында шектеулер енгізіледі.
Астанада Наурызды мерекелеу күндері көлік қозғалысында шектеулер енгізіледі. «ҚазАқпарат», 18.03.2014ж.
Астанада Наурызды мерекелеу күндері қоғамдық көлік қозғалысының кестесі өзгереді. Бұл туралы бүгін ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты. 21 наурызда Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесін жабу кезінде 3, 4, 14, 19, 21, 32 и 40 нөмірлі қоғамдық көлік бағдарлары Қошқарбаев даңғылы - Обаған көшесі - Нәжімеденов көшесі бойынша айналып жүретін болады.
Оның айтуынша, мерекелік шаралар өтетін бұл аумақта қозғалыс мүлдем тоқтатылып, техникалық көліктерге және қоғамдық көліктерге кіруге ғана рұқсат етіледі.
Сонымен қатар «Хазірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына баратындар үшін сағат 11:30-дан 15:00 аралығында жоғарыда аталған бағдарларға қосымша автобустар ұйымдастырылмақ.
С. Жүсіпбековтың сөзіне қарағанда, бүгіннен бастап мерекелік шаралар өтетін Тәуелсіздік даңғылында дайындық шаралары өтіп жатыр. Бұл тұрғыда осы көшелерде көлік қозғалысына өзгертулер енгізілді. Осыған байланысты ол жолдардағы шектеулерге орай жеке автокөлік иелерін аталған жерлерден жүру бағдарын алдын ала қарастыруды сұрады.
Өз өмірің өз қолыңда
Бүгінде ел ішінде белең алып тұрған мәселелер көп. Солардың бірі — суицид. Суицид — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Әлемде жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді екен. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Өз өмірін қиюшылардың 8 мыңға жуығы — қазақстандықтар.
Иә, Қазақстанда өз-өзіне қол салушылардың саны өте көп. Тіпті, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) берген дерегіне сүйенсек өзін-өзі өлтіру көрсеткіші жөнінен әлемде Литвия мен Оңтүстік Кореядан кейін үшінші орындамыз. Ал егер үшінші орынға көңіліңіз көншімесе өз-өзін өлімге қиған әйелдер жағынан бірінші орында келеміз. Нәзік жандылардың осынша өмірден безіп, өлімге бекінуіне нендей себеп?! Өз-өзін өлімге қиюға себепші болатын қаржылық қиындық, қорқыныш, үрей, махаббат тәлкегі — мұның бәрі өткінші сезім. Статистикаға сүйенетін болсақ, ел ішінде адам өлтіргендерге қарағанда өзін-өзі о дүниеге аттандырғандардың саны әлдеқайда көп. Жалпы, өзін-өзі өлтірушілердің басым көпшілігі — жастар. Еліміздің болашағы жастар десек, жастарымыздың осындай қадамға баруына түрткі болар жағдай не?! Соңғы кездері теледидардан «өз-өзіне қол салыпты» деген сөздерді естісек, таңқалмайтын да болдық. Өрімдей жастардың осылайша жан тапсырғанын шыбын өлген құрлы көрмей кеттік. Елімізде 2009 жылы 260 жасөспірім суицид жасаса, 2012 жылы 200-ге жуық кәмелет жасына толмағандар өз-өзіне қол салған екен. Бүгінгі күнде де өз еркімен ақтық сапарға аттанғандардың саны толастар емес.
Сонымен қатар, шариғат заңдары да өз-өзіне қол салуға қарсы. Құранда «Егер кісі өзін өлтіру үшін нені қолданса, Қиямет күні сонымен азапталады» деп баяндалған. Бұл — суицид жасауға бекінгендердің өз өмірімен қоштасса да, о дүниеде жаны тыныштық таппайтындығының дәләлі. Жаратушымыз — Алла Тағала, сондықтан біздің өз-өзімізге үкім шығаруымызға құқымыз жоқ. Бақара сүресінің 195-аятында Алла: «…Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар…» деп әмір етіпті. «Өз-өзін өлім жазасына кесу» — Ислам дінінде Аллаға ширк қосудан кейін екінші ауыр күнә. Ислам дінімен қатар, Христиан діні мен Иудаизм да өзін-өзі мерт қылуға қарсы.
Бүгінде халық қалаулылары суицид мәселесін күн тәртібінде алғашқы орындарға қойып, жіті қарауда. Қарамағанда ше, бұл тажал жасөспірімдердің балдай тәтті өмірін бұзып, жағаға жармасып жатыр. Күн санап көбейіп жатқан осы жан түршігерлік оқиғалардың да соңына нүкте қойылар деген үміттеміз.
Алтынайұлы Қарасай батыр, Алтынайулы Карасай батыр, Altinaiuli Karasai batyr, «В памяти предкам», «Культурное наследие»
Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы
В степи истории, прошлых лет,
Родился, сильный человек.
Освоил жизни, он секрет,
Прославил свой, прожитый век.
Он сын, из рода Шапырашты,
Он умный, храбрый с юных лет.
Он воплотил, свои мечты,
Он знал борьбы, большой секрет,
В семнадцать лет, он воевал,
Топографом – стратегом был.
Он силы, знаний отдавал,
За свой народ, в заботе жил.
