Мазмұнға өту

Жаңа

Плей-оффтың екінші айналымына «Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 19 наурызда Гагарин кубогын сарапқа салатын плей-оффтың екінші айналымына билеттер сатыла бастайды, деп хабарлады «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметінен.

Плей-оффтың екінші айналымының бірінші ойындары Астанада 21-22 наурызда өтеді. Қазақстандық клубтың қарсыласы ертең,  18 наурызда  уфалық «Салават Юлаев» пен Төменгі Новгородтан «Торпедо» арасындағы шешуші ойында анықталмақ (3:3 есебімен).

19 наурызда абонемент иелеріне ғана билеттер сатылады — олар өздеріне ыңғайлы орынды таңдай алады. 20 наурызда билеттер жаппай сатылымға түседі.

Билеттер құны: 2, 3, 4, 7, 8, 9-секторларда — 2000 теңге; 1, 5, 6, 10-секторларда — 3000 теңге.  Кассаның жұмыс режімі: 11:00-ден 20:00-ге дейін (үзіліс 14:00-ден 15:00-ге дейін). «Барыс» ХК сайтында онлайн билеттер сатылады.

Еске сала кетейік, биылғы жылы «Барыс» өз тарихында алғаш рет Екатеринбургтен келген «Автомобилисті» жеңіп, Гагарин кубогына плей-оффтың екінші айналымына шығып отыр.

 
Басты сөздер: Астана , Спорт
 
0
0
278

«Барыс» «Ақ Барспен» кездеспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде новосібірлік «Сібір» командасы қазандық «Ақ Барстан» басым түсіп, келесі кезеңге шықты. Екі команда арасындағы алтыншы ойында «Сібір» хоккейшілері 3:2 (0:0, 0:2, 2:0) есебімен овертаймда жеңіске жетті, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Бұл «Сібір» командасының төртінші жеңісі болды. Олар қазандық хоккейшілерден серияда 4:2 есебімен басым түсіп, плей-офф кезеңінің екінші айналымына алғаш рет жолдама алды.
Айта кетейік, «Ақ Барыс» екінші айналымда «Барысқа» қарсылас атануы мүмкін еді. Енді қазақстандық клуб тек Нижний Новгород қаласының «Торпедосымен» немесе уфалық «Салават Юлаев» командасымен кездеседі. Әзірге серияда 3:2 есебімен уфалық хоккейшілер алда келеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында Екатеринбург қаласының «Автомобилист» командасын 4:0 есебімен ұтқан.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
327

AIBA-ның рекорды мен жетістігі

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) сәуір айында Софияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына тіркелу уақытының аяқталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

AIBA-ның ресми сайты алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызы зор және рекордты болатындығын мәлімдеуге қуанышты екендіктерін де ілтипатпен жазған. Біріншіден, Софиядағы (Болгариядағы) әлем чемпионаты тамыз айында Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жалғыз ғана іріктеу сыны болатындығы алға тартылған.

Екіншіден, қазірдің өзінде 105 елден 606 боксшы (506 бозбала және 100 бойжеткен) тіркелгендігін баса көрсеткен. Сондай-ақ, әр түрлі жағдайларға байланысты тағы да 175 боксшының қосалқы тізімде тұрғандығын да баяндаған.

Сонда 10-25 сәуір аралығында Болгарияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 781 боксшы қатысуы мүмкін екен. Ал 2012 жылы Ереванда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 69 мемлекеттен 367 боксшы қатысқан. Әрі өткен әлем біріншілігі тек бозбалалар арасында ұйымдастырылған.

Биылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ерекшелігі сол, София шаршы алаңында қыздар да жұдырықтаспақ. Осы ретте, биыл қыздар боксы алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіліп отырғандығын айта кетуге тиіспіз. Әзірше тек үш салмақта: ең жеңіл (48-51 келі), жеңіл (57-60 келі) және орта (69-75).

Осыған орай, Софиядағы әлем чемпионатында қыздар үш салмақта бақ сынап, Нанкин Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салады. Ал Болгариядағы әлем біріншілігіне 47 мемлекеттен 100 боксшы қыз тіркелген. Бозбалалардың нақты саны – 103 елден 506 боксшы.

– AIBA басшысы ретінде және жалпы бокс қауымдастығы атынан мен бұл сандарға (әлем чемпионатына қатысатын боксшылар саны) шектен тыс қуаныштымын. Өйткені бұл сандар біздің сүйікті спортымыздың қарқынды түрде дамып келе жатқандығын білдіреді. Әрі AIBA жүргізген реформа мен өзгерістердің жемісі болып табылады. Бұл – жас ұрпақтың біздің спортымызда өнер көрсетуді армандайтындығының айғағы. Олар AIBA-ның өздеріне қызықты мүмкіндіктер тудыратындығын біледі. Олар – бокстың болашақтары. Мен олардың София шаршы алаңында бәсекеге түскендерін көруге асықпын, – депті AIBA президенті, доктор Чинг-Куо Ву.

Бұдан әрі AIBA өздерінің «Арманға жол» деген тың бағдарламалары жайлы тәптіштеп жазған. Бұл бағдарламаның аясында жағдайлары жұпыны және дамушы елдердің боксшылары мен бапкерлері әлем чемпионаттары сияқты AIBA-ның дүбірлі додаларына екі апта бойы жаттығу базаларында дайындала алатындықтары жазылған.

Бұл ретте AIBA әрбір боксшыға (бапкерге) авиабилетер, жатын орын, тамақ пен сусын, жаттығу орталықтарын барлық жабдықтарымен, оқу кешендерін, бокс қолғаптары мен бас киімдерді – бәрін тегін ұсынып, сақтандыру полистері мен визаларының шығындарын да өз мойындарына алып, жаттығу жиынын өткізетін елде көлікпен тасымалдауды да жүзеге асыратындықтарын тізіп өткен.

Мысалы, осы жолы Софияда «Арманға жол» (немесе «Софияға жол») бағдарламасы аясында жаттығу жұмыстары 29 наурызда басталып, оған 31 мемлекеттен 60 жас боксшы (48 бозбала және 12 бойжеткен) қатысады екен.

Тектес:Бокс
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Бокс  
 
0
0
540

Халыққа қызмет оңтайландырылуда!

Еліміздің аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 6-шы қыркүйегінде «ХҚКО» шаруашылық құқық жүргізудегі РМК-ны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау туралы регламенті» бекітілді.

Аталған регламент негізінде «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық және аудандық бөлімдерінде облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар басқармасы мен облыстық мүгедектерімен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігімен жасалған үш жақты меморандум негізінде шақар тұрғындарына үстіміздегі жылдың 1-ші қазанынан бастап мемлекеттік қызмет көрсетіле бастады.

Аталмыш жоба негізінде облысымыздың 1 және 2 топтағы мүгедек азаматтары «1414» телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) Бірыңғай байланыс-орталығына хабарласып мемлекеттік қызмет түрлері бойынша сапалы кеңес алу мен мемлекеттік қызметті пайдалану туралы тапсырыс бере алады.

1
0
456

«ХҚКО» жұмыстары жандануда!

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Қызметі бойынша департамент директорының 12 қараша 2013 жылығы №448 бұйрығы негізінде «ХҚКО-ы» 4 мемлекеттік қызмет түрін ақылы түрде көрсетеді.

Қызмет көрсету негізгі мақсатын тұтынуылардың уақытын үнемдеу болыптабылады. Тұынушы «ХҚКО-ның» қызметкеріне сенім хат беру негізінде барлық қызметерді орталық қызметкері дайарлайды. Тұтынушыға дайын құжатты ұсынатын болады.

Жоғарыда көрсектілген бұйрық нагізінеде төмендегі қызмет түрлері көрсетіледі:

  1. Жаңа соғылған обьектіге қабылдау актісін дайындау;
  2. Заңды тұлғаның тоқтатылуын тіркеу;
  3. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын (дубликат) беру;
  4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін беру.

Аталмыш қызметтер бойынша сұрақтарыныңз болса төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласа аласыз. Абай даңғылы 232 үй. Нұржан Алімбекке 8777 507 95 22, 56-90-04

1
0
579

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Ақтау және Атырау гарнизондарындағы әскери бөлімдерді тексерді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Ақтау және Атырау гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерді жоспарлы тексеру жүргізді.

Жұмыс барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының кешенді комиссиясы бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің, қару-жарағы мен әскери техникасының, оқу-материалдық базасының, жасақталуының жай-күйін, жеке құрамның жауынгерлік машықтануын тексерді. Әскерлер қызметіне, әуе кеңістігін күзету бойынша жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы мен атқарылуына ерекше назар аударылды. Мұнда жойғыш авиация, зениттік зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелер еліміз әуе кеңістігінің күзетін қамтамасыз етуде. Басқолбасшы салынып жатқан инфрақұрылым нысандарындағы жұмыстың барысымен, авиация базасы штабының және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы басқа да әскери объектілерінің құрылысымен танысты.

Сондай-ақ комиссия мүшелері әрбір бөлімде болып, жеке құрам қызметінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты және тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен командирлердің құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, моральдық-психологиялық ахуалды бағалады.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің шалғайдағы әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асырудан шет қалмай отырғанын атап өткен жөн. Жұмыс сапары барысында Ақтау және Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінде «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың негізгі ережелерін жеткізу және түсіндіру ұйымдастырылды.

Жұмыс соңында авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып өтті.

Жұмыс қорытындысы бойынша ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Ақтау және Атырау гарнизондары әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет пен жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруына оң баға берді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
878