На джузы, роды не делил,
Он уважал и всех любил.
В единстве он с народом жил,
И для народа, светом был.
В Джунгарской битве, побеждал,
От иго, степь освобождал,
Он силы, от народа брал.
В бой с кличем шел и побеждал,
Молитву, в памяти прочтем,
Найдем, мы нужные слова.
Здесь, покровительства найдем,
Ведь память, все еще жива.
Народ, приходит к вам всегда,
Да будет, вечная хвала.
Пусть будет пухом, Вам земля,
Покой Вам, Карасай ата.
ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері жауынгерлік машықтарын жетілдіруде
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері ұшақтан жоспарлы парашютпен секіру жаттығуларын орындауда. Әскери десантшылар 2014 жылғы Әскерлердің жауынгерлік даярлық жоспары аясында әскери-көлік авиациялық техникасынан секіру сынды қабілеттерін жетілдіруде.
Әскери-әуе даярлығының басты мақсаты жеке құрамның тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы кез келген аймаққа орналастыру болып табылады.
Парашютпен жерге секірмес бұрын әскери қызметшілер мұқият даярлықтан өтеді, десанштылармен нұсқаулық сабақтары жүргізіледі, олар офицерлерге сынақ тапсырады және жақсы жабдықталған әртүрлі әуе-десант кешендеріндегі тренажерлерінде жерге қауіпсіз қону бойынша арнайы жаттығулар жүргізілетінін атап өткен жөн.
- Нағыз десантшы парашют жүйесінің материалдық бөлімін, оны басқара білуді, дәлме-дәл секіре алуы тиіс. Бұл қабілет жетік дамытылғанға дейін қайталанады. Осы тәсілдерді үздік орындап шыққандар ғана әуеден парашютпен секіруге жіберіледі, - деді өз кезегінде әуе-десанттық даярлықтың нұсқаушысы Саят Тәбиев.
Жаттығулар сәтті өтті, барлық десантшылар қойлыған тапсырмаларды ойдағыдай орындады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
БАҚ-қа ақпарат
ҚР күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары арасында самбо күресінен өтетін «Динамо» ДШСҚ ҚБ-ның 3 жазғы салалық ашық спартакиадасына дайындық аясында 2014 жылғы 12-14 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында ІІО күзет қызметі бөліністерінің құрама командалары арасында самбо күресінен іріктеу спартакиадасының жеңімпаздары анықталды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98
Колледж студенттері тау-атқыштар бригадасында болып қайтты
Жамбыл қазақ-түрік есепке алу-экономикалық колледжінің бірінші курс студенттері подполковник Куанышбек Үштаев басшылық ететін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау-атқыштар бригадасын аралап қайтты.
Қонақтарды бригададағы тәрбие құрылымының өкілі жастармен жұмыс жөніндегі офицері капитан Бекболат Жандарбеков қарсы алып, ертіп жүрді. Студенттерді бригада тарихы, оның қызметі мен міндеттері, сондай-ақ күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар етті.
Айта кетерлігі, тау-атқыштар бригадасы жүз пайызға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілерден тұрады. Сондықтан саяхат барысында жеткіншектер үйреншікті фильмдерден көретін казармаларды көрген жоқ. Қазіргі келісімшарт бойынша қабылданған сарбаздар қызмет аяқталған соң өз отбасына қайтады.
Тау-атқыштар бригадасының тағы бір ерекшелігі – осы жылдан бастап бұл бригада өзге құралымдардың қатарында біржылдық цикл аясында оқудың жаңа әдісін енгізуде.
Көптеген студенттер үшін бұл алғашқы саяхат. Студенттерге көп нәрсе таңсық: бақылау-өткізу пункті, сапқа тұру алаңы, қарумен танысу. Жаттығу залында қонақтар жауынгерлік машиналарды айдау қабілетін жетілдіретін тренажер жұмысының қағидаттарымен танысты.
Әсіресе, мотоатқыштар ротасының командирі лейтенант Ержан Мырзатаевтың басшылығымен ұйымдастырылған кішігірім қару-жарақ көрмесі жеткіншектердің көңілдерінен шықты. Калашников автоматтарының әр түрлі модификациялары, қолдан жасалған танкіге қарсы гранатометтер сияқты басқа да қарулар балалардың қызығушылықтарын тудырды.
- Әскери бөлімге келген бір күн әскери даярлық бойынша өтетін теориялық сабақтардан әлдеқайда маңызды, - деді оқытушы-ұйымдастырушы – колледждің әскери даярлығының бастығы майор Мұхтар Ниязов. – Тау-атқыштар бригадасынан қайтқан соң студенттер колледжде өтетін әскери даярлық пәнінің тақырыптары түсініктірек болатынына сенімдімін.
Мұндай іс-шаралардың өтуі әскерилер үшін де, оқытушылар үшін де маңызды. Өскелең ұрпақ әскери-патриоттық тәрбие осылай жүргізіледі және жеткіншектер нағыз Отан қорғаушылардың қызметі мен тұрмыс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие болады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 13 наурызында ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының прокуратурасы мен полициясының қызметкерлері бірлесіп, балық қорғау шараларын өткізді.